Өскеменде жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарын іске асыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа Ата заңның ресми күшіне енуі қарсаңында ұйымдастырылған жиында конституциялық реформалардың мәні, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау және «Әділетті Қазақстан» қағидаттарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Конституция кез келген мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастыратын басты құжат екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ата заң елдің ұзақ мерзімді даму бағытын айқындап, тәуелсіздіктің тұғырын бекемдейді және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Аймақ басшысы жаңа Конституция жобасы қоғам сұранысы мен заман талабын ескере отырып әзірленгенін айтты. Құжат мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, құқықтық институттарды…
Автор: Лейла Болтаева
Бүгінде үлкендерден «Қазіргі жастар кітап оқымайды» деген пікірді жиі естиміз. Бұл сөзбен көпшілік іштей келісетін де шығар. Расында, оқушылар мен студенттердің бос уақытын бақыласақ, олардың көпшілігі уақытын әлеуметтік желілерде өткізетінін көреміз. Бір жағында – адамға терең білім мен рухани азық сыйлайтын кітап, екінші жағында – бірнеше секунд ішінде көңіл көтеріп, ақпарат ұсынатын TikTok пен Instagram тұр. Сонда жастар кітаптан бас тартты ма, әлде ақпарат алудың жаңа тәсіліне көшті ме? Ешкімді кінәлаудың қажеті жоқ. Сабақтан немесе жұмыстан кейін «бір-екі минут қана қараймын» деп әлеуметтік желіге кіріп кететініміз бәрімізге таныс жағдай. Алайда мұның артында психологиялық құбылыс жатыр. TikTok-тағы қысқа бейнероликтер адам миына…
Алматының Алмалы аудандық сотында «ҚазТАГ» ісі бойынша кезекті отырыс өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. 29 маусымда сотта МИА «ҚазТАГ» басшылары Асет Матаев пен Амир Касеновке қатысты қылмыстық істі қарау жалғасты. Алайда сот дәлелдерді зерттеу кезеңіне бірден өте алған жоқ. Отырыста қорғау тарапы тағы да бірқатар процессуалдық өтінішхат мәлімдеді. Сот отырысын төрағалық етуші судья Ернар Қасымбеков жүргізді. Ол алдымен процеске қатысушылардан айыптау актісін алған-алмағанын нақтылады. Осыдан кейін «ҚазТАГ» бас редакторы Амир Касеновтің адвокаты Сәлімжан Мусин құжат тиісті тәртіппен табысталмағанын айтты. Мемлекеттік айыптаушы Мөлдір Канисова бұл уәжге қарсы болды. Оның айтуынша, айыптау актісі Қылмыстық-процестік кодекс талаптарына сай берілген. Құжаттың алынғаны қолхатпен расталған. Соған…
Қазақстан қоғамы қасірет пен құрбандық образын романтизациялаудан арылып, еңбекпен жетістікке жеткен адамдардың тарихын көбірек айтуы керек, деп жазады Ertenmedia.kz. Баспагер Бақытжан Бұқарбайдың пікірінше, қазақ әдебиеті әлемдік әдеби үрдістен қалып қойды. Оның айтуынша, жазушылар постмодернизм туралы айтып жүрген кезде әлем метамодернизм кезеңіне өтіп кеткен. Бұқарбай қазіргі әдебиетте, музыкада, блогтарда және әлеуметтік желідегі контентте азап, ауыр тағдыр, жәбірленуші бейнесі тым көп кездесетінін айтады. Оның ойынша, мұндай сарын аудитория назарын жинайтын құралға айналып барады. Бірақ қоғамға өзін аяйтын кейіпкерден гөрі, тағдырын өзі қалыптастыратын адамның үлгісі қажет. Баспагер Дулат ағаның «Өкпек жолаушы» кітабын оқығанын айтып, шығармадағы кейіпкерлердің өмір бойы бір-біріне өз қасіретін баяндауы оған…
Астанада Қазақстанның жаңа Конституциясының арнайы басылымын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Жаңа Ата заңның арнайы даналары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазған хатымен бірге шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелеріне берілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Арнайы басылымды Премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады. Ол өз сөзінде жаңа Конституцияның қабылдануы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы бастаған саяси және қоғамдық жаңғырулардың заңды жалғасы екенін атап өтті. Аида Балаеваның айтуынша, Конституцияның маңызы тек құқықтық нормалармен өлшенбейді. Оның басты мәні құжаттың өзегіне айналған құндылықтарда жатыр. Жаңа редакция елдің саяси бағытын…
Қазақстанның барлық өңірінде 29 маусымға дауылды ескерту жарияланды. «Қазгидромет» мәліметінше, жексенбі күні елдің көп бөлігінде ауа райы күрт құбылады. Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерде бұршақ түсіп, шквал болады. Жел екпіні секундына 20-28 метрге дейін күшеюі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Бұршақ пен шквал болуы ықтимал. Жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Алматыда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні секундына 18 метрге дейін күшеюі мүмкін. Сонымен қатар қалада +36 градусқа дейін қатты ыстық болады. Іле Алатауы тауларында да қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі.…
Алматы облысында өткен «Қымызмұрындық – 2026» фестиваліне 35 мыңға жуық қонақ келді. Қарқара жайлауында халықтың ұлттық рухын оятып, дархан даланы думанға бөлеген үлкен мереке өз мәресіне жетті. Биылғы фестивальге еліміздің әр өңірінен және алыс-жақын шетелден келген меймандар қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Қымызмұрындықта ұлттық спорт түрлерінен түрлі сайыс өтіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жеңімпаздар марапатталды. Қарқара төрі бірнеше күн бойы ат дүбірі, балуан белдесуі және ұлттық өнердің қуатымен жаңғырып тұрды. Мерекедегі ең әсерлі көріністің бірі Мыңжылқы төсін дүбірлеткен мың жылқының шеруі болды. Жер тарпыған жылқының екпіні жиналған жұрттың рухын көтеріп, сайын даланың еркін тынысын сездірді. Көпшіліктің назарын бәйге де ерекше…
Алматыда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай журналистерге 15 пәтер кілті табысталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгін, 27 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан медиа саласының мамандарына баспана кілті салтанатты түрде берілді. Алматыдағы рәсімге Президент кеңесшісі, Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров қатысып, әріптестерін жаңа қонысымен құттықтады. Биыл Алматы қаласында БАҚ саласының 15 қызметкері пәтер алды. Олардың қатарында «Qazaqstan», «Хабар», «Еуразия», «КТК», «31 арна» телеарналарының, «Қазақ газеттері» ЖШС, «Жас Алаш», «Время», «Қазақ әдебиеті», «Түркістан» басылымдарының және «Шалқар» радиосының қызметкерлері бар. Іс-шараны «Dara» Президенттік бастамалар қоры ұйымдастырды. Айбек Смадияров өз сөзінде Мемлекет басшысының отандық журналистиканы дамытуға тұрақты көңіл бөліп келе жатқанын атап өтті. Оның…
Шығыс Қазақстан облысында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында журналистерге пәтер кілті табысталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңірде кәсіби мерекеге арналған салтанатты шара өтті. Ақпарат саласы өкілдерін ұлықтаған жиынға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысып, журналистердің қоғамдағы маңызды рөліне тоқталды. Облыс әкімі бұқаралық ақпарат құралдары мемлекет пен халық арасындағы алтын көпір екенін атап өтті. Оның айтуынша, шынайы ақпарат тарату, қоғамдық пікір қалыптастыру және ел бірлігін нығайту жолындағы журналистер еңбегі әрдайым жоғары бағалануы керек. Биылғы мерекенің басты жаңалығының бірі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне тұрғын үй беру бастамасының іске асуы болды. Бұл қолдау өңір журналистері үшін алғаш рет жүзеге…
Алматы облысының Қарқара жайлауында ұлттық рухты ұлықтаған «Қымызмұрындық – 2026» мәдени-көпшілік және спорттық шарасы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Дүбірлі думан биыл бесінші рет ұйымдастырылды. Қарқара төрінде өткен мереке қазақтың көреген абызы Әлмерек Жаншықұлының 368 жылдығымен тұспа-тұс келді. Осыған орай абыз баба рухына Құран бағышталып, ас берілді. Салтанатты шараға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев қатысты. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді. Мәлік Отарбаев Президент ұлттық құндылықтарды ұлықтап, ата дәстүрді дәріптейтін тағылымды шараларға ерекше мән беретінін атап өтті. Оның айтуынша, Кеген ауданында өткен «Қымызмұрындық» мерекесі ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, елдің рухани тамырын тереңдете түседі. Ұлттық сусын, ат спорты, салт-дәстүр және елдік мұра…










