Қазақстанда қайталама нарықтағы баспана бағасы мамыр айында тағы да төмендеді. Ақтау, Астана және Алматыда баға қатты түскені мәлім болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ел бойынша ескі пәтерлердің орташа бағасы бір айда 0,3 пайызға арзандаған. Баға құлдырауы әсіресе Ақтау, Астана және Алматы қалаларында анық байқалды. Мамырдағы ең үлкен төмендеу Ақтауда тіркелді. Қалада қайталама нарықтағы пәтер бағасы бірден 2,6 пайызға түскен. Астанада баға 2 пайызға, Алматыда 1,7 пайызға төмендеді. Қарағанды мен Қызылордада пәтер құны 1,1 пайызға арзандаса, Шымкентте төмендеу 0,5 пайыз болды. Орал, Тараз, Атырау және Павлодарда бағадағы өзгеріс айтарлықтай үлкен емес. Ал кей қалаларда, керісінше, өсім сақталған. Түркістанда баға 1,1 пайызға, Петропавлда 1…
Автор: Лейла Болтаева
28 мамырда Астанада V Еуразиялық экономикалық форум жұмысы басталады. Биылғы форумның басты тақырыбы – «ЕАЭО жаһандық цифрлық жарыста: жасанды интеллектке басымдық». Іс-шараға 44 елден 3 мыңға жуық адам қатысады, деп жазады Ertenmedia.kz. Қатысушылар қатарында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өкілдерімен бірге АҚШ және басқа да елдерден келген сарапшылар, бизнес қауымдастық өкілдері мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері бар. Форум күн тәртібінде жаһандық цифрландыру, жасанды интеллект, ортақ нарықты дамыту, ЕАЭО елдері арасындағы экономикалық байланыстарды тереңдету және үшінші елдермен өзара іс-қимыл мәселелері қаралады. Іскерлік бағдарлама аясында 30 іс-шара өткізу жоспарланған. Олар төрт негізгі бағытқа біріктірілген. Атап айтқанда, ЕАЭО нарығын дамыту трансформациясы, еуразиялық өзара байланыс, «ЕАЭО+»…
28 мамырға арналған жұлдыз жорамал әр белгіге өз мүмкіндігін дұрыс бағалап, асығыс шешім қабылдамауға кеңес береді, деп жазады Ertenmedia.kz. Тауешкі бүгін кәсібилігін дәлелдей алады. Жұмыста белсенділік танытып, бастама көтеруге қолайлы күн. Дегенмен шешім қабылдар алдында бәрін жақсылап ойлаған дұрыс. Қаржы, мансап және бизнес бағытына серпін болуы мүмкін. Бірақ айналадағы адамдармен пікір қайшылығы күшеюі ықтимал. Өз ойыңызды қорғаумен қатар, басқа көзқарасқа да ашық болыңыз. Жеке өмірде қызықты романтикалық өзгеріс күтіледі. Суқұйғыш үшін жеке өмірге сырт адамдардың араласуы қиындық тудыруы мүмкін. Қарым-қатынас екі адамның арасындағы дүние екенін ұмытпаңыз. Қаржы жағынан үнемшілдік байқалады. Бүгін бюджетті қатаң бақылауда ұстайсыз. Дегенмен өзіңізді кішкентай қуаныштан толық…
Қазақстанда зейнетақы төлемдері қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен, елден көшіп кеткен адамдарға, тіпті Ауғанстан, Нигерия және Үндістан тұрғындарына да аударылғаны анықталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жоғары аудиторлық палата Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін тексеріп, 2020–2024 жылдар аралығында 60 мыңнан астам адамға жалпы 21 млрд теңге көлемінде негізсіз зейнетақы төленгенін анықтаған. Аудиторлар бұған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері толық біріктірілмегені себеп болғанын айтады. Яғни министрлік базасы ІІМ, СІМ, ҰҚК және Бас прокуратура жүйелерімен автоматты түрде байланыспаған. Соның салдарынан адамның қайтыс болғаны, елден кеткені немесе хабарсыз кеткені туралы дерек төлем тоқтатуға уақытында әсер етпеген. Мәселенің ең ауыр тұсы – қаражаттың кімнен және қалай қайтарылатыны…
28 мамыр, бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей қалаларда жел күшейіп, екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Қонаев пен Таразда желдің күшеюі одан да қатты байқалуы мүмкін. Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Түнде +15…+17 градус, күндіз +19…+21 градус жылы болады. Алматыда да бұлтты ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15 м/с дейін күшеюі мүмкін. Түнде +14…+16, күндіз +23…+25 градус. Шымкентте жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Түнде +15…+17, күндіз +25…+27 градус…
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп жазады Ertenmedia.kz. Ресей басшысы Астанаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келді. Елордалық әуежайда Владимир Путинді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алды. Ресми қарсы алу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ресей президентінің келуіне орай құрмет қарауылы сап түзеді. Ал Ресей басшысының борты Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өткен сәтте оны еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің жойғыш ұшақтары сүйемелдеді. Владимир Путин Қазақстанға ауқымды делегациямен келді. Делегация құрамында 30-дан астам адам бар. Олардың қатарында министрлер, ірі компания басшылары және екіжақты ынтымақтастыққа жауапты сала өкілдері қамтылған. Қонақтарды қарсы алу кезінде әуежайда қазақ және орыс халық әндері орындалды.…
ҚТЖ басшысы Талғат Алдыбергенов компанияның қарызы 4 трлн теңгеге жеткен тұста топ-менеджерлер мен директорлар кеңесіне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленуіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, сыйақы беру туралы шешімді компания басшылығы емес, директорлар кеңесі қабылдайды. Формалды тұрғыдан солай шығар. Бірақ қарапайым халық үшін мұндай жауап мәселенің салмағын жеңілдетпейді. Себебі жұртты қызықтырып отырғаны шешімді кімнің қабылдағаны ғана емес, ҚТЖ-ның бүгінгі қаржылық жағдайында мұндай сыйақының қаншалықты орынды екені. Компанияның қарызы 4 трлн теңгеге жетуінен еліміздің теміржол саласындағы жүйелі мәселенің, басқару мен тарифтік саясатағы кемшілікті байқауға болады. Осындай жағдайда топ-менеджерлер мен директорлар кеңесінің мүшелері өздеріне сыйақы алғанда, ең алдымен…
Қытайда шалғай жайылымдағы қойшы жұмысына жарияланған хабарландыру әлеуметтік желіде үлкен талқыға түсіп, еңбек нарығындағы қысымның бір көрінісіне айналды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ферма иесі Цзо Сяоюн Моңғолияның оңтүстігіне жақын қашықтағы жайылымға екі қойшы іздеп, қарапайым ғана хабарландыру жариялаған. Бірақ көп ұзамай сол жазба Weibo желісінде күннің ең көп талқыланған тақырыбына айналды. Бірнеше сағат ішінде видео 59 миллион қаралым жинап, 21 мыңнан астам талқылау тудырған. Ең қызығы, екі орынға 700-ден астам адам өтініш берген. Олардың арасында Шанхай мен Чунцин секілді ірі қалалардағы кеңсе қызметкерлері, зауыт жұмысшылары және жаңа ғана университет бітірген жастар бар. Ферма иесінің айтуынша, үміткерлердің шамамен оннан бірі – жас…
Қазақстанда міндетті автосақтандыру құнын есептеу тәртібі өзгеруі мүмкін. Жаңа қаулы жақын апталарда күшіне енеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір жүргізуші әр апатсыз жыл үшін 5 пайыздық жеңілдік алады. Жаңа тәртіп енгізілсе, мұндай жеңілдік 3 пайызға дейін төмендейді. Соның салдарынан бонус-малус жүйесіндегі ең жоғары санаттағы көлік иелері сақтандыру үшін бұрынғыдан көбірек төлеуі мүмкін. Freedom Insurance басшысы Азамат Керімбаевтың айтуынша, қазір 13-сыныптағы жүргізушілер 50 пайызға дейін жеңілдік алып отыр. Өзгерістен кейін жеңілдік көлемі 30 пайызға дейін азаяды. Тағы бір өзгеріс сақтандыру компаниялары жүргізушінің тәуекел деңгейіне қарай полис бағасын өздері көтеріп немесе төмендете алады. Баға минус 18 пайыздан плюс 20 пайызға дейін өзгеруі мүмкін.…
Сауран ауданына қарасты Ибата елді мекенінде елді қуантқан тағылымды шара өтіп, әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыға жаңа баспана кілті табысталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қоныс тойына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, тұрғындарды қуанышты сәтпен құттықтады. Жаңа үй Ибата елді мекенінің 1989 жылғы мектеп түлектерінің бастамасымен салынған. Туған жерге жанашыр азаматтардың бұл қадамы ауылдағы ауызбіршілік пен адамгершіліктің жарқын көрінісіне айналды. Мектеп бітіріп, әр салада еңбек етіп жүрген түлектер көптен бері баспанаға мұқтаж отбасыға қолдау көрсетіп, бір шаңырақтың қуанышын еселеді. Шара барысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров игі іске ұйытқы болған азаматтарға ризашылығын білдірді. Ол мұндай бастамалар қоғамдағы мейірім мен ынтымақты күшейтетінін, туған жерге деген…










