Автор: Лейла Болтаева

Түркия

Түркияда басты оппозициялық күш саналатын Республикалық халық партия ұйымның (CHP) Анкарадағы штаб-пәтеріне полиция кіріп, елдегі саяси дағдарыс жаңа деңгейге көтерілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Даудың басы апелляциялық соттың CHP төрағасы Өзгүр Өзелдің 2023 жылғы сайлануын жарамсыз деп тануынан басталды. Сот шешімі бойынша партия басшылығына бұрынғы төраға Кемал Қылышдароғлы қайтарылуы тиіс еді. Reuters дерегінше, сот Өзел сайланған партия съезінің нәтижесін жойып, шешімді съезд кезіндегі заңбұзушылықтармен байланыстырған. Осы шешімнен кейін Өзелді қолдайтындар CHP штаб-пәтерінде бірнеше күн бойы бекініп отырды. Ғимаратқа кіреберіс автобустармен, жиһаздармен бөгелген. Жексенбі күні полиция сот шешімін орындау үшін ғимаратқа кіріп, көзден жас ағызатын газ қолданды. Euronews мәліметінше, полиция қабылдау қабатын…

Толық оқу
жұлдыз жорамал арыстан

26 мамырға арналған жұлдыз жорамал барлық зодиак белгісіне асығыс қорытынды жасамауға және кез келген ұсыныстың нақты пайдасын тексеруге кеңес береді, деп жазады Ertenmedia.kz. Күн келіссөзге, жұмыстағы нақтылауға, оқуға және қысқа шаруаларды реттеуге қолайлы. Бірақ кешке қарқынды бәсеңдетіп, аяқталмаған әңгіменің бәрін өзіңізбен бірге сүйреп жүрмеген дұрыс. Тоқты бүгін сөзге абай болғаны жөн. Қатты айтылған бір сөйлем жұмыс мәселесін тез дауға айналдыруы мүмкін. Қысқа кездесу, қоңырау және нақты детальды тез анықтайтын істер жақсы жүреді. Кешке хабарламаларды қарап, шұғыл жауап қажет етпейтінін кейінге қалдырыңыз. Торпақ ақша, жеке пайда және өзгенің өтінішіне қанша күш жұмсап жүргені туралы ойлануы мүмкін. Шарты, мерзімі немесе ақысы түсініксіз…

Толық оқу
ауа райы саябақ

26 мамыр, сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі, ал оңтүстікте және солтүстіктің кей өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +13…+15 градус, күндіз +27…+29 градус жылы болады. Алматыда да жауын-шашын күтілмейді. Түнде +11…+13, күндіз +25…+27 градус. Қонаевта түнде +10…+12, күндіз +28…+30 градусқа дейін жылынады. Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +14…+16, күндіз +27…+29 градус. Таразда да жаңбыр мен найзағай күтіледі, күндіз +28…+30 градус болады. Түркістанда жауын-шашынсыз, түнде +16…+18, күндіз +30…+32 градус. Батыс өңірлерде де күн ыстық болады. Ақтауда күндіз +21…+23 градус, жел екпіні 15–20 м/с дейін жетуі мүмкін.…

Толық оқу
ұйқы

Ішпен жатып ұйықтау миға жиналған метаболизм қалдықтарын шығаруға қолайлы қалып болуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Ғалымдар ұйқы кезінде мида ерекше биологиялық процесс жүретінін айтады. Адам күндіз сергек жүргенде ми белсенді жұмыс істеп, түрлі ақуыз қалдықтары мен метаболизм өнімдері жиналады. Түнде ағза демалған кезде ми осы “қалдықтарды” тазартуға кіріседі. Осы үдеріс глимфатикалық жүйе арқылы жүреді. Зерттеу барысында ғалымдар тышқандардың ұйқы кезіндегі үш қалпын салыстырған: қырынан жату, шалқасынан жату және етпетінен жату. Нәтижесінде ми-жұлын сұйықтығының айналымы қырынан жатқан кезде тиімдірек жүргені байқалған. Яғни мида жиналған зиянды ақуыздар мен қалдықтардың шығарылуы осы қалыпта жақсырақ іске асуы мүмкін. Зерттеу авторларының бірі, профессор Майкен Недергаард…

Толық оқу
Электромобиль

Электромобиль көліктердегі электрлі есік тұтқалары апат кезінде жолаушыны көлік ішінде қамап қоюы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Мұндай тұтқалар кәдімгі механикалық ысырма арқылы емес, электр қуатымен жұмыс істейді. Кей модельдерде, әсіресе Tesla көліктерінде, тұтқа есік панеліне толық кіріктірілген немесе батырма арқылы ашылады. Сырттай әдемі, аэродинамикаға тиімді көрінгенімен, қуат өшкен сәтте есікті ашу қиындық тудыруы мүмкін. Bloomberg дерегінше, 2018 жылдан бері Tesla есіктерінің істен шығуына байланысты 140-тан астам оқиға тіркелген. Электронды тұтқаларға қатысты 15 адам өлімі айтылып отыр. 2019 жылы Tesla-ға қарсы сотқа талап та берілген. Онда жүргізуші өртеніп жатқан көлік ішінде есік ашылмағандықтан қаза тапқаны көрсетілген. Осы себепті Қытай жылжымалы және…

Толық оқу
Иран Америка

АҚШ пен Иран Таяу Шығыстағы соғысты тоқтатуға қатысты ықтимал келісім бойынша ілгерілеу барын мойындағанымен, тараптар жылдам мәміле жасалады деген үмітті бәсеңдетіп отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранмен жасалатын келісім «өте үлкен әрі маңызды» болады немесе мүлде болмайды деп мәлімдеді. Ал Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Эсмаил Бакаи Вашингтонмен келіссөздерде белгілі бір прогресс барын айтқанымен, түпкілікті келісімге әлі қол жетпегенін жеткізді. Қазіргі келіссөздегі ең күрделі түйіндердің бірі Иранның ядролық бағдарламасы. Тегеран тарапы ядролық мәселе бастапқы келісімнің негізгі бөлігі емес, кейін бөлек талқыланатын тақырып екенін алға тартады. Иран ақпарат құралдары да Тегеран ядролық қорды беру, жабдықтарды бөлшектеу немесе нысандарды…

Толық оқу

Үйге күн панелін орнатқысы келетіндер үшін 20 пайыз ережесі маңызды бағдар саналады. Бұл ереженің мәні қарапайым, күн электр жүйесі үйдің орташа айлық тұтынуынан шамамен 20 пайыз артық энергия өндіре алатындай есептелуі керек, деп жазады Ertenmedia.kz. Мысалы, бір отбасы айына орта есеппен 1000 кВт/сағ электр энергиясын тұтынса, күн станциясының қуаты кемінде 1200 кВт/сағ өндіруге лайықталғаны дұрыс. Қосымша 200 кВт/сағ ауа райының құбылуы, қысқы қысқа күндер, бұлтты кезеңдер немесе тұтынудың күтпеген өсуі кезінде қорғаныс қоры қызметін атқарады. Күн энергиясы тұрақты әрі бірқалыпты өндірілетін ресурсқа жатпайды. Қыста күн қысқарады, кей аймақта бұлт жиілейді, панельдердің өнімділігі төмендейді. Жаз тым ыстық болса, кондиционер көп қосылады.…

Толық оқу
Астана

Астанада мектеп салу және балаларға жайлы білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыс жүйелі түрде жалғасып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Қалада бірқатар мектеп пен оқушылар сарайының құрылысы жүріп жатыр. Жаңа оқу жылы ішінде тағы 12 оқу орнын ашу жоспарланған. Соңғы жылдары елордада 44 мектеп салынды. Осы шаралар қолданыстағы білім ошақтарына түсетін жүктемені азайтып, қосымша оқушы орындарын ашуға мүмкіндік берді. Әсіресе әлеуметтік инфрақұрылымға сұраныс жоғары аудандарға басымдық беріліп отыр. Қала халқының жыл сайын артуы мектеп, балабақша, қосымша білім беру орталықтары сияқты нысандарға қажеттілікті күшейтті. Сондықтан білім беру инфрақұрылымын кеңейту елорда дамуының маңызды бағытына айналды. Қазір 2027 жылға арналған дайындық жұмыстары да басталған.…

Толық оқу
жиын

Түркістан қаласындағы «Достық» үйінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қабылданғанына 5 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға Түркістан облыстық сотының судьялары, мамандандырылған әкімшілік сот өкілдері, прокуратура және құқық қорғау органдарының мамандары, адвокаттар, жеке сот орындаушылар, өңірлік департаменттер мен басқарма басшылары, сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелді Түркістан облыстық сотының төрағасы Асламбек Сұлтанов ашып, әкімшілік әділет институтының құқықтық жүйені жетілдірудегі маңызына тоқталды. Оның айтуынша, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қабылдануы мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы құқықтық тепе-теңдікті нығайтуға мүмкіндік берді. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысушыларды кодекстің қабылданғанына 5 жыл толуымен құттықтап, заңның…

Толық оқу
зейнетақы 2026

2026 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарына бөлінген зейнетақы активтерінің табыстылығы 0,00 пайыз деңгейінде тіркелді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мұны ұлттық валютаның айтарлықтай нығаюымен түсіндірді. 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 25,57 трлн теңгеден асты. Ал жыл басынан бері қазақстандықтардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс 2,78 млрд теңге ғана болды. Қор көлемімен салыстырғанда бұл көрсеткіш нөлдік табыстылық ретінде көрініп отыр. БЖЗҚ мәліметінше, мұндай жағдай уақытша сипатқа ие. Негізгі себеп – шетел валютасындағы активтердің теңгемен қайта бағалануы. 2026 жылдың басынан бері теңге долларға шаққанда 8,43 пайызға нығайды: доллар бағамы 505,53 теңгеден 462,91…

Толық оқу