Автор: Лейла Болтаева

Айбек Смадияров Президент әкімшілігі

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ол осыған байланысты ол бұған дейінгі атқарған қызметінен босатылды. Ал осы уақытқа дейін Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы қызметін атқарып келген Руслан Сұлтанұлы Желдібай қызметінен босатылды. Айта кетейік, Айбек Смадияров бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімін басқарды. Ол аталған қызметке былтыр 15 желтоқсанда тағайындалған болатын. Бұдан бөлек, Айбек Смадияров 2023 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметінен кеткен еді. Ол бұл лауазымға алғаш рет 2018 жылы тағайындалып, 2019 жылы Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болған.…

Толық оқу
электронды шот-фактура

Биылдан бастап ҚР Салық кодексіне сәйкес электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) рәсімдеу тәртібіне бірқатар маңызды өзгерістер енгізіледі, деп жазады Ertenmedia.kz. ЭШФ-ны міндетті растау тәртібі Енді түзетілген, қосымша және кері қайтарып алынған электрондық шот-фактуралар (ЭШФ) алушы тарапынан міндетті түрде расталуы тиіс. Атап айтқанда, ЭШФ ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) ҚҚС төлеуші болып табылатын алушыдан растау алған жағдайда ғана түзетілген және қосымша ЭШФ рәсімделген болып саналады. Ал кері қайтарып алынған ЭШФ алушы растаған жағдайда ғана кері қайтарылды деп есептеледі. ҚҚС төлеуші болып табылмайтын алушылар үшін белгіленген мерзім ішінде ешқандай әрекет болмаса, автоматты түрде расталған деп саналады. ЭШФ жазуға міндетті тұлғалар тізімі кеңейтілді Электрондық шот-фактура рәсімдеуге…

Толық оқу
көлік экспорты

Қытайдың дәстүрлі көктем мерекесіне орай, 16-18 ақпан аралығында Қазақ-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттерінде азаматтарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу тоқтатылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды. Ал теміржол арқылы өтетін бекеттер бұл күндері қалыпты режимде жұмыс істей береді. Осыған байланысты Ertenmedia.kz тасымалдаушыларға және шекарадан өтуді жоспарлаған барлық азаматтарға енгізілген шектеулерді ескере отырып, маршруттарын алдын ала жоспарлауды ұсынады. Айтпақшы елімізде мотор майын цифрлық таңбалау жүйесі енгізілетін болды. Көптен бері талас туғызып келген таңбалау құнына қатысты сұраққа Энергі министрлігі соңғы нүктені қойды.

Толық оқу
Жұлдыз жорамал

Астрологтар 29 қаңтарға арналған барлық зодиак белгілеріне болжам ұсынды, деп жазады Ertenmedia.kz. Мамандардың айтуынша, бұл күн оқу-білім алуға, жоспарларды талқылауға және сұрақ қоюға өте қолайлы. Сондай-ақ үйреншікті жағдайларға басқаша көзқараспен қарауға кеңес береді. Дегенмен, асығыс шешім қабылдаудан аулақ болған дұрыс. Тоқты Қызығушылық жаңа тақырыптарға тартады. Сабырлы болып, әрекет етуден бұрын сұрап, зерттеп алған жөн. Торпақ Жаңа дағдыларға қызығушылық пайда болады. Тұрақтылық пен өзгерістерді қалау арасындағы тепе-теңдікті сақтаңыз. Егіздер Бұл күн белсенді қарым-қатынасқа қолайлы. Маңызды әңгімелердің соңына дейін жету үшін ойыңызды жинақтаңыз. Шаян Сенімді қарым-қатынас пен эмоционалды түсіністік күні. Басқаларды мұқият тыңдаңыз. Арыстан Өз біліміңізбен бөліскіңіз келеді. Бірақ өзгелердің пікіріне де…

Толық оқу
Ау райы қар

Алдағы тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, құбылмалы болады. Кейбір өңірлерде тұман, көктайғақ және боран күтіледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Елордада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде секундына 1-6, күндіз 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 22-24 градус аяз, күндіз 8-10 градус аязды көрсетеді. Алматыда да ауа райы жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт шығады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 0-2 градус аяз шамасында болады. Шымкентте көшпелі бұлт шығып, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күші секундына 8-13…

Толық оқу
Рмазан Амантай

Танымал актер Рамазан Амантай артық салмағына қатысты пікір білдіріп, көрермендеріне маңызды үндеу жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Өнер иесі сұхбат барысында артық салмағының күнделікті өміріне айтарлықтай кедергі келтіріп жүргенін, бірақ осы күнге дейін нақты қадам жасауға іштей дайын болмағанын мойындады. – Өз салмағым 100 келіден асқан сәттен бастап өзіме ұнамай бастадым. Бірақ басында қатты сын бола қоймайтын. Халық «өзіміздің балақай» деп, жылы пікір жазатын. Кейінірек жағдай өзгерді, – дейді актер. Оның айтуынша, артық салмағы анасы мен келіншегіне қатты ауыр тиеді екен. – Мен ер азаматпын, сынға төтеп бере аламын. Бірақ анам мен келіншегімнің көңілі түсіп, қиналғанын көру маған ауыр тиеді. Сондықтан…

Толық оқу
Балқаш көлі

Жетісу облысында туризм саласын дамыту мақсатында кешенді шаралар қолға алынып, әсіресе Балқаш көлінің туристік әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлініп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы өңір басшысы Бейбіт Исабаев Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мәлімдеді. Өңірде туризмді дамытудың 5 негізгі бағыты айқындалған, соның бірі – Балқаш көлі жағалауының туристік инфрақұрылымын жақсарту. Қазірдің өзінде аталған бағыт бойынша ауқымды жұмыстар атқарылған. – 2025 жылғы жазғы маусымға дейін Балқаш көліне дейінгі автокөлік жолдары толық ретке келтіріліп, қатынас толықтай қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, биыл Лепсі станциясындағы жаңа теміржол вокзалының құрылысы аяқталады. Өткен жылы Лепсі ауылынан көл жағалауына дейін электр және ауыз су желілері…

Толық оқу

Ғылым ордасының Орталық ғылыми кітапханасы қазақ ғылымының қалыптасу тарихы мен бүгінгі дамуын жалғап тұрған бірегей ғылыми мекеме. Ғасырлар қойнауынан жеткен қолжазбалар мен сирек кітаптарды сақтап қана қоймай, оларды заманауи ғылыми айналымға жүйелі түрде енгізіп отырған бұл қара шаңырақ бүгінде халықаралық ғылыми кеңістікпен тығыз ықпалдасып келеді. Осы орайда Орталық ғылыми кітапхананың бүгінгі тынысы, қол жеткізген жетістіктері мен алдағы даму бағыттары жөнінде «Ғылым ордасы» РМК бас директоры Мұқажанов Ұлар Оразғалиұлымен сұхбаттасқан едік. – Ұлар мырза, Орталық ғылыми кітапхананы еліміздің ғылыми кеңістігіндегі ерекше мекеме деп айтуға толық негіз бар. Оның бүгінгі рөлі қандай? – Орталық ғылыми кітапхана – қазақ ғылымының іргесі қаланған қара…

Толық оқу
Қазақстан экономикасы

Халықаралық валюта қорының Қазақстан экономикасының «қызып кету» ықтималдығы туралы ескертуі елдегі қазіргі құрылымдық өзгерістер мен экономикалық трансформацияға қалай әсер етеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Экономиканың негізгі макрокөрсеткіштерін мұқият талдау «қызып кету» белгілері емес, керісінше, ел экономикасының сапалы әрі тұрақты даму жолына түскенін айқын көрсетеді. Әдетте экономикадағы «қызып кету» жағдайы экономикалық өсімнің мүмкіндіктен тыс, ресурстар тапшылығына әкелетін қарқынмен жүруін білдіреді. Ал Қазақстанда мұндай белгілер байқалмайды. 2023 жылдан бастап жұмыссыздық деңгейі тұрақты күйде 4,6-4,7% аралығында сақталып келеді. Жалақының өсу қарқыны экономикалық өсім динамикасынан артта қалуда. Бұл «қызып кеткен» экономикаға тән емес. Қазақстанда нақты сектордың (тауар өндірісінің) өсу қарқыны қызмет көрсету секторынан әлдеқайда жоғары:…

Толық оқу
Конститутциялық реформа

Қазақстанда неке мен отбасы құндылықтары, сондай-ақ адамның негізгі құқықтары конституциялық деңгейде күшейтіледі. Бұл өзгерістер Конституциялық комиссияның төртінші отырысында қаралған Ата Заңға енгізілетін түзетулер жобасынан айқын көрініс тапты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жобаны таныстырған Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституцияның «Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер» атты бөлімі жаңа мазмұнмен толықтырылатынын атап өтті. – Ұсынылып отырған өзгерістер ең алдымен адамның ең жоғары құндылық екендігі туралы қағидатқа негізделген. Бұл түзетулер құқықтар мен бостандықтарды қорғау кепілдіктерін күшейтеді. Соның ішінде адамның жеке басына қол сұқпаушылық, цифрлық заманда жеке деректерді қорғау, «Миранда ережесі», ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау нормалары енгізіледі. Әлеуметтік құқықтарды нақтылау және құқықтық анықтық қағидаттарын бекіту…

Толық оқу