Қазақстанда ірі жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың қызметі туралы ақпаратқа қолжетімділік кеңейтіледі. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаевтың депутаттық сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа бастамаға сәйкес, болашақта бірыңғай цифрлық платформа құрылып, онда компаниялардың бюджетке төленетін салықтары, табыстары мен келісімшарттары туралы толық ақпарат жарияланбақ. Бұған дейін Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев табиғи ресурстардың халыққа тиесілі екенін еске сала отырып, жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың ашықтығы жеткіліксіз деп сынаған болатын. Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың айтуынша, қазіргі уақытта компаниялар қаржылық есептерін «Қаржылық есептер депозитарийінде» жариялайды, дегенмен жаңа цифрлық жүйе арқылы халық пен Парламентке толық әрі ашық ақпарат берілетін болады. Дегенмен,…
Автор: Лейла Болтаева
Қазақстанда шетелдіктер үшін ықтиярхат алудың талаптары күшейтілді: енді тіпті әкімшілік айыппұлдардың өзі рұқсат бермеуге негіз болуы мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа тәртіп бойынша, бірнеше рет жол ережесін бұзу немесе өзге де әкімшілік айыппұлдар, қылмыстық теріс қылықтар ықтиярхат алуға кедергі келтіреді. Мұны билік өкілдері «заңға бағыну қағидаты» деп түсіндіреді. Бұған қоса, ықтиярхат алуға үміткерлердің қаржылық тұрақтылығы мен қоғамға араласу деңгейіне де қатаң талаптар енгізілді. Сонымен қатар, бұзушылықтарды бақылау үшін жасанды интеллекті бар цифрлық жүйелер іске қосылады. Үкімет басшысы Олжас Бектенов шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартатын компанияларды да сынға алды. Оның айтуынша, қазір кейбір жұмыс берушілер үшін заңсыз мигранттарға айыппұл төлеу –…
Қазақстанда жаңа «Әділет» саяси партиясын құру туралы бастама саяси ортада қызу талқылана бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Әзірге сөз тіркеліп үлгерген партия туралы емес. 2026 жылғы 16 сәуірде ұйымдастыру комитеті Әділет министрлігіне саяси партия құру ниеті туралы хабарлама мен ілеспе құжаттарды тапсырды. Құжаттар елдің барлық өңірінен, республикалық маңызы бар қалалар мен Астананы қоса алғанда, 700-ден астам азамат атынан берілген. Ұйымдастырушылар мамыр айының басында құрылтай съезін өткізуді жоспарлап отыр. Сарапшылардың бағалауынша, жаңа күштің пайда болуы партиялық алаңдағы қозғалысты күшейтіп, алдағы электоралдық циклдер алдында бәсекеге жаңа серпін беруі мүмкін. Талқылаудың өзі саяси пікірталасты жандандырып, институттардың дамуына қосымша түрткі бола алады деген пікір айтылып…
Қазақстан 2050 жылға дейін кемінде үш атом электр станциясын іске қосуды жоспарлап отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Атом энергиясы агенттігінің мәліметінше, елде төртінші АЭС салу мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл жоспарлар Мемлекет басшысы бекіткен атом өнеркәсібін дамыту стратегиясында көрсетілген. Құжатқа сәйкес, 2050 жылға қарай Қазақстанда кемінде үш атом электр станциясы жұмыс істеуге тиіс. Агенттік электр энергиясын тұтыну көлемі алдағы жылдары өсетінін ескеріп, қосымша төртінші станция салу жоспары қаралғанын айтады. Ресми түсіндіруге қарағанда, мұндай қадам экономика мен халықтың сенімді әрі экологиялық таза энергияға сұранысын толық қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар Қазақстан шағын модульді реакторлар негізінде АЭС салу нұсқаларын да зерделеуге ниетті. Мұнда технологиялық…
Алматыда туризм креативті индустриямен ұштасып, жаңа бағыт ала бастады. Қала өңірлік туристік хаб ретіндегі орнын күшейтіп, енді саяхат саласын дәстүрлі маршрутпен ғана емес, шығармашылық бастамалармен де дамытуды көздеп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы мақсатта Almaty Tourism Bureau креативті сектор өкілдері мен туроператорлардың кездесуін ұйымдастырды. Жиын жаңа туристік өнімдер жасауға серпін беретін алаңға айналды. Іс-шараға суретшілер, продюсерлер, IT мамандар және туроператорлар бастаған 70-тен астам адам қатысты. Олар заманауи туристік тәжірибе қалыптастыруға мүдделі екенін көрсетті. Кездесуде ұсынылған жобалар алдағы уақытта креативті бағыттар, иммерсивті кеңістіктер мен ерекше мәдени іс-шаралар ретінде дамуы мүмкін. Мұндай бастамалар тіпті көп ел көрген саяхатшылардың өзіне тосын әсер сыйлауға…
Шығыс Қазақстан облысында ірі компания директоры мен оның бауырына аса ірі көлемдегі алаяқтық және дәлелдерді қолдан жасау бойынша айып тағылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Басылым мәліметінше, редакцияның қолына айыптау актісі түскен. Іс материалдарында оннан астам жәбірленуші бар екені, ал келтірілген жалпы шығын көлемі 114 млн теңге деп бағаланғаны көрсетілген. Екеуіне де Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы және 416-бабы 5-бөлігі бойынша айып тағылған. Тергеу нұсқасына сай, бұрын сотталған Шығыс Қазақстан тұрғыны 2022 жылғы маусымда көпқабатты тұрғын үй салу сылтауымен заңсыз пайда табу жоспарын жасаған. Осы схемаға ол Өскемендегі жер телімі бар, шырын мен сыра өндіретін ірі компанияның директоры болып істейтін туған қарындасын…
Қазақстанның «Самұрық-Қазына» қоры Орталық Азияда алғаш рет Қытайдың ішкі нарығында юаньмен номиналданған панда-бондтар орналастырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы қадам өңірдегі ең ірі егеменді қордың Қытайдың борыштық нарығы мен ұлттық валютасына сенім білдіргенін аңғартты. Қор Қытайдың банкаралық нарығында 3 млрд юань көлемінде, шамамен 440 млн АҚШ долларына тең облигация сатты. Мәміле геосаяси тұрақсыздық күшейіп, инвесторлар қорғаныс активтерін іздей бастаған кезеңде жасалды. Қор таратқан мәліметке қарағанда, үш жылдық облигациялар жылдық 2,18 пайыздық кірістілікпен орналастырылған. «Самұрық-Қазына» мұны рекордтық деңгейдегі төмен табыстылық ретінде бағалап отыр. Мұндай көрсеткіш Қытайдағы институционалдық инвесторлардың қор қағаздарына жоғары сенім артқанын көрсетті. Өткен жылдың соңындағы есеп бойынша «Самұрық-Қазына» шамамен 88…
Tencent, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе, басқарушы команданың негізгі мүшелері және ұзақ мерзімді институционалдық инвесторлар Baring Fintech Venture Funds қорымен бірге Kaspi.kz-ке инвестиция салды, деп жазады Ertenmedia.kz. Компанияның мәліметінше, аталған тараптар Kaspi.kz-тің 6 миллионға жуық америкалық депозитарлық акциясын сатып алу мәмілесін аяқтаған. Осылайша Tencent Kaspi.kz-тің ірі акционерлерінің қатарына қосылды. Михаил Ломтадзенің айтуынша, Tencent Қытайдағы ең ірі технологиялық компаниялардың бірі саналады. Ол үздік қосымша бизнес-моделін қалыптастырған пионерлердің бірі және 1,3 миллиардтан астам адам қолданатын WeChat платформасының негізін қалаушы. Ломтадзе Tencent-тің Kaspi.kz акционерлерінің қатарына енуін компания үшін үлкен мәртебе деп бағалады. Оның сөзінше, өзінің жеке инвестициясы және басқарушы команданың…
Мұхтар Шахановтың жұбайы Ханшайым Шаханова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ақынның соңғы аманаты жазылған хатты жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Хатта халық жазушысы Мұхтар Шахановтың көзі тірісінде айтқан ең маңызды өтінішін жазып қалдырған. Ол өзін ата-бабаларының мекені саналатын Отырар өңіріндегі Арыстан баб кесенесінің маңына жерлеу болғаны жазылған. Жұбайының айтуынша, ақын мәңгілік тыныс табатын жер ретінде дәл осы киелі орынды таңдаған. Хат иесі аталған аумақтың республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш екенін толық түсінетінін атап өткен. Соған байланысты жерлеу рәсімі мен қойылуы мүмкін мемориалдық белгі Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына, соның ішінде «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заң талаптарына, сондай-ақ музей-қорықтың сәулеттік тәртібіне толық…
Ішкі істер министрлігі терроризм актілері туралы жалған хабар таратқандар қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертті, деп жазады Ertenmedia.kz. Ведомство ата-аналарға арнайы үндеу жасап, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға жол берілмейтінін ескертті. Мұндай әрекет үшін Қылмыстық кодекстің 273-бабында жауапкершілік көзделген. ІІМ мәліметінше, соңғы уақытта байланыс құралдары, интернет, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы жарылыс, өрт қою немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнген өзге де қауіп туралы жалған ақпарат тарату деректері тіркеліп отыр. Министрлік мұндай әрекет әзіл, қалжың немесе жағдайды ушықтыру талпынысы ретінде жасалса да, бәрібір қылмыстық құқық бұзушылық болып саналатынын атап өтті. Өйткені жалған хабар қоғамдық қауіпсіздікке нақты қатер төндіреді, жаппай эвакуацияға себеп болады,…










