Автор: Лейла Болтаева

ҚМЖ Аятжан Ахметжанұлы

«Мектептегі ҚМЖ-ны (қысқа мерзімді жоспар) толық алып тастау дұрыс шешім емес, бірақ оны міндеттеуге де қарсымын», – дейді белгілі педагог, мектеп директоры Аятжан Ахметжанұлы, деп жазады Ertenmedia.kz. Әріптесі Айманның ҚМЖ-ны мүлдем алып тастау туралы ұсынысы жайында пікір білдірген ол, мәселені жан-жақты қарау керегін айтады. – Жалпы, мен өзім кезінде ҚМЖ жазбайтын мұғалім болдым. Қазір директор ретінде де мұғалімдерден ҚМЖ талап етпеймін. Бірақ соған қарамастан, ҚМЖ-ны толық алып тастауға қарсымын. Неге? Себебі еліміздегі мұғалімдердің біліктілігі әлі де төмен деңгейде. Жақында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызы да Қазақстандағы мұғалімдердің жартысынан астамының білімі төмен екенін айтты. Мұны қайдан алынғанын білмеймін, бірақ өз басым 16…

Толық оқу
Моджтаба Хаменеи

Иранда жоғарғы билікке жаңа тұлға келді. Елдің Эксперттер ассамблеясы аятолла Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеиді Иранның жаңа Жоғарғы жетекшісі етіп тағайындады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ресми мәлімет бойынша, шешім АҚШ пен Израильдің әскери соққылары жалғасып жатқан кезеңде қабылданған. Әуе шабуылдары Тегеранға он күн бойы үздіксіз жасалып жатыр. Эксперттер ассамблеясы жоғары дәрежелі дінбасылардан тұратын орган – 56 жастағы дін қызметкерін елдің жаңа көшбасшысы ретінде таңдады. Моджтаба Хаменеи Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусымен тығыз байланысы бар тұлға саналады. Аталған әскери құрылым әкесінің қазасына жауап ретінде қарсы операцияларды жүргізіп жатқан негізгі күштердің бірі. Әли Хаменеи 28 ақпанда соғыс басталған алғашқы соққылардың кезінде қаза тапқан.…

Толық оқу
қылмыс

Тараз қаласының тұрғыны тонаушы шабуыл жасады деп полицияға жалған хабар берген, деп жазады Ertenmedia.kz. Polisia.kz арнасының хабарлауынша, әйел адам үйіне бетперде киген белгісіз ер кісі басып кіріп, қарумен қорқытып, қолын байлап, алтын бұйымдары мен ақшасын алып кеткенін айтқан. «Аталған ауыр қылмыс туралы хабарлама полиция тарапынан дереу қабылданып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-тергеу тобы іске кірісіп, тиісті іздеу шараларын жүргізді», – делінген ақпаратта. Алайда, көп ұзамай, бұл оқиғаның жалған екені анықталды. Полицейлердің мәліметінше, әйел күйеуімен болатын жанжалдан қорқып, осындай оқиғаны ойдан шығарған. Шын мәнінде ол алтын бұйымдарын бірнеше ай бұрын күйеуінің рұқсатынсыз сатып жіберген. Қазіргі таңда аталған азаматшаға қатысты қылмыс туралы…

Толық оқу
жұлдыз жорамал

9 наурыз маңызды шешімдер мен ішкі үйлесім күні. Бұл күні эмоция мен ақыл арасындағы тепе-теңдікті ұстау қажет, деп жазады Ertenmedia.kz. Астрологтардың айтуынша, бүгінгі күн өткен іске талдау жасауға, жаңа жоспар құруға және қарым-қатынасты нығайтуға өте қолайлы. Эмоцияға бой алдырмай, әрбір әрекетті ақылмен таразылаған абзал. Тоқты Іскерлік бастамалар мен жауапты шешімдер үшін қолайлы күн. Сіз өзіңізге сенімдісіз және кез келген мәселені жылдам шешесіз. Ақша келуі немесе пайдалы кездесулер болуы мүмкін. Торпақ Жақындарыңызбен қарым-қатынасқа көбірек көңіл бөліңіз. Бұрынғы түсініспеушіліктерді шешіп, сенімді нығайтуға мүмкіндік бар. Сабыр сақтап, асығыс шешімдерден аулақ болыңыз. Егіздер Күн эмоционалды тыныштық пен жаңа әсер сыйлайды. Жаңа таныстық немесе ескі…

Толық оқу
көктайғақ жол

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлайды. «Қазгидромет» 9 наурызға арналған дауылды ескерту жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Синоптиктердің мәліметінше, Астана, Алматы, Шымкент және еліміздің 16 облысында қолайсыз ауа райы күтіледі. Астанада қар жауып, боран соғады, жолдарда көктайғақ болады. Жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысында да ауа райы қолайсыз: қар, бұрқасын, көктайғақ күтілуде. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел жылдамдығы – 15-20 м/с, түнде өңірдің батыс, солтүстік, шығыс бөлігінде желдің екпіні 25 м/с болады. Көкшетауда түнгі және таңғы уақытта қар жауып, боран, көктайғақ болуы мүмкін. Жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Алматыда күндіз желдің екпіні 15 м/с болады. Іле…

Толық оқу
Gmail пошта

Gmail-дегі поштаңызды жылдам тазалауға мүмкіндік беретін ерекше функция бар екенін білесіз бе? Осы тәсілмен электронды поштаңызды бірнеше секундта ретке келтіруге болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Кейде Gmail-ден жаңа хат туралы хабарлама келгенде, жұмыс туралы жағымды жаңалық не сәлемдеме жайлы ақпарат шығар деп үміттенесіз. Алайда көбіне бұрынғы университетіңіз немесе бұрын жойып тастаған фитнес-қосымшадан жазылған кезекті жарнамалық хат болып шығады. Мұндай хаттар күн сайын көбейіп, кіріс жәшігіңізді маңызды емес хабарламаларға толтырып жібереді. Осындай жағдайға тап болсаңыз, әрбір хаттан жеке-жеке бас тарту – өте күрделі әрі жалықтыратын жұмыс. Бірақ Gmail-де бұл мәселені тез шешуге арналған «Жазылымдарды басқару» (Manage Subscriptions) атты пайдалы құрал бар. Ол…

Толық оқу
соккы

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) жексенбі күні Израиль мен АҚШ нысандарына қарсы жаңа соққы толқыны басталғанын мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. КСИР мәліметінше Израильдің Тель‑Авив және Беэр‑Шева қалаларындағы әскери нысандарға және Иордания аумағындағы Аль‑Азрак авиабазасына жаңа буын зымырандары қолданған. Sepah News ресми ақпарат ресурсы жариялаған хабарламада аталған соққылар КСИР‑дің аэроғарыш күштері арқылы жүзеге асқаны айтылған. Мәлімдемеде Аль‑Азрак авиабазасы АҚШ‑тың Таяу Шығыстағы ең ірі әрі белсенді әскери‑әуе базаларының бірі екені және оған бірнеше рет соққы жасалғаны көрсетілген. КСИР хабарлауынша, Тель‑Авив пен Беэр‑Шевадағы әскери мақсаттағы нысандар «Хейбар» үлгісіндегі зымырандармен атқыланған. Аталған зымырандар аса ауыр оқтұмсықпен жабдықталғаны айтылды. Корпус бұған дейін «сепаратистік топтардың»…

Толық оқу
тарақан

Әлем ғалымдары күтпеген жаңалық ашты. Тарақан сүті сиыр сүтінен төрт есе құнарлы болып шыққан, деп жазады Ertenmedia.kz. Зерттеушілердің айтуынша, тарақанның сүті ақуызға, аминқышқылдарына және энергетикалық құнды заттарға өте бай. Сондықтан бұл өнім болашақ ұрпақ үшін маңызды азық көзіне айналуы мүмкін. Әдетте, тарақандар сүт бермейді. Бірақ Diploptera punctata атты ерекше тарақан түрі тірі бала туып, оны сүтпен қоректендіретін әлемдегі жалғыз жәндік. Оның сүті ақуыз кристалдарынан тұрады. Жәндіктің сүт өндіретіні ғажап құбылыс. Одан да таңғаларлығы ақуыз кристалдарының энергетикалық құндылығы. Бір ғана ақуыз кристалы буйвол сүтіне қарағанда үш еседен астам энергия береді екен. Ғалымдар осы ақуызды кристалдардың пайда болуына жауапты гендерді анықтап, оларды зертханада жасанды…

Толық оқу
Санкция соғыс мұнай

АҚШ Иранға қарсы әскери операция аясында орыс мұнайға қатысты санкцияларды одан әрі жеңілдетуі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. АҚШ Қаржы министрі Скотт Байсент сенбі күні мәлімдеме жасап, АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери агрессиясына байланысты ресейлік мұнай санкцияларын жұмсарту мүмкіндігі қарастырылатынын айтты. Байсент журналистерге: «Біз ресейлік мұнайдың басқа да түрлеріне қатысты санкцияларды алып тастауымыз мүмкін», – деп мәлімдеді. Министрдің айтуынша, Иранға қарсы операция жалғасқан сайын Вашингтон әлемдік мұнай нарығындағы шиеленісті басу үшін жаңа шараларды кезең-кезеңімен жариялап отырады. АҚШ Энергетика министрі Крис Райт та Оңтүстік Азиядағы мұнай өңдеу зауыттарының жұмысын қамтамасыз етпек. Ал Үндістанға Ресей мұнайын сатып алуды жалғастыруға рұқсат берілгенін мәлімдеді.…

Толық оқу
Иран

Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстан кейін Тегеранның ықпал ету аумағы кеңейіп, өңірдегі көптеген елдердегі оқиғаларға әсер етуде, деп жазады Ertenmedia.kz. Болып жатқан жағдайды нақтырақ түсіну үшін абстрактілі модельдеуге иек артуға тура келіп тұр. Елестетіп көріңізші, үлкен шеңбер, оның ішінде тағы бір кішкентай шеңбер орналасқан. Мұнада осындай екі түрлі модель бар. Бірінші жағдайда, кішкентай шеңбердегі қақтығыс үлкен шеңберге таралмай, бір орында қалады. Украинадағы жағдай осыған айқын мысал болары сөзсіз. Әлемнің көптеген елдері бұл қақтығыстың ауқымы кеңейіп кетпеуіне мүдделі. Ал екінші типтегі модель әлгі кішкентай шеңбердегі жергілікті қақтығыстың үлкен шеңберге, яғни, тұтас аймаққа жайылып, бүкіл өңірлік қауіпсіздікті шайқалтуы. Ирандағы қазіргі жағдай осыған ұқсас. Иран мен…

Толық оқу