Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновпен бірге Ақтау қаласында салынып жатқан «112 Resort Aktau» демалыс базасының құрылысымен танысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа нысан Каспий теңізі жағалауында орналасқан. Жоба Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесінде еңбек ететін қызметкерлерге арналған заманауи демалыс және сауықтыру инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Демалыс базасы аумағында капсулалық үйлер, абаттандырылған серуендеу аймақтары, спорт алаңдары, бассейндер, мәдени және корпоративтік іс-шара өткізуге арналған орындар қарастырылған. Сонымен қатар отбасылық демалыс пен белсенді бос уақыт өткізуге қолайлы жағдай жасауға басымдық беріліп отыр. Жауапты мамандар өңір басшысы мен министрге құрылыс жұмыстарының негізгі кезеңдерін, инфрақұрылымдық шешімдерді және жобаның алдағы даму жоспарын таныстырды.…
Автор: Лейла Болтаева
Алматыда алғаш рет тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған мекемеаралық жоспар әзірленіп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа құжат зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысын күшейтуге, қауіпті жағдайды ерте анықтауға және зардап шеккендерге көрсетілетін көмекті жүйелеуге бағытталған. Мамандардың айтуынша, әйелдер көбіне жылдар бойы жәбір көріп, жағдай шегіне жеткен кезде ғана көмек сұрайды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Дағдарыс орталықтары одағы заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының төрағасы Зульфия Байсақова тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қандай қолдау қажет екенін және неге кей әйелдер жәбір көрсеткен адамға қайта оралатынын түсіндірді. Оның айтуынша, зардап шеккендер ең алдымен психологиялық көмекке мұқтаж. Әйелдер мен балалар қорқыныштан арылып, күйзелістен шығу, өзіне сенімін қайта…
Қазақстанда өткізіп алған қоңыраудан кейін автоматты түрде қайта-қайта хабарласатын автодозвон қызметіне тыйым салынбақ, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Telegram арнасында хабарлады. Бұған дейін, 13 мамырда өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутат абоненттерді мазалайтын автодозвон мәселесін көтерген еді. Сол кезде Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев бұл функция қайта қаралуы мүмкін екенін айтқан. 22 мамырда байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына автодозвонға тыйым салатын түзетулер енгізілетіні белгілі болды. Вице-министр Досжан Мусалиевтің айтуынша, жобаға сәйкес, абоненттер өткізіп алған қоңыраулар туралы хабарламаны тек қысқа мәтіндік SMS арқылы алады. Сонымен қатар мұндай SMS пен өткізіп алған қоңырау туралы…
Қазақстанда 2026 жылғы 1 шілдеден бастап салық берешегі ірі компания басшылары мен жеке кәсіпкерлерге қатысты жаңа шектеу күшіне енеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Салық консультанты Айдар Масатбаевтың айтуынша, жаңа Салық кодексінің 189-бабына сәйкес, фискалдық органдар бюджет алдында ірі қарызы бар заңды тұлғалардың бірінші басшыларына, олардың орынбасарларына, жеке кәсіпкерлерге және жеке практикамен айналысатын адамдарға шетелге шығуға уақытша шектеу қою құқығын алады. Алайда қарыз пайда болған бойда адам бірден шекарадан өткізілмейді деген сөз емес. Мұндай шектеу қолданылуы үшін бірнеше шарт қатар орындалуы керек. Біріншіден, компанияның салық берешегі 27 мың АЕК-тен асуы тиіс. 2026 жылғы есеппен бұл 99 млн теңгеден жоғары сома. Екіншіден, қарыз…
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 30 жылдық мерейтойы аясында Қаскелең орманшылығында «Журналистер аллеясы» ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Игі бастама «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы және халықаралық «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясы аясында ұйымдастырылды. Ұлттық парк аумағында өткен шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, экологтар, қоғам белсенділері, еріктілер, блогерлер, мектеп орманшылықтары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. «Журналистер аллеясы» Іле Алатауы ұлттық паркінің 30 жылдығына арналған «30 жылдыққа – 30 іс-шара» мерейтойлық бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан ерекше жобалардың бірі саналады. Бастаманың мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау бағытындағы қоғамдық жауапкершілікті арттыру және БАҚ өкілдерімен байланысты нығайту.…
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жеке көмекші қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу жобасын жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа бастама мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін қолдау жүйесін икемді, ашық әрі заманауи форматқа көшіруге бағытталған. Негізгі мақсат артық бюрократиялық рәсімді азайтып, қызмет алушы мен жеке көмекші арасындағы байланысты цифрлық жүйе арқылы реттеу. Жобадағы басты өзгерістің бірі жеке көмекші қызметін азаматтық-құқықтық қатынас ретінде нақты бекіту. Яғни аталған қызмет еңбек қатынастары санатына жатпайды. Соның нәтижесінде жеке көмекші мен қызмет алушы үшін артық қағазбастылық қысқарады. Жұмыс уақытын есептейтін табель жүргізу немесе өмірлік жағдайға үнемі сәйкес келе бермейтін қатаң кестеге байлану қажеттілігі жойылады. Жаңартылған тәртіп…
Астанада Erasmus+ бағдарламасының өңірлік ақпараттық күні және «Жоғары білімдегі жасанды интеллект» конференциясы өтіп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шара 2026 жылғы 21-22 мамыр күндері С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің алаңында ұйымдастырылды. Оны Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі аталған университетпен бірлесіп, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Білім, мәдениет және аудиовизуалды құралдар жөніндегі Еуропалық атқарушы агенттіктің және Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен өткізіп отыр. Жиынға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысып, халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейтудің және жоғары білім жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізудің маңызын атап өтті. Министрдің айтуынша, жасанды интеллект университеттерге жаңа мүмкіндік ашып, білім сапасын арттыруға, ғылыми зерттеуді дамытуға…
АҚШ президенті Дональд Трамп Польшаға қосымша 5000 әскери қызметкер жіберетінін мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Трамп бұл шешімін Польша президенті Кароль Навроцкийдің сайлануымен және онымен жақсы қарым-қатынас орнатқанымен байланыстырды. Ақ үй басшысы Truth Social желісінде Навроцкийді қолдағанын мақтанышпен айтып, екі ел арасындағы байланыс аясында АҚШ Польшаға қосымша әскери күш жіберетінін жазды. Алайда Трамп нақты қандай контингент туралы айтып отырғанын ашып көрсеткен жоқ. Әңгіме мүлде жаңа әскери күш туралы ма, әлде бұған дейін Польшаға жіберілуі тиіс болып, кейін тоқтатылған 4000 сарбаздан тұратын 1-кавалериялық дивизияның 2-бронетанкалық бригадасы туралы ма – әзірге белгісіз. Бұған дейін, 13 мамырда, америкалық басылымдар Пентагон Польшаға 4000 сарбаз жіберу…
Ақын Танакөз Толқынқызы поэзия кешінің ақылы болуына қатысты оқырман пікіріне жауап берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Ақынның айтуынша, әлеуметтік желіде бір оқырман «Кеш сонда ақылы ма?» деген пікір қалдырған. Танакөз Толқынқызы мұндай сұрақтың астарында «әдетте тегін өтетін поэзия кешіне неге ақша сұралады?» деген түсінік жатқанын бірден аңғарғанын айтады. Оның ойынша, қоғамда поэзия кеші міндетті түрде тегін болуы керек деген қате түсінік қалыптасқан. Адамдар күнделікті өмірде түрлі қызметке ақы төлеуге үйренген. Маникюр, шаш бояту, сантехник шақыру, мейрамханада тамақтану, би сабағы немесе ағылшын тілі курсы – бәріне ақы төленеді. Ал ақын кеші, өнер адамының еңбегі, сахнаға шыққан кәсіби мамандардың дайындығы көп жағдайда тегін…
Ақтау қаласындағы 4А шағынауданда орналасқан «Ақбота» саябағын кешенді жаңғырту жобасы таныстырылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жоба Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайға таныстырылды. Негізгі мақсат қала тұрғындары мен қонақтарына арналған заманауи, қауіпсіз әрі жайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыру. «Ақбота» саябағының жалпы аумағы 107 мың шаршы метрден асады. Жобаны қаржыландыру «NCOC» компаниясының демеушілігі есебінен жүзеге асырылады. Жалпы инвестиция көлемі 2,5 млрд теңгені құрайды. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Конкурстық рәсімдер өткізілді. Енді мердігер мекеме – «Оңдасын Строй» ЖШС-мен келісімшартқа қол қою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңғырту аясында саябақтағы жаяу жүргіншілер жолдары ретке келтіріліп, автотұрақтар ұйымдастырылады. Сонымен қатар серуендеу аллеялары, тынығу…










