Соңғы уақытта кальян шегу көптеген адамдардың сүйікті ермегіне айналғанымен, оның зиянды тұстары туралы ақпарат кең таралмаған. Мамандардың зерттеулері кальян шегудің адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретінін ескертеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Кальян шегудің зиянды тұстары туралы кеңірек тоқталып өтсек: Денсаулыққа зиянсыз деген жаңсақ пікір. Көп адам кальянды зиянсыз деп есептейді. Шын мәнінде, мамандардың зерттеуіне сүйенсек, бір сағаттық кальян шегу барысында адам өкпесіне темекі шеккеннен 100-200 есе көп түтін кіреді. Қауіпті канцерогендердің көптігі. Кальян түтінінде қарапайым темекідегі түтінге қарағанда көміртек тотығы мен басқа да қауіпті канцерогендер әлдеқайда көп болады. Бұл өкпе аурулары мен қатерлі ісік пайда болу қаупін айтарлықтай арттырады. Түтіннің терең тыныс жолдарына енуі.…
Автор: Лейла Болтаева
Маңғыстаулық соғыс ардагері Василий Салазкин жерлестерін бейбіт өмірдің қадірін түсініп, болашақ үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Маңғыстау облысында тұратын 99 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Салазкин аймақ тұрғындарына арнап үндеу жолдады. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен ардагер бүгінгі ұрпаққа бейбітшілік пен тыныштықтың құндылығын есте сақтап, оның қандай қымбат бағамен келгенін ұмытпау керектігін баса айтты. Ардагердің айтуынша, соғыс жылдары ел үшін үлкен сын болды. Халқымыздың батырлығы мен табандылығы арқасында ғана жеңіске жетіп, бүгінгі бейбіт өмірге қол жеткіздік. Василий Салазкин қазіргі таңда бірлік пен тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол кейінгі ұрпақтың тарихты ұмытпай, майдангерлердің ерлігіне құрметпен қарап, ел болашағына…
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов ар-намысты арқау етіп, заң мен тәртіпті төрге оздырған жаңа рефрендумға өңір халықын белсене қатысуға шақырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер! Достықты ту еткен, көпұлтты, еңбекқор халқы бар, қонақжай дәстүрі, жасампаз салты мен мыңжылдық тарихы үйлескен Шығыс Қазақстанның өрелі жұрты! Алдымызда еліміздің келешегіне тікелей әсер ететін маңызды саяси оқиға – республикалық референдум күтіп тұр. Бұл тарихи сәтте халықтың дауысымен қабылданатын жаңа Ата Заңымызда әділеттілік, заң үстемдігі мен тәртіпке ерекше мән беріліп отыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, ел тағдырын айқындайтын тарихи шешімдерді барша халық болып, ақылдасып, бірге қабылдаймыз. Ар-намысты ту етіп, заңдылықты ұстану – ұлттық бірлігіміз…
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтың өңір тұрғындарын алдағы 15 наурызда өтетін референдум белсене қатысып, тарихи кезең сырт қалмауы үшін үндеу жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қадірменді жерлестер, ардақты ағайын! Дана халқымыз қашанда аталы сөзге тоқтап, ел тағдыры шешілер сын сағатта дала демократиясының алтын діңгегі – билер институтының даналығына жүгінген. «Тура биде туған жоқ» деген ұстанымды ту еткен бабаларымыз ең күрделі мәселелерді бірлікпен, парасатпен және ортақ келісіммен шеше білді. Осынау ұлы далада қалыптасқан әділдік пен тұтастық жолы – бүгінгі мемлекеттігіміздің басты тірегі. Алдағы 15-наурыз сол тарихи сабақтастықтың заңды жалғасы, еліміздің ертеңін айқындайтын жауапты сәт. Референдум бұл әрбір азаматтың өз тағдырына, мемлекет ісіне тікелей…
Алматы қаласындағы тарихи «Радио үйі» ғимаратында ұлттық руханиятымыздың алтын бесігіне айналған «Шалқар» радиосының толықтай жаңартылған заманауи студиясы салтанатты түрде ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа студияға қазақ радиосының негізін қалаушылардың бірі, радио ардагері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мина Сейітованың есімі берілді. Бұл ерекше шараға радио саласының танымал ардагерлері, қазіргі қызметкерлері, журналистер, БАҚ өкілдері және мәдениет қайраткерлері қатысты. Тұсаукесер рәсімінде Руслана Құдайбергенова, Сауық Жақанова, Алтын Иманбаева сөз алып, жаңа студияның ашылуы тарихи мәнге ие екенін атап өтті. Олар өз сөздерінде қазақ радиосының қалыптасу тарихындағы Мина Сейітованың өлшеусіз үлесі мен оның радио өнеріне қосқан зор еңбегін ерекше тебіреніспен еске алды. «Шалқар» радиосының жаңғыртылған…
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында «Жас мемлекеттік қызметші» мектебінің тыңдаушыларына арналған арнайы оқу курсы өз мәресіне жетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Оқу курсының аяқталуына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді. Бұл жоба мемлекеттік қызметке енді қадам басқан жастардың кәсіби біліктілігін арттыруды, басқарушылық қабілеттерін жетілдіруді және мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарын терең түсіндіруді мақсат тұтты. Курс аясында тыңдаушылар мемлекеттік басқару жүйесінің құрылымы мен жұмыс істеу принциптері, стратегиялық жоспарлаудың әдістерін меңгерді. Сонымен қатар көшбасшылық қасиеттерін дамыту жолдары, тиімді коммуникация орнату тәсілдері және қызметтік этиканың маңызды аспектілері бойынша терең білім алды. Оқу бағдарламасы тек теориялық дәрістермен шектелмей, тәжірибелік сабақтар…
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ерекше мән беріп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде іске асырып келе жатқан Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің алдына қойылған негізгі міндеттерінің бірі. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, әкімшілік кедергілерді болдырмау және мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайту болып табылады. Осы мақсатта департамент тұрақты түрде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізіп, заңнамалық талаптардың орындалуын қатаң бақылауға алған. Азаматтардың арыз-шағымдары мен өтініштерін жедел қарау арқылы олардың құқықтарын қорғауға бағытталған іс-шаралар тұрақты атқарылып отыр. Дегенмен, кейбір мемлекеттік органдардың өз міндеттерін атқаруда кемшіліктерге жол беретіні байқалады. Ағымдағы жылдың ақпан айында департаментке Аққұм…
Түркістан облысында шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді дамуы экономикалық өсімнің негізгі драйверіне айналып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл салада өндірілген өнім көлемі 2,6 триллион теңгені құрап, 138,8%-ға артып, айтарлықтай жоғары көрсеткішке жетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы өткен жылы кәсіпкерлік нысандардың 343 жобасына жан-жақты қолдау мен сүйемелдеу жұмыстарын жүргізді. Осы іс-шаралардың нәтижесінде аймақта 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, бүгінгі күні 300 мыңға жуық адам шағын және орта кәсіпкерлік саласында тұрақты еңбекпен қамтылған. Өңір тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мұндай көрсеткіштер өте маңызды. Кәсіпкерлік белсенділікті одан әрі арттыру үшін жергілікті билік жеңілдетілген несие беру бағдарламаларын жүзеге…
Ақсу ауданына қарасты Матай ауылында заманауи талаптарға сай салынған жаңа мәдениет үйі мен спорт кешені есігін айқара ашты, деп жазады Ertenmedia.kz. Ауыл халқының рухани және спорттық өмірін жаңа деңгейге көтеруге арналған нысанның ашылу салтанатына Жетісу облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов, Ақсу ауданының әкімі Берік Тынышбаев, ауданның құрметті ардагерлері мен жергілікті тұрғындар қатысты. Жаңадан бой көтерген мәдениет үйінің жалпы сыйымдылығы 180 адамға арналған. Заманауи сахна, көрермен залы, түрлі үйірмелерге арналған кабинеттер, шағын мәжіліс залы, әкімшілік және қосымша шаруашылық бөлмелері талапқа сай жабдықталған. Қазірдің өзінде бұл жерде «Әжелер ансамблі», «Көркемсөз оқу» және би үйірмелері жұмысын бастап кеткен. Аталған үйірмелерде бүгінде…
Түркістан облысында 15 наурыз республикалық референдум күні бірқатар қалаларда қоғамдық көлік қызметі тегін болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл бастама облыс тұрғындары үшін маңызды саяси шараға қатысуды жеңілдету мақсатында ұйымдастырылған. Атап айтқанда, Түркістан, Кентау, Шардара, Сарыағаш және Арыс қалаларында қоғамдық көліктер референдум күні ақысыз қатынайды. Тегін жүру мүмкіндігі барлық автобус бағыттарын қамтиды. Бұл тұрғындардың дауыс беру учаскелеріне баруын ыңғайлы әрі қолжетімді етпек. Еске сала кетейік, дауыс беру учаскелері 15 наурыз күні таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Өңір тұрғындары осы уақыт аралығында референдумға қатысып, өз таңдауын жасай алады.










