Автор: Лейла Болтаева

айыппұл полиция

Қазақстанда әкімшілік айыппұлдардың бір бөлігін кешіруге арналған алғашқы амнистия жобасы дайындалып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Мәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның айтуынша, жаңа бастама аясында қазақстандықтарға бірнеше миллиард теңге көлеміндегі айыппұл мен өсімпұл кешірілуі мүмкін. Әңгіме негізінен қоғамға аса қауіпті емес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы болып отыр. Депутаттың сөзінше, есептен шығарылатын айыппұлдардың шамамен 90 пайызы Ішкі істер министрлігі салған әкімшілік жазаларға тиесілі болуы ықтимал. Олардың басым бөлігі жол қозғалысы ережесіне қатысты жеңіл бұзушылықтар. Мәселен, қауіпсіздік белдігін тақпау немесе көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану секілді құқық бұзушылықтар амнистияға ілігуі мүмкін. Сонымен бірге тек негізгі айыппұл ғана емес, оған жиналған өсімпұл да кешірілуі ықтимал.…

Толық оқу
дата орталық

Екібастұзда «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасының бірінші кезеңі аясында 196,4 млрд теңгеге дата-орталық салу жөнінде келісімшарт жасалды, деп жазады Ertenmedia.kz. «Самұрық-Қазына» сатып алу сайтындағы деректерге сәйкес, 2026 жылғы мамырда «Деректерді өңдеу орталығы» нысанын «толық аяқталған күйінде» салуға арналған кешенді жұмыстар бойынша шарт пайда болған. Telegram-дағы PROTENGE арнасының мәліметінше, құжатта бұл Екібастұздағы «Долина дата-центров» жобасының бірінші кезеңі екені көрсетілген. Келісімшарт сомасы 196,4 млрд теңгені құрайды. Сатып алу тәсілі ретінде бір көзден алу әдісі белгіленген. Мердігер ретінде «Транстелеком» АҚ көрсетілген. Әңгіме Павлодар облысындағы Екібастұз энергия торабы маңында дата-орталықтар желісін құру жобасы туралы болып отыр. 2026 жылғы қаңтарда Қазақстанда серверлер, бұлтты сервистер және…

Толық оқу
жиын

Астанада Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ)  ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге қол қойды, деп жазады Ertenmedia.kz. Құжат МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Мариано Гроссидің Қазақстанға сапары аясында рәсімделді. Келісімге ҰҒОО басқарма төрағасы Жандос Бүркітбаев пен МАГАТЭ басшысы қол қойды. Серіктестік үш жылға есептелген, кейін мерзімін ұзарту мүмкіндігі бар. Келісім радиациялық онкология, ядролық медицина, диагностикалық визуализация, медициналық физика, радиофармация және медицинадағы радиациялық қауіпсіздік бағыттарын қамтиды. Негізгі мақсат Қазақстандағы онкологиялық көмектің сапасын арттырып, отандық радиациялық медицинаны халықаралық стандарттарға жақындату. Маңызды бағыттардың бірі Ұлттық ғылыми онкология орталығын МАГАТЭ-нің Rays of Hope жаһандық бастамасы аясындағы Anchor Centre ретінде дамыту. Егер…

Толық оқу
Ерлан Қарин

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиында Қазақстан азаматтығына қабылдау және азаматтықтан шығу мәселелері қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекет басшысына 305 адамды Қазақстан азаматтығына қабылдау туралы ұсыныс енгізіледі. Сонымен қатар комиссия 43 адамның Қазақстан азаматтығынан шығу туралы өтінішін қанағаттандыруды ұсынбақ. Ерлан Қарин соңғы жылдары Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдіргендер саны тұрақты түрде азайып келе жатқанын атап өтті. Мәліметке сүйенсек, кейінгі 8 жылда мұндай өтініш саны шамамен 40 есеге қысқарған. 2019 жылы Қазақстан азаматтығынан шығуға 1,7 мың өтініш тіркелген. 2020 жылы бұл көрсеткіш 944 болды. 2021 жылы – 123,…

Толық оқу
ҰБТ тапсыру

Қазақстанда жаңа Admission Insight Test, яғни AIT тестін әзірлеу кезінде жасанды интеллект қолданылмақ, деп жазады Ertenmedia.kz. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, жаңа тест тек мектептегі пәндік білімді тексерумен шектелмейді. Ол талапкердің сыни ойлау қабілетін, цифрлық сауатын, көшбасшылық қасиетін және басқа да маңызды дағдыларын бағалауға бағытталады. Министрдің сөзінше, тест сұрақтарын құрастыруда да, жауаптарды талдауда да жасанды интеллект мүмкіндіктері пайдаланылады. Қазіргі технологиялар бағалау жүйесінде үлкен серпіліс жасап отыр. ЖИ адамның білімін ғана емес, ойлау логикасын, эмоционалдық интеллектін, құндылықтарын, адалдыққа және жауапкершілікке қатысты ұстанымдарын да саралауға мүмкіндік бере бастады. – ЖИ, шынында да, қолданылады. Қазір алгоритмдер бағалау жүйесінде өте үлкен…

Толық оқу
қаржы

Қазақстан Қытай қор нарығында юаньмен номинацияланған алғашқы панда-облигацияларын сәтті орналастырды, деп жазады Ertenmedia.kz. 2026 жылғы 26 мамырда жүзеге асқан дебюттік шығарылым көлемі 3,4 млрд юаньды құрады. АҚШ долларымен есептегенде бұл шамамен 500 млн доллар. Облигацияның айналыс мерзімі – 3 жыл, жылдық купондық мөлшерлемесі – 1,9 пайыз. Өтінімдер кітабын қалыптастыру кезінде инвесторлар сұранысы ұсыныстан 2 есе асып түсті. Қаржы министрлігінің мәліметінше, мұндай көрсеткіш Қытайдың институционалдық инвесторлары Қазақстан экономикасының тұрақтылығына, макроэкономикалық көрсеткіштеріне және мемлекеттік қарыз деңгейінің төмендігіне сенім білдіріп отырғанын көрсетеді. Қазақстан BBB рейтингі бар елдер арасында Қытай нарығына ең төменгі мөлшерлемемен шыққан ел ретінде рекорд орнатты. Сонымен қатар орналастыру мөлшерлемесі AA…

Толық оқу
көкжайлау

Алматы тау кластерінде көлік қатынасын жаңарту және Көкжайлау бағытына жеке көліктердің кіруін шектеу мәселесі қарастырылып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Алматыны дамыту орталығы жанындағы жобалық кеңсенің «Көлік жүйесін дамыту» бағытын іске асыру тобының жетекшісі Артур Шахбазянның айтуынша, жаңа көлік тұжырымдамасы жеке автокөлікке тәуелділікті азайтып, қоғамдық көлік пен шаттл жүйесін күшейтуге бағытталған. Маман соңғы үш жылда Алматы агломерациясының көлік жүйесін дамыту бойынша жұмыс жүргізіліп келе жатқанын айтты. Оның сөзінше, мәселе тек Көкжайлаумен шектелмейді, тұтас Алматы тау кластерінің көлік қолжетімділігіне қатысты. 2024 жылы Кіші Алматы шатқалының көлік қолжетімділігі тұжырымдамасы әзірленген. Ал 2025 жылы Туризм басқармасы Үлкен Алматы шатқалы бойынша бөлек концепция дайындаған. «Бұл…

Толық оқу
көкжайлау

Алматыда тау кластерін дамыту мәселесіне арналған қоғамдық тыңдау барысында тарихи және археологиялық мұраларды сақтау мәселесі көтерілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Kazakh Tourism Dev. LTD бас атқарушы директоры Ержан Еркінбаевтың айтуынша, жоба бойынша қазақстандық ғалымдармен өзара жұмыс жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, сәулетшілердің ұстанымдары арнайы мамандандырылған институтпен талқыланған. Спикер Көкжайлау аумағында ресми тіркелген сәулет ескерткіштері жоқ екенін айтты. Дегенмен жүргізілген зерттеулер нәтижесінде 123 археологиялық нысан анықталған. Оның ішінде 46 нысан сақталады. Ал қалғандары бойынша музеификация жұмыстары жүргізіледі. Яғни археологиялық мұралар жойылып кетпей, ғылыми және туристік айналымға енгізілуі мүмкін. Ержан Еркінбаевтың сөзінше, мұндай тәсіл тарихи мұраны қорғаумен қатар, Алматы маңындағы туристік бағыттардың мазмұнын байытады.…

Толық оқу
теміржол

Таяу Шығыс шиеленісі, әсіресе Иран маңындағы жағдай мен Ормуз бұғазына қатысты тәуекелдер Қазақстан теміржол инфрақұрылымын дамыту жобасына жаңа серпін беріп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Әңгіме Еуропалық одақ пен Қытай нарығын байланыстыруға бағытталған шамамен 10 млрд долларлық теміржол жобасы туралы болып отыр. Әлемдік саудада теңіз жолдарының қауіпсіздігіне қатысты алаң күшейген сайын, құрлық арқылы өтетін балама бағыттарға қызығушылық артып келеді. Бұл жерде Қазақстан үшін негізгі мүмкіндік Орта дәліз. Транскаспий бағыты Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы өтіп, Қытай мен Еуропаны Ресей аумағын айналып байланыстырады. Ресей арқылы өтетін дәстүрлі транзит қысқарғаннан кейін бұл бағыттың маңызы айтарлықтай өсті. Қазақстан ұлттық операторы жүк тасымалына сұраныс…

Толық оқу
Almaty Superski

Алматыда Көкжайлау шатқалындағы Almaty Superski тау курортын салу жобасына қатысты қоғамдық тыңдау өтіп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиын барысында Алматы тау кластерін дамыту, туристік инфрақұрылымды жетілдіру, экологиялық талаптарды сақтау және табиғи аумақтарға түсетін жүктемені дұрыс басқару мәселелері талқылануда. Қоғамдық тыңдауға мемлекеттік органдардың өкілдері, экологтар, сарапшылар, қоғам белсенділері және қала тұрғындары қатысып жатыр. Қатысушылар жобаға қатысты ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, инфрақұрылымдық бастамалардың Іле Алатауы табиғатына ықтимал әсерін талқылауда. Almaty Superski жобасы Алматы маңында халықаралық деңгейдегі заманауи тау курортын құруға бағытталған кешенді бастама ретінде ұсынылып отыр. Жоба қысқы туризмді, соның ішінде шаңғы мен сноуборд бағыттарын дамытумен қатар, жаяу серуен маршруттарын, экотуризмді…

Толық оқу