Әрбір азаматтың құқықтық санасы мен мәдениеті – мемлекеттің іргетасы екенін ескерсек, Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның маңыздылығы айқындала түседі. №163 мектеп-лицейінде ұйымдастырылған «Заманауи мектеп оқушысы: заң мен тәртіп» атты конференцияның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заң мен тәртіптің озық тәжірибелерін насихаттау еді, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараны ашқан мектеп-лицей директоры Индира Сатыбалдықызы конференцияның жастардың бойында құқықтық сана мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудағы рөліне ерекше тоқталды. Конференцияның пленарлық отырысында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Гүлмира Саудабаева қазіргі мектептердегі құқықтық тәрбиенің маңызы мен «Адал азамат» бағдарламасының қоғамдағы орны туралы терең талдау жасап өтті. Жиынның практикалық бөлімінде өткізілген дөңгелек үстелде…
Автор: Лейла Болтаева
Белгілі саясаттанушы Уәлихан Төлешов Қазақстан үшін ең маңызды күресі – ішкі, халықаралық және өркениеттік үш майдандағы позициясын сақтаудан тұратынын айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның пікірінше, бұл күрестің әрбір майданы өз алдына бөлек мәселе емес, керісінше, бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтыратын және тек біріккен жағдайда ғана шынайы нәтижеге жеткізетін күрделі процестер. – Бірінші кезекте ішкі майдан мәселесіне тоқталсақ, мұнда әңгіме адам құқығы, әлеуметтік еркіндік пен экономика жайында. Қазақстанда адам құқығы тек экономикалық тәуелсіздігі бар адам үшін ғана шынайы мәнге ие. Яғни, бізде азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтары оның экономикалық субъектілігімен тікелей байланысты. Сондықтан негізгі шешуші кілт экономикалық реформаларда жатыр. Бұл жерде…
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Келес ауданында салынып жатқан «Ecoculture-Eurasia» жылыжай кешенінің құрылтайшысы Алмас Дауытовты қабылдады. Кездесу барысында тараптар осы маңызды агроөнеркәсіптік жобаның іске асырылу барысын кеңінен талқылап, алдағы жоспарларын ортаға салды, деп жазады Ertenmedia.kz. – Келес ауданындағы «Ecoculture-Eurasia» өнеркәсіптік жылыжай кешені – өңіріміздің агроөнеркәсіптік дамуына айрықша серпін беретін ірі жоба. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік қауіпсіздігі ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі екенін бірнеше мәрте айтты. Осы бағытта елімізде ауыл шаруашылығы өндірісін дамытып, импортқа тәуелділікті азайту басты мақсаттардың бірі болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, «Ecoculture-Eurasia» компаниясының жылыжай кешенін іске қосуының маңызы зор. Мұнда жылына 25 мың тонна қызанақ өндіріліп, өңір халқын…
Белгілі жазушы Бигелді Ғабдуллин Рамазан айы ішкі дүниемізді реттеп, күнделікті тірлікте ұмыт қала беретін рухани құндылықтарға қайта оралатын уақыт екенін айтты, деп жазды Ertenmedia.kz. – Рамазан тоқтау айы. Ол тек тәннің ғана емес, ең алдымен ойдың, ниеттің тоқтауы. Бұл кезде адам күнделікті әдеттің автоматты тіршілігінен шығып, өзіне назар аударады. Сөзіне, іс-әрекетіне, ниетіне тереңірек үңіледі, – дейді жазушы. Оразаның мағынасы тек таңнан кешке дейін тамақ ішуден бас тартуда емес. Бұл өз-өзіңмен жұмыс істеп, иманыңды күшейтіп, сабыр мен ұстамдылықты дамытатын уақыт. Мұнда дөрекілік, өсек, өтірік, бос сөзден аулақ болу маңызды. Яғни, адамның не жеп-жемегені емес, қандай сөз айтпағаны, қандай жаман ойды жүрегіне…
Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ол осыған байланысты ол бұған дейінгі атқарған қызметінен босатылды. Ал осы уақытқа дейін Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы қызметін атқарып келген Руслан Сұлтанұлы Желдібай қызметінен босатылды. Айта кетейік, Айбек Смадияров бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімін басқарды. Ол аталған қызметке былтыр 15 желтоқсанда тағайындалған болатын. Бұдан бөлек, Айбек Смадияров 2023 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметінен кеткен еді. Ол бұл лауазымға алғаш рет 2018 жылы тағайындалып, 2019 жылы Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болған.…
Биылдан бастап ҚР Салық кодексіне сәйкес электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) рәсімдеу тәртібіне бірқатар маңызды өзгерістер енгізіледі, деп жазады Ertenmedia.kz. ЭШФ-ны міндетті растау тәртібі Енді түзетілген, қосымша және кері қайтарып алынған электрондық шот-фактуралар (ЭШФ) алушы тарапынан міндетті түрде расталуы тиіс. Атап айтқанда, ЭШФ ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) ҚҚС төлеуші болып табылатын алушыдан растау алған жағдайда ғана түзетілген және қосымша ЭШФ рәсімделген болып саналады. Ал кері қайтарып алынған ЭШФ алушы растаған жағдайда ғана кері қайтарылды деп есептеледі. ҚҚС төлеуші болып табылмайтын алушылар үшін белгіленген мерзім ішінде ешқандай әрекет болмаса, автоматты түрде расталған деп саналады. ЭШФ жазуға міндетті тұлғалар тізімі кеңейтілді Электрондық шот-фактура рәсімдеуге…
Қытайдың дәстүрлі көктем мерекесіне орай, 16-18 ақпан аралығында Қазақ-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттерінде азаматтарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу тоқтатылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды. Ал теміржол арқылы өтетін бекеттер бұл күндері қалыпты режимде жұмыс істей береді. Осыған байланысты Ertenmedia.kz тасымалдаушыларға және шекарадан өтуді жоспарлаған барлық азаматтарға енгізілген шектеулерді ескере отырып, маршруттарын алдын ала жоспарлауды ұсынады. Айтпақшы елімізде мотор майын цифрлық таңбалау жүйесі енгізілетін болды. Көптен бері талас туғызып келген таңбалау құнына қатысты сұраққа Энергі министрлігі соңғы нүктені қойды.
Астрологтар 29 қаңтарға арналған барлық зодиак белгілеріне болжам ұсынды, деп жазады Ertenmedia.kz. Мамандардың айтуынша, бұл күн оқу-білім алуға, жоспарларды талқылауға және сұрақ қоюға өте қолайлы. Сондай-ақ үйреншікті жағдайларға басқаша көзқараспен қарауға кеңес береді. Дегенмен, асығыс шешім қабылдаудан аулақ болған дұрыс. Тоқты Қызығушылық жаңа тақырыптарға тартады. Сабырлы болып, әрекет етуден бұрын сұрап, зерттеп алған жөн. Торпақ Жаңа дағдыларға қызығушылық пайда болады. Тұрақтылық пен өзгерістерді қалау арасындағы тепе-теңдікті сақтаңыз. Егіздер Бұл күн белсенді қарым-қатынасқа қолайлы. Маңызды әңгімелердің соңына дейін жету үшін ойыңызды жинақтаңыз. Шаян Сенімді қарым-қатынас пен эмоционалды түсіністік күні. Басқаларды мұқият тыңдаңыз. Арыстан Өз біліміңізбен бөліскіңіз келеді. Бірақ өзгелердің пікіріне де…
Алдағы тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, құбылмалы болады. Кейбір өңірлерде тұман, көктайғақ және боран күтіледі, деп жазады Ertenmedia.kz. Елордада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде секундына 1-6, күндіз 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 22-24 градус аяз, күндіз 8-10 градус аязды көрсетеді. Алматыда да ауа райы жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт шығады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 0-2 градус аяз шамасында болады. Шымкентте көшпелі бұлт шығып, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күші секундына 8-13…
Танымал актер Рамазан Амантай артық салмағына қатысты пікір білдіріп, көрермендеріне маңызды үндеу жасады, деп жазады Ertenmedia.kz. Өнер иесі сұхбат барысында артық салмағының күнделікті өміріне айтарлықтай кедергі келтіріп жүргенін, бірақ осы күнге дейін нақты қадам жасауға іштей дайын болмағанын мойындады. – Өз салмағым 100 келіден асқан сәттен бастап өзіме ұнамай бастадым. Бірақ басында қатты сын бола қоймайтын. Халық «өзіміздің балақай» деп, жылы пікір жазатын. Кейінірек жағдай өзгерді, – дейді актер. Оның айтуынша, артық салмағы анасы мен келіншегіне қатты ауыр тиеді екен. – Мен ер азаматпын, сынға төтеп бере аламын. Бірақ анам мен келіншегімнің көңілі түсіп, қиналғанын көру маған ауыр тиеді. Сондықтан…










