Автор: Лейла Болтаева

өзен арналарының тармдалуы

Жер бетіндегі ең ірі 18 өзеннің арнасы шөгіп барады. Олардың қатарында әлемге әйгілі Ніл мен Амазонка өзендерінің де аты аталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, қазір дүниежүзіндегі ең ірі өзен арналары теңіз деңгейінің көтерілуінен гөрі, өздері тезірек шөгіп барады. Бұл жағдай миллиондаған адамның өміріне қауіп төндіріп, су басу мен топырақтың тұздану қаупін күшейтіп отыр. Жаңа зерттеуде Ніл, Амазонка және Ганг өзендерінің атыраулары ең қауіпті аймақтардың қатарында тұр. Бұлардың шөгу жылдамдығы қазірдің өзінде теңіз деңгейінің көтерілуінен асып кеткен. Сарапшылар бұған климат өзгерісінен бұрын, адам әрекетінің көбірек әсер етіп жатқанын анықтады. Зерттеуге 2014-2023 жылдар аралығында әлемнің ең ірі 40 өзенінің арнасы…

Толық оқу
Бактерия

Ғалымдар ғасырлар бойы мерез (сифилис) ауруының нақты қай аймақта пайда болғанын анықтай алмай келген болатын, деп жазады Ertenmedia.kz. Жақында Колумбиядағы үңгірлердің бірінен мерезді қоздыратын Treponema pallidum бактериясының ең ежелгі іздері табылды. Live Science басылымының хабарлауынша, табылған адамның қаңқасы шамамен 5500 жыл бұрын өмір сүрген. Зерттеулердің генетикалық нәтижелері адам ағзасында бұған дейін белгісіз болып келген T. pallidum штаммы болғанын анықтады. Жаңалық мерездің эволюциялық тарихын одан сайын күрделендіре түсті. Ғалымдар жаңа анықталған геномға TE1-3 деген атау беріп, бұл штамм бүгінгі күнге дейін белгілі болған өзге түрлерінен айтарлықтай ерекшеленетінін айтты. Геномдар арасындағы айырмашылықтарды статистикалық талдау негізінде TE1-3 штаммы шамамен 13 700 жыл бұрын…

Толық оқу
Жұлдыз жорамал

Астрологтар сенбі мен жексенбі күндері кімнің өмірінде маңызды шешімдер қабылдауға қолайлы кезең екенін, ал кімге тыныштықта демалған дұрыс екенін айтып берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тоқты Бұл демалыста белсенділікті азайту қажет. Сенбі күні үй шаруасымен айналысып, жақындарыңызбен арадағы келіспеушілікті болдырмауға тырысыңыз. Ал жексенбіні тыныштықта өткізген абзал. Торпақ Торпақтар үшін бұл күндер – қаржылық жоспарлауға таптырмас уақыт. Болашақта табыс әкелетін тың идеялар туындауы мүмкін. Жеке өміріңізде де жағымды өзгерістер болмақ, кездесуге қолайлы күндер. Егіздер Демалыс күндері байланысқа толы болмақ. Өткен өміріңіздегі адамдардан хабар күтіңіз. Бірақ жұлдыздар бос уәде бермеуге кеңес береді. Оны орындау сіз ойлағаннан қиынырақ болуы мүмкін. Шаян Шаяндарға ішкі түйсікке құлақ…

Толық оқу
Ау райы қар

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, күн күрт суытады. Елдің солтүстігінде аяз күшейсе, оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, жолдарда көктайғақ болады, деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада көшпелі бұлт шығып, қар жауып, жаяу бұрқасын тұрады. Түнде ауа температурасы -27…-29°C, күндіз -13…-15°C. Алматыда түнде қар жауып, тұман түседі. Жолдарда көктайғақ сақталады. Түнгі температура -10…-12°C, күндіз -2…-4°C. Шымкентте ауа райы құбылмалы болып, күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Желдің екпіні күшейеді. Түнде -10…-12°C, күндіз +1…+3°C. Түркістан қаласында да дәл осындай ауа райы күтілуде. Түнде -10…-12°C, күндіз 0…+2°C шамасында. Қонаев қаласында түнде аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Ауа…

Толық оқу
ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары өңірлердің жұмыс тиімділігі рейтингінде көш бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекеттік қызмет сапасы жергілікті атқарушы органдар жұмысының негізгі көрсеткіштерінің бірі екені белгілі. Осы ретте Finprom.kz аналитикалық порталы 2025 жылға арналған «Мемлекеттік қызметтер сапасын қоғамдық мониторинг нәтижелері туралы есепті» жариялады. Мониторинг онлайн-сауалнама және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері негізінде жасалған. Өңірлер рейтингтегі жалпы орнын осы екі әдістің қорытынды көрсеткіштерінің орташа арифметикалық мәні арқылы алды. Нәтижесінде көш басында тұрған үштік: Шығыс Қазақстан облысы – 4,95 ұпай, халықтың толық қанағаттану деңгейі – 94,6%; Ақмола облысы – 4,94 ұпай, толық қанағаттану деңгейі – 94,1%; Қостанай облысы – 4,94…

Толық оқу
Түрме абақты

Түркістан облысында әкесін тұрақты түрде ұрып-соғып келген азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімді 2026 жылғы 16 қаңтарда Жетісай аудандық соты шығарған, деп жазады Ertenmedia.kz. Алайда, бұл шешіммен Шардара ауданының прокуратурасы келіспей отыр. Прокурорлар жазаны тым жеңіл деп санап, оны қатаңдатуды сұрап, апелляциялық наразылық білдірді. Қазіргі таңда прокурордың наразылығы заңда белгіленген мерзімде облыстық сотта қаралады. Қарағандыдағы спорт шенділерінің төбелесі камераға түсіп қалды. Облыстық спорт басқармасының жетекшісі, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы жанжалдың тың дерекпен толығуда.

Толық оқу
Интернет алаяқтық

Түркістан облыстық прокуратура мен Полиция департаменті халықты интернет алаяқтықтан қорғап, «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту үшін профилактикалық шара ұйымдастырды, деп жазады Ertenmedia.kz. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері халық көп жиналатын жерлерге арнайы барып, тұрғындарға интернет алаяқтардың жиі қолданатын айла-амалдарын түсіндіріп, сақтық шараларын үйретті. Сонымен қатар дүкендер, сауда орындары, көп қабатты үйлердің кіреберістері, аялдамалар мен банк ғимараттарына алаяқтық туралы ескертетін ақпараттық парақшалар ілінді. Жалпы, аталған іс-шаралар интернеттегі алаяқтық фактілерінің алдын алуға, тұрғындардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Құқық қорғау органдары мұндай профилактикалық жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырмақ. Түркістан облысы еліміздегі аграрлық саланың негізгі орталығы ретінде су ресурстарын тиімді пайдалануға ерекше…

Толық оқу
Жедл жәрдем Берік Уәли

Абай облысының медициналық мекемелері биылғы қыркүйекке дейін 100 жаңа санитарлық автокөлікпен толық қамтамасыз етілмек, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы жоба аясында Семейдегі жедел медициналық жәрдем станциясына алғашқы 10 көліктің кілті табысталды. Жаңа көліктерді облыс әкімі Берік Уәли арнайы барып тапсырды. Шындығын айтқанда, Семейдегі жедел жәрдем қызметінде бұған дейін көлік тапшылығы болмағанымен, бар техниканың тозуы 90 пайыздан асып кеткен. Бұл мәселені шешу үшін өткен жылы облыстық бюджет есебінен «Өнеркәсіпті дамыту қорымен» бірлесіп, лизинг арқылы 100 санитарлық автокөлік сатып алынды. Оның ішінде Hyundai, JAC және «Газель» маркалы автокөліктер бар. Осы көліктердің 67-сі облыстық жедел жәрдем станциясына, ал қалған 33-і аудандық медициналық ұйымдарға жіберілмек.…

Толық оқу
Шекара қызметі

ҰҚК Шекара қызметі иттерге арналған құрғақ жем сатып алуға 3 миллиард теңге бөлді, деп жазады Ertenmedia.kz. Мұны естігенде, шынымызды айтсақ, сенбей қала жаздадық. Иә, дәл солай, миллиард! Кәдімгі иттердің тамағына миллиард жұмсалмақ. Әрине, шекара күзеткен иттеріміздің ас-ауқаты да ерекше болуы керек шығар. Жұмыстары ауыр, жауапкершіліктері зор, оған ешкім таласпайды. Бірақ бәрібір күмәнді. Шекарашыларда сонда қанша ит бар? Ең қызығы, мемлекеттік сатып алулар порталында ҰҚК-ның бұл келісімінің егжей-тегжейі жарияланбайды екен. Құпия сақталуы тиіс құжаттардан көретініміз тек «қызметтік ақпаратты жарияламау міндеттемесі» деген жазу ғана. Амал жоқ, енді олардың адалдығына сенуден басқа шарамыз қалмай тұр. Айтпақшы, байқауға ит тағамын жеткізуге ниет білдірген компаниялардың…

Толық оқу
Олжас Бектенов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы мен Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасынан соң Үкімет салық реформасын қоғамға түсіндіру үшін бар күшін салып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Бірақ бір қайнауы кем дүние екенін Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың өзі де байқаған секілді. Премьер-министр салық реформасы бойынша халықпен кері байланыс орнатып отырған Электронды қаржы орталығының жұмысымен танысты. Бектенов «1414» Бірыңғай байланыс орталығына азаматтар мен кәсіпкерлер тарапынан тек биылғы қаңтар айының өзінде 135,5 мың өтініш келіп түскенін білді. Күн сайын операторларға орта есеппен 13-14 мың өтініш түседі екен. Оның ішінде шамамен жеті мың өтініш салық реформасы мен әлеуметтік төлемдерге қатысты сұрақтар. Байланыс орталығы өтініштерді үш сатылы…

Толық оқу