Автор: Лейла Болтаева

Фрагменттер

АҚШ-тың Орегон штатындағы үңгірлерден адамзат тарихындағы ең көне тігіліп тігілген киім бөлшектері табылды. Бұл жәдігерлер ежелгі адамдардың өмір сүру дағдысы туралы түсініктерді түбірімен өзгертуі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Америкалық ғалымдар Орегонның Үлкен бассейн аймағындағы Кугар-Маунтин үңгірінен жануарлар терісінен тігіліп жасалған киімдердің фрагменттерін тапқан. Бұл жәдігерлер шамамен 12 мың жыл бұрын, яғни соңғы мұз дәуірінің аяқталу кезеңіне тиесілі екені анықталды. Демек, Солтүстік Америкада адамдар жануарлар терісінен киім тігіп, өсімдіктер мен ағаштан бұйымдар жасауда едәуір дамыған технологияларды меңгерген болып шықты. Бұл Мысырдағы Ұлы пирамидалар салынған кезеңнен мыңдаған жыл бұрын болған оқиға. Осыған дейінгі зерттеулер бойынша, қазіргі АҚШ аумағында өмір сүрген ежелгі адамдар…

Толық оқу
Жұлдыз жорамал

Жұлдыз жорамал бүгін көптеген белгілер үшін жағымды әрі табысты күн болатынын айтады. Біреулер бұрыннан кейінге қалдырған шаруаларын тезірек шешсе, енді біреулер күтпеген әрі қызықты кездесулерге тап болады. Әсіресе, шығармашылықпен айналысатындар мен қарым-қатынас орнатуда белсенділік танытқандар үлкен жетістікке жетуі ықтимал, деп жазады Ertenmedia.kz. Тоқты Бұл күн сізге күш-қуат береді. Бұрыннан кейінге қалдырып жүрген істеріңізді қолға алуға қолайлы уақыт. Ойда жоқта келген идеялар сіз күтпеген нәтижелерге жеткізуі мүмкін. Торпақ Сізді үйіңізге немесе жеке жоспарларыңызға қатысты жағымды жаңалықтар күтіп тұр. Кешті жайлы жерде өткізгеніңіз жөн, бұл бойыңызға жаңа күш береді. Жұлдыздар сізді кездейсоқ жағымды кездесумен қуантады. Егіздер Бүгін сіздің басты артықшылығыңыз белсенді қарым-қатынас.…

Толық оқу
қалың қар тұман

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының күрт бұзылуына байланысты тұрғындарға ескерту жарияланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Синоптиктердің болжауынша, алдағы тәуліктерде республиканың басым бөлігінде тұман, көктайғақ және қатты жел күтілуде. Әсіресе Жамбыл, Алматы және Түркістан облыстарының таулы аймақтарында қалың қар жауып, су тасқыны қаупі де бар. Жамбыл облысының таулы аймақтарында түнгі уақытта қалың қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс пен таулы аймақтарда 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с-ке дейін күшейеді. Тараз қаласында да тұман мен көктайғақ болады деп күтілуде. Сондай-ақ, 13-15 ақпан аралығында облыстың тау бөктеріндегі өзендерінде су деңгейі көтеріліп, елді мекендерді су басу қаупі бар.…

Толық оқу
Герань-2 дрон Түркия

Түркияның Орду провинциясына қарасты Үнье қаласының жағажайынан ресейлік «Герань-2» деп аталатын ирандық Shahed типті дрон табылды, деп жазады Ertenmedia.kz. 10 ақпан күні Қара теңіз жағалауынан табылған бұл аппараттың ішінен жарылғыш зат шықпаған. Түркия Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына арнайы жасақ жіберіліп, дрон полиция бөліміне зерттеуге тапсырылды. Соңғы уақытта Түркия аумағында табылған бірінші дрон емес. Былтыр 15 желтоқсанда түріктің F-16 жойғыш ұшағы Қара теңіз үстінде елдің әуе кеңістігіне кірген белгісіз ұшқышсыз аппаратты атып түсірген болатын. Дронның кімге тиесілі екені сол күйі анықталмады. Ал 19 желтоқсанда Стамбулға жақын Коджаэли провинциясына Ресейде жасалған «Орлан-10» типті дрон құласа, 20 желтоқсанда Стамбулдың оңтүстік-батысындағы Балыкесир маңындағы алқаптан…

Толық оқу
Эбба Буш

Швецияның вице-премьер-министрі Эбба Буш Еуропа көшбасшыларына Вашингтонға жалтақтап, АҚШ-тың қабағына қарауды доғаруы керектігін айтты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның пікірінше, Еуропа өзінің бюрократиялық құрсауынан құтылып, шұғыл әрі икемді әрекет ете алатын жаңа жүйе қалыптастыруы тиіс. Еуропалық одақ жылдам шешім қабылдауға емес, тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жүйе ретінде құрылды. Ал бүгінгі жағдайда жылдам әрі нақты қадамдар керек. – Біз тым үлкен бюрократиялық аппаратты емес, мықты демократияларды құруымыз керек еді. Осы қателіктен Ұлыбританияны жоғалтып алдық, осы себептен бүгінгі таңда одаққа деген сенім де көптеген елдерде әлсірей бастады, – деді Эбба Буш. Швед саясаткері нақты мысал ретінде Украинадағы жағдайды және Ресей газына тәуелділікті азайту…

Толық оқу
Жиналыс Конститутция

Қазақстанның жаңа Конституциясы елдің алдағы даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат, деп жазады Ertenmedia.kz. Қоғамдық кеңес мүшесі әрі Конституциялық комиссия өкілі Замира Кузиева Астана қаласындағы «Бірыңғай шоғырландыру орталығы» ЖШС еңбек ұжымымен кездесуінде Конституцияның маңыздылығын жан-жақты түсіндірді. Әңгіме елдегі адам құқықтары мен бостандықтарын нығайту, заң үстемдігін орнату және азаматтардың мемлекеттік басқаруға кеңінен араласуы жайлы өрбіді. Кәсіпкерлер қауымының өкілі, қарапайым азаматтармен күнделікті байланыста жүрген басшы ретінде Замира Кузиева жаңа Конституцияға қатысты пікірін былайша түйіндеді: «Жаңа Конституция – алдағы жылдардағы елдің даму жолын белгілейтін айқын бағдар». Сонымен бірге, жаһандық тұрақсыздық жағдайында құқықтық алаңның болжамдылығы аса маңызды екенін айтып өтті. Конституция азаматтар мен кәсіпкерлер үшін…

Толық оқу
Мұқағали Мақатаев

Бүгін Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде қазақ поэзиясының алып тұлғасы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай колледжішілік «Мұқағали оқулары» әдеби байқауы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Шара студент жастардың қазақ әдебиетіне қызығушылығын арттырып, көркем сөзге деген құрметін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Байқауға 1-3 курс студенттері қатысып, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу және әдеби-сахналық қойылымдар арқылы Мұқағали поэзиясындағы терең философиялық ойды көрермен жүрегіне жеткізе білді. Қатысушылар өлеңдерді тек жатқа айтып қана қоймай, ақынның ішкі толғанысын жүрекпен сезініп жеткізуге тырысты. Қорытынды бойынша жеңімпаздар: І орын – 1 курс студенті Әмір Балым ІІ орын – 1 курс студенті Жеңісбек Балнұр ІІІ орын – 2 курс студенті Калиев Нарболат…

Толық оқу
Павлодар облысы энергетика нысандары

Павлодар облысы көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуда стратегиялық рөл атқарып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Былтырғы жылдың қорытындысына сәйкес өңір Қазақстандағы электр энергиясы өндірісінің 42%-ын қамтамасыз етті. Бұл бағыттағы негізгі жобалар Екібастұз ГРЭС-2 қуатын екі есе арттыру, жаңа Екібастұз ГРЭС-3 станциясын салу және Ақсу ГРЭС-ін жаңғырту жұмыстары. Қазіргі уақытта Екібастұз ГРЭС-2 станциясының белгіленген қуаты 1 ГВт болса, оны 2,1 ГВт-қа жеткізу жоспарланған. Сондай-ақ, «таза көмір» технологияларын қолдана отырып, қуаты 2,64 ГВт-қа жететін жаңа Екібастұз ГРЭС-3 құрылысы басталмақ. Бұл еліміздің энергетикалық жүйесіне қосымша қуат көзін береді. Ақсу ГРЭС-індегі жаңғырту жұмыстары да электр энергиясы өндірісінің тиімділігі мен сенімділігін арттыруға…

Толық оқу
Күріш алқабы

Ғалымдардың соңғы онжылдықта жүргізген зерттеулері атмосферадағы көмірқышқыл газының (CO₂) артуы мен жаһандық жылынудың бірлескен әсері топырақтағы фосфордың қолжетімділігін едәуір төмендететінін анықтады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл жағдай әсіресе күріш пен басқа да жер дақылдарын өсіретін ауыспалы егістік жүйелеріне кері әсер етіп, болашақтағы азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін. Қытай Ғылым Академиясының Топырақтану институтының ғалымдары жүргізген бұл зерттеу нәтижелері Nature Geoscience журналында жарияланды. Мамандардың пікірінше, климаттың жылынуы топырақтағы фосфордың өсімдіктер үшін қолжетімсіз қосылыстарға айналуына шешуші әсер етеді. Фосфордың азоттан айырмашылығы оны атмосферадан алу мүмкін емес. Оның қолжетімділігі топырақ минералдарының өзара әрекеттесуіне және микробтық белсенділікке тікелей байланысты. Күріш өсірілетін су басқан алқаптарда тұрақты суару және кептіру…

Толық оқу
Өндіріс

Түркістан облысында индустриялық-инновациялық даму аясында ірі инвестициялық жобалар қолға алынып, өңірдің экономикалық әлеуетін арттыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров Инвестициялық штабтың кезекті отырысында жаңа өндіріс орындарын іске қосу және туындаған мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар берді. Жиын барысында инвесторларға барынша ашық әрі тікелей қолдау көрсетілетіні айтылды. Әкімнің сөзінше, әрбір инвестициялық жоба жаңа жұмыс орындары мен өңір экономикасының өсуіне сеп болатын маңызды бастама. Қазіргі уақытта облыста бірнеше ірі жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, Сауран ауданында құрылысқа қажетті арматура өндіретін зауыт, тағам қалдықтарын ұсақтағыш құралдарын шығару кәсіпорны құрылып жатыр. Сонымен қатар Созақ ауданында жаңа…

Толық оқу