Қазақстанда жаңа Конституцияның қабылдануына орай қылмыстық және әкімшілік рақымшылық қолданылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Polisia. kz мәліметінше, Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған рақымшылық туралы заң жекелеген азаматтарға жаңа өмір бастауға мүмкіндік беретін ізгілік актісі саналады. Рақымшылық қоғамға елеулі қауіп төндірмейтін қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарға қолданылады. Негізінен қылмыстық теріс қылық, онша ауыр емес қылмыс жасағандар, сондай-ақ келтірілген залалы болмаған немесе шығынды толық өтеген орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған жекелеген санаттағы азаматтар жауаптылықтан немесе жазадан босатылуы мүмкін. Заңға сәйкес, кей сотталғандардың жазасының өтелмеген бөлігі қысқартылады. Мұндай шешім қылмыстың ауырлығына, келтірілген залалдың өтелуіне және жазаны өтеу кезіндегі мінез-құлқына қарай қабылданады. Алдын ала есеп…
Автор: Лейла Болтаева
Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін Үкіметке реформаларды іс жүзінде орындау бойынша нақты міндеттер жүктелді, деп жазады Ertenmedia.kz. 1 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Осыған байланысты өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын айтты. Оның сөзінше, жаңа Конституция Қазақстанның алдағы онжылдықтағы даму бағытын айқындайтын маңызды құжат. Ол мемлекеттік институттардың берік негізін қалыптастырып, елдің прогрессивті дамуына жол ашады. Премьер-министр барлық реформаның басты мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыру екенін атап өтті. Үкіметке инфляцияны 10 пайыздан төмен деңгейде ұстау және бұл жұмысты Ұлттық банкпен үйлестіру тапсырылды. Ұлттық экономика министрлігіне теңгерімді тариф саясатын жүргізу міндеті жүктелді. Экономиканың нақты секторын…
Астанада «Ауыл» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, партия төрағасы Қайрат Айтуғанов жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай отандастар мен партияластарына үндеу жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға Саяси кеңес мүшелері мен партия белсенділері қатысты. Отырыста Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы елдің саяси және қоғамдық дамуы үшін маңызды кезең ашатыны айтылды. Қайрат Айтуғановтың үндеуінде 2026 жылдың 1 шілдесі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы елеулі дата ретінде бағаланды. Оның айтуынша, жаңа Конституция әділдік, жауапкершілік және заң үстемдігі қағидаттарына негізделген мемлекеттік дамудың жаңа кезеңін білдіреді. Партия төрағасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен конституциялық өзгерістер қоғам сұранысына жауап болғанын атап өтті. Оның сөзінше, реформалар саяси жүйені жаңғыртуға, мемлекеттік…
Шығыс Қазақстан облысында жаңғыртудан өткен Риддер және Шемонаиха теміржол вокзалдары пайдалануға берілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Нысандар Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан 124 теміржол вокзалын жаңғырту бағдарламасы аясында жөнделді. Риддер мен Шемонаиха вокзалдары осы бағдарлама бойынша өңірде пайдалануға берілген алғашқы нысандардың қатарына енді. Жаңғырту жұмыстары кезінде вокзал ғимараттарының қасбеті мен ішкі бөлмелері толық жаңартылды. Инженерлік желілер ауыстырылып, жолаушылар платформалары мен іргелес аумақ ретке келтірілді. Сонымен қатар заманауи жабдықтар мен жаңа жиһаз орнатылды. Жөндеуден кейін жолаушыларға арналған жағдай жақсарды. Вокзалдардың қызмет көрсету сапасы артып, тұрғындар мен қала қонақтарына қолайлы орта қалыптасты. Риддер мен Шемонаиха вокзалдары Шығыс Қазақстан облысының маңызды көлік нысандары…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Конституцияның күшіне енуіне қатысты жасаған Үндеуінде тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жаңа дәуірдің басталғанын атап өтті. Президент бұл құжат елдің саяси жүйесі мен азаматтық қоғам институттарын жаңғыртып, Әділетті Қазақстан құруға құқықтық негіз болатынын айтты. Тоқаев халықты бірлікке, заң мен тәртіпті сақтауға, еңбекқорлық пен жасампаздық құндылықтарын берік ұстануға шақырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі Құрметті отандастар! Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз. Осы ерекше…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев домбыраның ұлттық мәдениетті сақтаудағы орнына ерекше тоқталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде жаңашылдыққа ұмтылған жасампаз ел болу үшін халық өз тамырынан ажырамауы керек екенін айтты. Оның сөзінше, мызғымас құндылықтар, бай тарих және мәдени мұра ұлттың болашағына бағыт беретін басты тірек саналады. Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы күндері ел болып Ұлттық домбыра күні атап өтілетінін еске салды. Мемлекет басшысы бұл мерекенің өскелең ұрпақтың рухын көтеретін, ұлттық болмысты айшықтайтын ерекше мәні бар екенін жеткізді. Президент көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ – домбыра» деген өлең жолын да тілге тиек етті. Оның айтуынша, домбыраны ұлықтау…
«Самұрық-Қазына» қоры 2026 жылдың басынан бері он ірі инвестициялық жобаның құрылысын бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қордың компаниялар тобында бизнес-процестерді автоматтандыру және еңбек өнімділігін арттыру үшін жасанды интеллект негізіндегі шешімдер енгізіліп жатыр. Бұл бағыт өндірістік тиімділікті күшейтуге, басқару процестерін оңтайландыруға және цифрлық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. 2026 жылдың басынан бері басталған ірі жобалардың қатарында Атырау облысындағы бутадиен өндіру зауыты бар. Сондай-ақ Атырау облысында «Полиэтилен» және «Бутадиен» жобаларына арналған инфрақұрылым нысандары салынып жатыр. Маңызды жобалардың бірі Екібастұз қаласындағы Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы болмақ. Бұл бастама Қазақстанда цифрлық инфрақұрылымды, есептеу қуатын және жасанды интеллект экономикасына қажет технологиялық базаны дамытуға жол ашады. Энергетика саласында да…
Қонаев қаласында күрделі жаңғыртудан өткен «Қапшағай» теміржол вокзалы ресми түрде қолданысқа берілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Енді қала тұрғындары мен қонақтары заманауи талапқа сай жаңартылған вокзал қызметін пайдалана алады. Жарты ғасырдан астам тарихы бар нысан 1970 жылдары салынған. Осы уақытқа дейін вокзал тек бір рет күрделі жөндеуден өткен еді. Ауқымды жаңғырту жұмыстары 2025 жылы басталды. Жобаның тапсырыс берушісі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ болды. Жөндеу барысында вокзал ғимараты кеңейтіліп, жолаушыларға арналған жағдай жақсартылды. Жаңартылған нысанның ашылу салтанатына Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов қатысып, вокзалдың қызыл лентасын қиды. Қала басшысы вокзалды жаңғырту тұрғындардың жайлылығы мен Қонаевтың дамуына бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жоба екенін…
Kaspi Gold картасын енді Apple Pay қызметіне қосып, әлемнің кез келген жерінде төлем жасауға болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Kaspi. kz Apple Pay қызметінің іске қосылғанын хабарлады. Енді клиенттер iPhone, Apple Watch, iPad және Mac құрылғылары арқылы дүкендерде, мобильді қосымшаларда және интернетте төлем жасай алады. Жаңа мүмкіндік Kaspi Gold картасын пайдалануды одан әрі ыңғайлы етеді. Әсіресе шетелге шыққанда iPhone немесе Apple Watch арқылы төлем жасағысы келетін клиенттер үшін бұл көптен күткен жаңалық болды. Kaspi. kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе Apple Pay-ді қосу клиенттерден ең жиі түскен өтініштердің бірі болғанын айтты. Оның сөзінше, көптеген клиент Kaspi Gold картасын Apple…
Kaspi Gold енді Google Pay-да – Қазақстанда және шетелде төлем жасауға болады. Енді Kaspi. kz клиенттері NFC арқылы байланыссыз төлемді қолдайтын Android смартфоны, смарт-сағаты немесе басқа да құрылғылары арқылы төлем жасай алады. Қызмет әлемнің кез келген елінде қолжетімді және дүкендерде, қосымшаларда әрі интернетте төлем жасауға мүмкіндік береді. Kaspi Gold-ты Google Pay-ге Kaspi. kz суперқосымшасы арқылы немесе Google Wallet арқылы қосуға болады. Kaspi. kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе: «Біз әрбір Kaspi. kz клиентінде кез келген жағдайда төлем жасаудың ыңғайлы тәсілі болғанын қалаймыз. Kaspi QR смартфон моделіне қарамастан барлық клиентке қолжетімді. Kaspi Alaqan телефонсыз-ақ алақанмен төлем жасауға мүмкіндік береді.…









