Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларда жүзеге асатын маңызды жобалардың құрылыс жұмыстары мен алдағы жоспары сала мамандарының тұрақты бақылауында, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы және өзге де мәселелер бүгін облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбековтің төрағалығымен өткен мәжілісте қайта қаралды. Мәжіліске Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбеков, Түркістан облысы өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Қанат Шонбасов және сала басшылары мен мамандар қатысып, биыл жүзеге асыру көзделген 121 іс-шараның құрылыс жұмыстарын оның ішінде түйткілді 14 жобаның ағымдағы жағдайын пысықтады. Күн тәртібінде өңірдің экономикалық өсім жағдайы, «Ауыл аманаты» ұлттық жобасы аясында берілетін несие, инвестициялық жобалар мен индустриалды аймақ құрылыстары, жер…
Автор: Лейла Болтаева
Түркістан облысы негізгі капиталға инвестиция тарту бойынша өңірлер арасында көш бастап тұр. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Маңызды жиында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халыққа Жолдауында берілген экономикаға инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері сөз болды. Сонымен бірге министрліктер мен әкімдіктердің өңірлердегі инвестиция көлемін және инвестициялық жобаларды іске қосу қарқынын үдете түсу жұмыстарының тиімділігін арттыруға назар аударылды. ҚР ҰЭМ деректері бойынша биылғы 9 айда негізгі капиталға салынған инвестицияның (НКИ) жалпы көлемі 13,8 трлн теңгені құраған, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда…
Түркістан облысында елді мекендерді газбен қамту жұмысы өте қарқынды. Солардың бірі Жетісай ауданындағы Ж.Ералиев ауылдық округінің 2055 адам тұратын С.Сейфуллин елді мекенінің тұрғындары «25 қазан – Республика күні» аясында көгілдір отынға қосылды, деп жазады Ertenmedia.kz. 2024-2025 жылдары республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен жалпы сметалық құны 414 млн. 443 мың теңгені құрайтын нысанның құрылыс жұмыстарын «РемСтрой» ЖШС өндірістік кестеге сай жүргізген. Енді ұзындығы 21,7 шақырымды құрайтын газ құбырынан 269 үй көгілдір отын пайдаланатын болады. Елді мекен тұрғындарының қуанышын бөлісуге Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен «QazaqGazAimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалының директоры Ақылбек Абилдиев, аудандық мәслихат депутаты Олжас Қаныбеков пен жауапты сала…
Республика күні қарсаңында Түркістан облысы, Сауран ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» жобасы аясында №5 жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылуы өтті. Жаңа білім ордасы 600 оқушыға арналған, деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, елді Республика күнімен құттықтады. – Баршаңызды жаңа білім ордасының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін міне, терең тарихымен, еңбекқор халқымен ерекшеленетін Сауран ауданында «Келешек мектептері» жобасы аясында 3-ші білім ұясы іске қосылуда. Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың «Әрбір оқушының білім алып, жан‑жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс» делінген тапсырмасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асты. Бұл…
Республика күні Түркістан қаласында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамытуға арналған жаңа Өнер орталығы ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты ашылу шарасына Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Қала басшысы тұрғындарды жаңа Өнер орталығының ашылуымен құттықтап, жаңа нысанның жас ұрпақтың шығармашылығын дамытуына, өнер мен білімге деген қызығушылығын арттыруға серпін беретін маңызды мәдени кеңістік екенін атап өтті. К.Бәйсеитов көшесінде орналасқан нысанға биыл маусым айында мердігер мекеме мен тапсырыс беруші арасында келісімшарт жасалып, үш ай ішінде орталықта ауқымды ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қысқа мерзім ішінде толық жаңартылған ғимарат қазіргі заман талаптарына сай безендіріліп, пайдалануға берілді. Өнер орталығында 36 түрлі…
Биылғы жылыту маусымында Түркістан облысындағы жылыжайлар үшін 273 214 тонна көмір алу жоспарланған. Былтыр өңірдегі жылыжайлар 250 мың тоннаға жуық қатты отын тұтынған, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазіргі таңда көмір таратушы операторлардың қоймаларында 84,6 мың тонна қатты отын қоры бар. Сонымен қатар маусымаралық тұтыну кестесі ұсынылды. Сондай-ақ биыл «Фермерлік жылыжайларға қойылатын жалпы техникалық талаптар» мемлекеттік стандарты бекітіліп, қазіргі уақытта 801 жылыжай арнайы сертификаттаудан өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жетекшілік ететін салалар бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысын саралады. Кеңесте жауапты басқарма басшылары өз бағыттары бойынша есеп беріп, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Атап айтқанда, «Тұран су» мекемесі жалпы…
Түркістан облысы білім саласындағы ашықтық пен цифрландыруды жетілдіру бағытында маңызды қадамдар жасауда, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтың бастамасымен салаға нақты тапсырмалар беріліп, цифрлық теңсіздік пен жүйесіздікті жою басты міндет ретінде белгіленді. Мәжілісте білім жүйесіндегі күрделі мәселелер талқыланып, шешу жолдары нақтыланды. «Цифрлық Қазақстан» стратегиясына және заңнамаларға сәйкес пилоттық режимде сынақтан өткізіліп жатқан платформалар білім сапасын арттыруға бағытталған. Олар оқу үдерісін бақылау, кәсіби бағдар беру, оқушылардың жетістігін талдау, халықаралық зерттеулерге дайындық пен сыртқы бағалау жүйелерін енгізуді көздейді. Сонымен қатар жасанды интеллект технологиясы оқу процесін автоматтандыру мен жекелендіруді қамтамасыз етеді. Облыс әкімінің айтуынша, білім саласындағы маңызды қадамдар бір ғана басқарманың емес,…
Түркістан облысы қарқынды дамып келеді. Инфрақұрылым, соның ішінде электрмен қамту жүйелері де заманауи талаптарға сай болуы тиіс, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның басшылығымен кездесіп, өңірді электр энергиямен қамту бағытындағы жобаларды талқылады. Кездесу барысында облыс орталығы мен облыс аумағындағы елді мекендерді үздіксіз әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету, тозған электр желілерін реттеу, жаңа қосалқы станциялар салу және қуаттылықты арттыру бойынша ұсыныстар қаралды. Сонымен қатар жасанды интеллект пен автоматтандыру жүйелерін енгізу мәселелері де сөз болды. Облыс әкімі бұл саладағы өзекті проблемаларды шешуде нақты шаралар қабылдау қажет екенін айтып, жауапты басшыларға тапсырмалар жүктеді. – Өңір…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Түркістан облысында азаматтарды жеке қабылдау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Бүгін кестеге сәйкес, облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өзі жетекшілік ететін салалар бойынша тұрғындармен кездесу өткізді. Қабылдау барысында азаматтар баспана кезегі, жол жөндеу, ауызсу, электр желісі және газ кіргізу мәселелерін көтерді, деп жазады Ertenmedia.kz. Түркістандық І, ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматша үй кезегіне тұру мәселесін көтерді. Белгілі болғандай, оның атына Қызылорда облысында үй тіркелгендіктен, өтініші қабылданбаған. Ол үйді 2021 жылы сыйға тартқан, сондықтан 2026 жылдың сәуірінен кейін ғана кезекке тұра алады. Айта кетейік, Түркістанда 2025 жылы мұқтаж азаматтар үшін 11…
Ертеде бір кедей шал болыпты. Оның бір ұлы, бір қызы бар екен. Біраз уақыттан кейін ұлы үйленеді, бірақ көп ұзамай қайтыс болып, келіні жесір қалады. Келіні өте ақылды әрі сұлу болып, шал мен қайын сіңілісіне қамқор болып өмір сүре береді. Бір күні олардың үйіне бір хан келіп, келінге үйленгісі келеді. Келін бір шарт қояды: «Егер үйленсең, бізді тастамай, осы үйде бірге тұрасың», – дейді. Хан келіседі, бірақ көп ұзамай өз еліне кетіп, қайтып келмейді. Келін ұл туып, оның атын Төлепберген қояды. Төлепберген ер жетіп, батыр әрі ақылды жігіт болады. Бір күні ол әкесін іздеп жолға шығады. Ұзақ жүріп, бір күні…










