Автор: Лейла Болтаева

Түркістан салық саясаты талқыланды

Түркістан облысының Өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен облыс аумағында орналасқан жер қойнауын пайдаланушылармен мәжіліс өткізілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға Мемлекеттік кірістер департаменті мен Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының өкілдері қатысты. Мәжіліс барысында өңірдегі жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың мемлекетке салық төлеу мәселелері қаралды. Облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы м.а. Қанат Шонбасов өз баяндамасында кейбір жер қойнауын пайдаланушылардың салық төлемей отырғанын атап өтті. Сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың басқа өңірлерде тіркеліп, салықты сол жақта төлеуі облыс бюджетіне түсетін түсімдерді азайтып отырғанын айтты. Осыған орай, компанияларды Түркістан облысына тіркеудің маңыздылығы көтерілді. Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері жиналғандарға салықтық міндеттемелер және есептілікті…

Толық оқу
Түркістан агро сала талқылау

Биыл Түркістан облысында ауыл шаруашылығы субъектілерін қолдауға 48,5 млрд. теңге қаржы бөлінді, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыстық бюджеттен 43,3 млрд. теңге, үкіметтік резервтен 5,2 млрд. теңге қаржы бөлінді. 9 айдың қортындысымен 42 млрд. теңге шаруаларға бөлініп, аграрлық саланы мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отыр. Осы бағыттағы жұмыстар облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров шаруаларды қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасатынын, бұл субсидиялар мен жеңілдіктер өңірдің өзіндік кірістерін арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігіне үлес қосуы тиіс екенін жеткізді. Жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне тиісті тапсырмалар жүктелді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаевтың айтуынша, «Басым…

Толық оқу
Түркістан талқылау жиналыс

Түркістан облысында туризм саласына да басымдық берілуде. Салаға инвестор тарту, өңірдегі тарихи және киелі орындарды жүйелеу, туристік соқпақтарды көбейту бағытында жұмыстар атқарылып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Бәйдібек қаған» қоғамдық қорының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Бәйдібек ауданының туризм саласына инвестиция тарту, киелі орындар мен кесенелер маңын абаттандыру мәселесі қаралды. Сонымен бірге ауданда туристер мен зияратшылар үшін қонақүй салу, туристік инфрақұрылымды жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды. Жауаптыларға тиісті тапсырмалар беріліп, ұсыныстар бақылауға алынды. Айта кетейік, Түркістан облысында  туризм саласында 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындысы бойынша оң көрсеткіштерге қол жеткізілді. Орналастыру орындарының, демалыс аймақтарының, сауықтыру кешендерінің саны артып, туристер…

Толық оқу
Түркістан талқылау жиналыс

Түркістан облысында жұмыс орындарын ашу, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеруге басымдық берілген, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыс әкімдігінде осы салаға қатысты түйткілдер кезекті рет талқыланып, жоспарлар айқындалды. Кедейшілік деңгейін төмендету, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған осал топтағы азаматтарға бөлінетін әлеуметтік төлемдерді біріздендіру мәселесі де сараланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне нақты міндеттер жүктеді. – Аудан, қалалардағы АӘК тағайындауға жауапты учаскелік комиссиялардың жұмысын қатаң бақылауға алып, комиссия мүшелеріне оқыту семинарларын ұйымдастыру қажет. АӘК тағайындалушы азаматтардың санатына жан-жақты мұқият талдау жүргізіп, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан тиімді кешенді іс-шаралар жоспарын қабылдау жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын. Бірінші кезекте инвестиция тарту,…

Толық оқу
Жеті лақ ертегі

Ерте, ерте, ертеде орманның шетінде бір ешкі өмір сүріпті. Оның жеті лағы болыпты. Лақтарының біреуі қара, қалған алтауы аппақ, сүп-сүйкімді екен. Ешкі күнде орманға барып, шөп жеп, балаларын асырайды екен. Бір күні ешкі орманға кетер алдында лақтарын жинап алып, ақылын айтыпты: «Балаларым, мен жоқта ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүреді. Ол айлакер, алдауы мүмкін. Мен келгенде: “Балаларым – лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді” деп әндетемін. Сол кезде ғана есік ашыңдар», – деп ескертіп кетіпті. Ешкі кетісімен, бұта арасында тығылып тұрған қасқыр бәрін естіп алады. Ол ешкінің үйіне келіп, есікті қағып, жуан дауысымен сол әнді айта бастайды. Бірақ лақтар оның даусынан…

Толық оқу
Бауырсақ ертегі

Ерте заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Бір күні шал кемпіріне қамбаның түбінде қалған ұнды жинап, бауырсақ пісіріп беруін сұрайды. Кемпірі қамбаның түбін қағып, елеуішпен електен өткізіп, аз ғана ұн жинайды. Сол ұнды қаймаққа илеп, домалақтап, майға қуырып, бауырсақ пісіреді. Піскен бауырсақты суыту үшін терезе алдына қояды. Бауырсақ суып жатып, өздігінен кетіп қалуды ойлайды. Сөйтіп, терезеден секіріп түсіп, аулаға шығып, жол бойымен домалап кетеді. Жолда келе жатып, ол қоянға кездеседі. Қоян оны жегісі келеді. Бірақ бауырсақ ән айтып, өзін мақтап, шал мен кемпірден қашып шыққанын айтып, қояннан да оңай құтылатынын жеткізеді. Қоян аңырып қалып, бауырсақ одан қашып кетеді. Одан…

Толық оқу