АҚШ Әділет министрлігі Кубаның бұрынғы басшысы Рауль Кастроға сырттай айып тақты, деп жазады Ertenmedia.kz. 94 жастағы Рауль Кастроға және тағы бес адамға АҚШ азаматтарын өлтіру үшін сөз байласу, адам өлтіру және әуе кемелерін жою баптары бойынша айып тағылған. Іс 1996 жылғы 24 ақпанда болған оқиғаға байланысты. Сол күні Куба әскери ұшақтары Brothers to the Rescue ұйымына тиесілі екі қарусыз азаматтық Cessna ұшағын атып түсірген. Оқиға салдарынан АҚШ-тың төрт азаматы қаза тапты. АҚШ тарапының нұсқасына сәйкес, ұшақтар Оңтүстік Флоридадан Куба бағытына ұшқан және халықаралық әуе кеңістігінде болған. Тергеу дерегінше, сол кезде Кубаның қорғаныс министрі болған Рауль Кастро осы операцияға қатысы бар…
Автор: Лейла Болтаева
Қазақстандық блогер әрі кәсіпкер Сәуле Базарханның қайтыс болғанын продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова хабарлағанын Ertenmedia.kz осыған дейін жазған болатын. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қарағанда, блогер Алматыдағы жеке пластикалық хирургия клиникаларының бірінде көз жұмған болуы мүмкін. Telegram-арналарда әйелге операция басталмай тұрып немесе операция кезінде жағдайы нашарлағаны айтылды. Кей деректе оқиғадан кейін клиника уақытша жабылғаны жазылған. Бірақ бұл мәліметтерге қатысты ресми растау әзірге жоқ. Кейін Threads желісінде марқұмның қызы жазба жариялады. Оның айтуынша, 53 жастағы Сәуле Ермаханова 15 мамыр күні Алматыдағы жеке клиникада жоспарлы липосакция операциясы кезінде қайтыс болған. Қызы операция жергілікті анестезиямен жасалуы тиіс болғанын, дәрігерлер оның бір жарым…
Орал қаласында «Жасанды интеллект негізіндегі зияткерлік телемедицина» атты Қазақстан–Корея халықаралық симпозиумы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Батыс Қазақстан облысында алғаш рет ұйымдастырылған ауқымды шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, Корея Республикасының Католиктік Квандонг университеті жанындағы «Әулие Мария» халықаралық клиникасының президенті Ко Донг Хён бастаған делегация және өңір дәрігерлері қатысты. Халықаралық симпозиум аясында облыстық көпбейінді ауруханада жаңа телемедицина бөлмесі салтанатты түрде ашылды. Жоба өңір басшысының 2025 жылғы қараша айында Оңтүстік Кореяға жасаған жұмыс сапары кезінде бекітілген меморандумдардың нақты нәтижесі ретінде іске асып отыр. Екіжақты келісім аясында биыл Батыс Қазақстан облысының неврология және нейрохирургия саласындағы 10 маманы «Әулие Мария» клиникасында тағылымдамадан өтті. Оралдық дәрігерлер…
Қазақстанда жылдық инфляция сәл төмендегенімен, банктер несие мөлшерлемесін арзандатуға асығар емес, деп жазады Ertenmedia.kz. Сәуір айында елдегі жылдық инфляция 10,6 пайыз болды. Наурызда бұл көрсеткіш 11 пайыз еді. Бір қарағанда, баға өсімі баяулай бастағандай көрінеді. Бірақ қарапайым халықтың қалтасына бұл өзгеріс әзірге қатты сезіліп отырған жоқ. Себебі айлық инфляция, керісінше, жылдамдаған. Сәуірде баға 0,8 пайызға өсті. Ал наурызда өсім 0,6 пайыз болған еді. Яғни тауар мен қызмет бағасы әлі де қымбаттап жатыр. Тек жылдық көрсеткіш салыстыру базасына байланысты сәл төмен көрінді. Қаржы нарығындағы басты тежегіш – Ұлттық банктің жоғары базалық мөлшерлемесі. Қазір базалық ставка 18 пайыз деңгейінде тұр. Экономикадағы ақша…
Қазақстанда қуаттылығы жылына 10 млн тоннаға дейін мұнай өңдей алатын төртінші ірі мұнай өңдеу зауытын салу жобасы практикалық іске асыру кезеңіне өтіп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елде болашақта мұнай-химия кластерінің орталығына айналуы мүмкін жаңа ірі кешен салуға дайындық басталды. Қазір жоба бойынша алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Энергетика министрлігі мұнай өңдеу және мұнай-химия саласындағы уәкілетті орган ретінде жобаны ведомствоаралық деңгейде үйлестіреді. Жобаның тапсырыс берушісі – «Самұрық-Қазына» қорының еншілес ұйымы SK Ondeu. Алдағы алты ай ішінде халықаралық инжинирингтік команда кешенді зерттеу жүргізеді. Соның қорытындысы бойынша Үкіметке болашақ зауыттың техникалық және экономикалық параметрлері ұсынылады. Алдын ала…
Мұхтар Байбатшановпен болған сұхбатта білікті маман ауыл шаруашылығы мамандықтарының бүгінгі ахуалын, жас кадр тапшылығын және ауылға бармайтын түлектер мәселесін ашық талдап берді. Ғалым ветеринар, зоотехник, агроном сияқты мамандарды даярлау тек грант бөлу арқылы шешілмейтінін, ауылда нақты жұмыс орны, техника, әлеуметтік жағдай және шаруашылықпен байланыс болуы қажет екенін алға тартты. Ertenmedia.kz тілішісмен болған әңгіме барысында аңшылықтану мен аң шаруашылығы саласындағы қазақ тіліндегі оқулық тапшылығы, ғылыми тіл қалыптастыру және ауылдан келген қазақ тілді жастарға сапалы білім беру мәселесі де кеңінен қозғалады. Сұхбаттың маңызды бөлігі киік санының күрт көбеюі, оны ғылыми негізде реттеу, жайылымға түсетін салмақ, ауру қаупі және шаруалар мүддесін қорғау мәселесіне…
Әлемдік мұнай бағасы АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранмен арадағы қақтығыс жақын уақытта аяқталуы мүмкін деген мәлімдемесінен кейін төмендеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың шілде фьючерстері 4,79 пайызға арзандап, барреліне 105,94 долларға түсті. WTI маркалы мұнайдың шілде фьючерстері де 4,78 пайызға төмендеп, барреліне 99,17 доллар болды. Нарықтағы құлдырауға Трамптың Иранмен келіссөздерге қатысты сөзі әсер етті. БАҚ дерегінше, АҚШ президенті Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлескен кезде делдалдар қақтығысты тоқтатуға негіз болатын келісіммен жұмыс істеп жатқанын айтқан. Бұл құжат 30 күндік келіссөздерге жол ашуы мүмкін. Онда Иранның ядролық бағдарламасы мен Ормуз бұғазын ашу мәселесі қарастырылмақ. Reuters мәліметінше,…
21 мамырға арналған жұлдыз жорамал барлық зодиак белгісіне бірден бәріне жармаспай, бүгін нақты нәтиже керек бір бағытты таңдауға кеңес береді, деп жазады Ertenmedia.kz. Күн бұрыннан кейінге қалып жүрген шешімдерге қолайлы. Жұмыс тапсырмасы, жеке әңгіме, тұрмыстық мәселе немесе құжат реттеу сияқты істерді созбай, бір-бірлеп аяқтаған дұрыс. Тоқты бүгін он түрлі шұғыл өтінішке бөлінбей, бір негізгі міндетті соңына дейін жеткізгені жөн. Жұмыста қысқа жоспар көмектеседі: қазір не істеу керек, нені кейінге қалдыруға болады және қай жерде өзгенің асығыстығына ермеген дұрыс екенін анықтап алыңыз. Кешке денеге көңіл бөліңіз. Белсенді серуен, жаттығу немесе жай ғана бой жазу күн бойғы ширығуды азайтады. Торпақ бүгін ақшаны,…
Орталық Африкада Эбола вирусына қатысты жағдай күрделі күйінде қалып отыр, бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаһандық пандемия қаупі төмен екенін мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. ДДСҰ мәліметінше, Конго Демократиялық Республикасы мен Угандадағы індетке байланысты ұлттық және өңірлік деңгейдегі қауіп жоғары бағаланып отыр. Алайда вирустың әлемге кең таралу қаупі төмен. Сондықтан ұйым әзірге пандемия қаупін жариялауға негіз жоқ екенін айтты. ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесустың айтуынша, Конго мен басқа елдерде Эбола жұқтыруы мүмкін 600-ге жуық жағдай тіркелген. 139 адам қайтыс болғаны хабарланды. Бірнеше ондаған жағдай зертханалық тұрғыдан расталған, ал нақты жұқтырғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Мамандардың пікірінше, індет бірнеше ай…
21 мамыр, бейсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Синоптиктердің мәліметінше, жауын-шашын Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Семей және Тараз қалаларында күтіледі. Кей өңірде жел күшейіп, екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін. Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с болады. Түнде +10…+12 градус, күндіз +13…+15 градус күтіледі. Алматыда да жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Жел 3–8 м/с, екпіні 15–18 м/с дейін жетуі мүмкін. Түнде +10…+12 градус, күндіз +25…+27 градус жылы болады. Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15–18 м/с дейін күшейеді. Түнде +15…+17, күндіз…










