Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен өңір активінің отырысында еліміздің жаңа Конституция жобасы жан-жақты талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесуде облыс әкімі басты мақсат – Ата Заңға енгізілгелі отырған өзгерістердің мәнін халыққа ашық әрі толық жеткізу екенін атап өтті. – Конституциялық реформаның табысты болуы әр азаматтың белсенді қатысуына байланысты. Сондықтан бұл құжат туралы ақпаратты әр тұрғын нақты әрі дұрыс түсінуі тиіс, – деді әкім. Жиында сөз сөйлеген Алматы облыстық мәслихатының төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Қуат Байғожаев, бұл өзгерістердің Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқанын айтты. – Президентіміз бірпалаталы Парламент құру туралы бастаманы 2025 жылғы Жолдауында көтерген…
Автор: Лейла Болтаева
Түркістан облысында биыл есірткінің заңсыз айналымына қатысты 425 дерек тіркелді. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Зиятаев мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. – Аталған деректердің ішінде 131-і қылмыс санатына жатса, 294-і – теріс қылық түріндегі құқық бұзушылықтар. Сондай-ақ, есірткіні заңсыз егу бойынша 65, есірткіні сату бойынша 43 дерек анықталды. Заңсыз айналымнан бір тоннадан астам есірткі тәркіленді, – деді Зиятаев. Оның айтуынша, аса ірі көлемде есірткі сақтау бойынша 19 факті тіркеліп, екі ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталған. Сонымен қатар интернет арқылы синтетикалық есірткілердің таралуына жол бермеу мақсатында тұрақты мониторинг жүргізіліп, 1 382 ақпараттық сайт бұғатталған. Прокуратурамен бірлесіп жүргізілген жұмыс барысында…
АҚШ Әділет министрлігі жариялаған атышулы Джеффри Эпштейннің ісіне қатысты жаңа материалдарда Қазақстанның аты 400-ден астам рет аталады, деп жазады Ertenmedia.kz. Эпштейннің Қазақстанға тұрақты түрде сапар шегіп тұрғанын, жоғары лауазымды тұлғалармен кездескенін анықталды. Құжаттар арасында Алматы мен Астана қалаларына сапарлардың егжей-тегжейлі жоспары мен белгісіз қазақстандық «И.» есімді қыз туралы да деректер бар. 2025 жылдың 20 қарашасында АҚШ президенті Дональд Трамп Эпштейннің ісіне қатысты барлық материалдарды жариялауды міндеттейтін заңға қол қойған еді. Осы заң негізінде 2026 жылдың 31 қаңтарында АҚШ Әділет министрлігі 3 миллион бет құжат, 180 мың сурет және 2 мыңнан астам видеоматериал жариялады. Бұл – Эпштейнге қатысты бүгінге дейінгі жарияланған…
«Конституция жобасы ашық талқылауға түсті. Бұл өте дұрыс әрі қажет қадам», дейді саясаткер Әміржан Қосанов, деп жазады Ertenmedia.kz. – Алайда бір өкініштісі, ағайынның біразы негізгі құжатты оқымай-ақ, өзгенің пікірі арқылы өз ойын қалыптастырып жатыр. Ал ол пікірлердің арасында шындығы да, жалғаны да бар. Осыдан кейін халықтың нақты түсінігі болмайды, – дейді ол. Осыған байланысты саясаткер үш нақты ұсыныс айтты. – Біріншіден, жобаны дайындаушылар қазір қолданыстағы Конституция мен жаңа ұсынылған мәтінді салыстырмалы түрде талдап, түсінікті тілмен халыққа жеткізуі тиіс. Әр азамат қай өзгерістің қандай себеппен енгізілгенін анық ұғынуы үшін қажет қадам. Осы ақпарат барлық жерде ашық жариялануы керек. Екіншіден, Конституциялық комиссия…
ҚазҰУ-дің Шығыстану факультетінің деканы Мырзахан Егембердиев Конституция жобасының жариялануы елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға болды деп бағалады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл құжат Қазақстанның болашақ дамуын, мемлекеттік басқарудың сипатын және азамат пен мемлекеттің жаңа қарым-қатынасын айқындайтын іргелі негіз ретінде қабылдануда. Әсіресе қоғамда ұзақ уақыт бойы талқыланған әділеттілік, теңдік, ашықтық және адам құқықтарын қорғау мәселелеріне нақты жауаптар беруге ұмтылған. Ең алдымен, жаңа Конституция жобасын дайындау процесінің өзі оң бағалауға лайық. Құжаттың әзірленуі ашықтық қағидатына негізделіп, оған азаматтар, сарапшылар, ғылыми қауымдастық пен қоғамдық ұйымдар белсенді атсалысты. eGov және e-Otinish платформалары арқылы мыңдаған ұсыныстардың қабылдануы мемлекеттік органдар мен халықтың өзара диалогының жаңа деңгейге көтерілгенін…
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен еліміздің жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған актив жиыны өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Басқосуға аудан және қала әкімдері, басқарма басшылары, құқық қорғау органдарының жетекшілері, кәсіпорын басшылары мен қоғам өкілдері қатысты. Облыс басшысы өз сөзінде жаңа конституциялық реформа халық билігі, заң үстемдігі және билік тармақтарының тепе-теңдігі сияқты негізгі қағидаттарға сүйенетінін атап өтті. – Халқымызда «Елу жылда – ел жаңа» деген сөз бар. Әр кезеңнің өз талабы, өз міндеті болады. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 21 қаңтардағы Жарлығымен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрылды. Бұл комиссия ашықтық, инклюзивтілік және кең қоғамдық диалог ұстанымдары негізінде жұмыс істеп жатыр.…
Белгілі кәсіпкер әрі медиа менеджер Арманжан Байтасов Алматының әйгілі Көк базарына барып, азық-түлік бағасының күрт көтерілгенін байқап қайтты, деп жазады Ertenmedia.kz. – Базардағы баға ақырындап Еуропаның орташа бағасына жақындап келеді. Тек автотұрақ бағасы ғана бұрынғыдай 300 теңге болып өзгеріссіз қалған. Бұл Еуропамен салыстырғанда үш еседей арзан, – деді кәсіпкер өз әсерімен бөлісіп. Еуропа елдеріне жиі баратын Арманжан Байтасов қазақстандықтардың күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасы біршама қымбаттағанына назар аударды. Соңғы жылдары базар мен дүкендерде көкөніс пен жеміс-жидек, ет және сүт өнімдері бағасы айтарлықтай өсті. Сарапшылардың айтуынша, азық-түлік бағасының өсуі әлемдік нарықтағы қымбатшылыққа, логистика шығындарының ұлғаюына және ішкі нарықтағы өндіріс тапшылығына байланысты. Мәселен,…
АҚШ-тың Иранға қарсы қандай әскери қадамдарға баруы мүмкін деген сұрақ соңғы күндері халықаралық күн тәртібінің өзегіне шықты, деп жазады Ertenmedia.kz. Парсы шығанағы маңына АҚШ-тың қуатты әуе тасымалдаушы тобы шоғырлануы, зымыран және ядролық бағдарлама бойынша келіссөздердің нәтижесіз аяқталуы Вашингтонның әскери сценарийлерді қайта қарастырып отырғанын аңғартады. Қаңтардың соңында аймаққа «Abraham Lincoln» авианосцы бастаған соққы тобы келді. Бұл кемеде ондаған ұшақ пен тікұшақ орналасқан. Осы кезеңде Пентагон кейбір базалардан әскери контингентті әкетіп, Тегеран әуе кеңістігін уақытша жапты. Сарапшылардың бір бөлігі АҚШ пен Иран арасындағы жаңа әскери соққы ықтималдығын жоғары бағалайды. АҚШ-тың әскери әрекеті ең алдымен оның мақсатына байланысты. Америкалық теңіз жаяу әскерінің отставкадағы…
Соңғы уақытта қазақстандықтарға «салық органдарынан» деп салық режиміне көшу туралы шұғыл хабарламалар жиі келе бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Мұндай хаттарда сілтемелер көрсетіліп, айыппұл қаупі туралы ескертіледі. Өз кезегінде Мемлекеттік кірістер комитеті мұны алаяқтардың әрекеті екенін ескертеді. Олардың мақсаты азаматтарды қорқытып, жеке деректерін немесе қаржысын иемдену. Алаяқтардың арбауына түспеу үшін қарапайым үш ережені есте сақтаңыз: Ресми ескертулер тек салық төлеушінің жеке кабинетіне немесе тексерілген электрондық сервистер арқылы (1414 байланыс орталығының хабарламалары, ресми push-хабарлама) келеді. Ешкімге SMS-тен келген кодты немесе құпиясөзді бермеңіз. Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері мұндай мәліметтерді ешқашан сұрамайды. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. «Салық органынан» келген хатта «төлеу» немесе «тексеру» деген батырма…
ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті проректорымен кездесті. Кездесу барысында отын-энергетика кешенінде Салалық технологиялық құзыреттер орталығын (СТҚО) құру тұжырымдамасы мақұлданды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа орталықтың негізгі мақсаты жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін, бизнес мүмкіндіктерін және мемлекеттің стратегиялық міндеттерін біріктіретін бірыңғай технологиялық экожүйе құру. СТҚО энергетика саласындағы инвестициялық жобаларды цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып талдайды және қолдайды. Бұған қоса, орталық заманауи технологиялардың трансфертімен айналысып, жаңа буын кадрларын дайындайды. СТҚО-ның базалық алаңы ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ таңдалды. Бұған университеттегі заманауи ғылыми инфрақұрылым, қуатты «ҚазҰУ суперкомпьютері» есептеу кластері және кең халықаралық әріптестік байланыстары негіз болған. Университеттің…










