Алматыда 600-ден астам көпбалалы әйел кәсіп ашуға арналған оқудан өтті. Мемлекеттік гранттар, оқыту бағдарламалары және жеңілдетілген қолдау шаралары қаладағы әйелдерге жеке кәсібін бастауға, отбасылық табысын арттыруға және әлеуметтік жобаларды дамытуға мүмкіндік беріп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы қаласы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Сәуле Бекетаева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы бағыттағы жұмыстар туралы айтты. Оның сөзінше, әйелдер арасында ең сұранысқа ие бағдарламалардың бірі «Бастау Бизнес». Аталған бағдарлама кәсіпкерліктің бастапқы дағдыларын үйретіп, жеке ісін ашқысы келетін азаматтарға нақты бағыт береді. Бағдарлама аясында 647 көпбалалы әйел оқудан өткен. Соның ішінде 281 адам өз кәсібін бастау үшін…
Автор: Лейла Болтаева
Астанада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы футбол стадионының құрылысы толық аяқталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Тарихы 1936 жылдан басталатын аңызға айналған спорт нысаны қайта жаңғырып, заманауи келбетке ие болды. Құрылыс жұмысы аяқталған стадионды ҚР Бас прокуроры Берік Асылов пен қала басшылығы аралап көрді. Стадион Арнайы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен салынды. Бас прокуратура заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Сол қаражаттың ел игілігіне бағытталып, балалар мен жасөспірімдер спортына қызмет ететін нысанға айналуы маңызды қадам. Спорт нысанының жалпы ауданы 18 951 шаршы метрді құрайды. Стадион UEFA-ның 2-санатына сай келеді және 3 600 көрерменге арналған. Мұнда UEFA мен Қазақстан футбол федерациясының стандарттарына…
Жылбек Сенбекұлы Facebook парақшасында жариялаған видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көргенсіздік деп бағалануда, деп жазады Ertenmedia.kz. Кадрда жас қыздардың Алаш арыстарының ескерткіші маңында отырып, мүсіннің мойын тұсына аяғын салбыратып отырып алғанын көруге болады. Бұл көрініс желі қолданушыларының наразылығын туғызды. Көпшілік мұндай әрекетті ұлт қайраткерлерінің рухына жасалған құрметсіздік ретінде қабылдады. Өйткені Алаш арыстары қазақтың азаттығы, елдік санасы, білім мен мемлекетшілдік жолындағы күресінің символы. Олар халықтың болашағы үшін басын бәйгеге тігіп, ұлт мүддесін өмірінен жоғары қойған тұлғалар. Сондықтан олардың ескерткіші ойын-күлкіге, ермекке айналмауы керек. Ескерткіш маңындағы әрбір адамның жүріс-тұрысы белгілі бір мәдениетті, тарихи жадыға деген құрметті көрсетуі тиіс. Бұл оқиға жасөспірімдер мен…
Қазақстанда қой еті соңғы жылдары айтарлықтай қымбаттады. Сарапшылардың мәліметінше, Кеңес Одағы кезеңінде Қазақстанда 34,6 млн қой мен ешкі болса, 2026 жылға қарай бұл көрсеткіш 23,17 млн басқа дейін азайған. Мал басының кемуі ішкі нарықтағы ұсынысқа тікелей әсер етіп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Экономист Ерлан Каримовтың айтуынша, қой еті бүгінде жай ғана азық-түлік емес, инфляцияның, ауыл шаруашылығының және ауылдағы өндіріс шығынының нақты көрсеткішіне айналды. 2025 жылы қой етінің бағасы 29 пайызға өскен. Ал соңғы 25 жылда ет бағасы 14 еседен астам қымбаттады. Қазір бір тонна қой еті шамамен 1,3 млн теңге тұрады. Тірі қойдың орташа бағасы 86 мың теңгеден асып отыр. Бағаның…
Жазушы Дәурен Қуат Алтын Орда мұрасын тану, қазақ тарихын жүйелі зерттеу және ұлттық сананы жаңғырту мәселесіне қатысты ойымен бөлісті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жазушының айтуынша, қазақ қоғамында тарихын толық танып өспеген буын бар. Алайда ол мұны ең үлкен қасірет деп санамайды. Оның ойынша, нағыз мәселе – тарихты білмеуде емес, оны білуге ұмтылмауда, танымай қалуда емес, тануға талпынбауда. Дәурен Қуат мектеп қабырғасында жүргенде тарих пәнін аса қызығып оқымағанын айтады. Кеңестік кезеңдегі оқулықтарда қазақ тарихы толық әрі терең берілмеген. Ал жоғары оқу орнында КПСС тарихын оқыту, съездер мен пленум шешімдерін жаттау сол заманның білім жүйесіндегі ауыр мұраның бірі болды. Жазушының пікірінше, сол кездегі…
Қостанай облысында көлігіне жалған мемлекеттік нөмір таққан жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиға Лисаков қаласында болған. Сот Nissan Primera көлігін басқарған ер адамның ісін қарады. Сот мәліметінше, 2026 жылғы 15 мамырда жүргізуші көлікті көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен басқарған. Сот отырысында ер адам кінәсін мойындаған. Оның айтуынша, көлігі Ресей есебінде тұрған. Ол танысының үйінде жүрген кезде жалған нөмірді алып, өз көлігіне орнатқанын түсіндірген. Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Бұл бап көлікті көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік нөмірмен басқарғаны үшін жауапкершілік қарастырады. Сот жүргізушіні…
Премьер-министр Олжас Бектенов жазғы демалыс кезінде балалар тегін бара алатын музейлер, театрлар, кітапханалар, мәдени орталықтар мен ұлттық саябақтар тізімін кеңейтуді тапсырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Үкімет отырысында Премьер-министр балалардың жазғы демалысын мазмұнды, қауіпсіз әрі пайдалы ұйымдастыру мәселесіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, Мәдениет министрлігі жазғы кезеңде балалардың мәдени нысандарға тегін бару бағдарламаларын кеңейтуі қажет. «Мәдениет министрлігі жазғы демалыс кезінде балалардың музейлер мен театрларға, кітапханалар, мәдени орталықтар мен ұлттық саябақтарға тегін бару бағдарламаларын кеңейтуі керек», деді Олжас Бектенов. Сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, оқушылар мен студенттерді уақытша жұмыспен қамту шараларын ұйымдастыру тапсырылды. Премьер-министр мұндай жұмыс барысында еңбек құқықтары…
Қазақстанда мектеп мұғалімдеріне кей жағдайда репетиторлықпен айналысуға шектеу салынуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкіметтегі брифингте репетиторлық қызмет нарығын реттеуге қатысты заңнамалық өзгерістер әзірленіп жатқанын айтты. Министрлік «Білім туралы» заңға түзетулер енгізуді бастаған. Журналистер министрден оқушылар репетитордың көмегінсіз жоғары балл жинай ала ма деп сұрады. Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, тек мектептегі білім базасына сүйеніп, жақсы нәтиже көрсетіп жүрген талапкерлер бар. Министр репетиторлық орталықтардың қызметі, олардың салық төлеуі, балалар мен ата-аналар алдындағы жауапкершілігі заң жүзінде нақты реттелуі керек екенін атап өтті. Ең маңызды өзгерістердің бірі – мұғалімнің өзі мектепте сабақ беретін оқушыға қосымша ақылы репетиторлық жүргізуіне қатысты. Министрлік мұндай…
Қазақстанда соңғы жылдары үш университеттің лицензиясы қайтарылды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкіметтегі брифингте айтты. Журналистер министрден елдегі жоғары білім сапасы қалай бағаланатынын және соңғы жылдары сапасыз оқытуға байланысты қанша жоғары оқу орны лицензиясынан айырылғанын сұраған, деп жазады Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, соңғы жылдары үш университеттің лицензиясы қайтарылған. Қазір тағы бірнеше оқу орны бойынша жұмыс жүріп жатыр. Оның ішінде екі университетке қатысты тексеру және рәсімдік шаралар қаралып жатқанын жеткізді. Алайда Саясат Нұрбек нақты қай жоғары оқу орындары туралы сөз болып отырғанын атаған жоқ. Министр мұндай ақпаратты түпкілікті шешім шықпай тұрып жариялау жүздеген мың студенттің жағдайына әсер етуі…
Алматыдағы «ADD» үстел теннисі орталығында журналистер мен блогерлер арасында үстел теннисінен жарыс өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Спорттық іс-шараны Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды. Әдетте оқиға ортасында жүріп, жарыс пен жеңіс туралы хабар тарататын медиа мамандары осы жолы өздері бәсекенің басты кейіпкеріне айналды. Турнирге еліміз бен қаланың бірқатар белді бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, тележүргізушілер, тілшілер, спорт шолушылары, фотографтар мен блогерлер қатысты. Кәсіби ортадағы әріптестік бір сәтке спорт алаңындағы тартысқа ұласып, қатысушылар жылдамдық, реакция, тактикалық ойлау және сабыр сыналған ойында бақ сынады. Жарыс қызықты әрі тартысты өтті. Қатысушылар үстел теннисінде бір ұпайдың өзі ойын бағытын күрт өзгертіп жіберетінін…










