Қазақстанда былтыр банк жүйесінің активтері айтарлықтай өсіп, тұтынушылық несие көлемі азайған. Сонымен бірге банктер мен микроқаржы ұйымдары жүздеген мың қазақстандықтың қарызын кешірген, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президент Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымованы қабылдап, елдің қаржы секторындағы соңғы ахуалды талқылады. Әбілқасымованың айтуынша, 2025 жылы банк жүйесінің активтері 11 пайызға ұлғайып, 68,3 трлн теңгеге жеткен. Бизнесті қолдау мақсатында 17,5 трлн теңгенің жаңа несиелері берілген. Былтыр маусымда құрылған Шағын және орта бизнесті қолдаудың кепілдік қоры («Даму» қорының негізінде) кәсіпкерлерге 505 млрд теңгеге кепілдік берген. Бір қызығы… Ал тұтынушылық несие нарығында керісінше үрдіс байқалды. Халықтың қарызға батуын тежеу үшін тұтынушылық…
Автор: Назым Болатхан
Қазақстанда коммуналдық тариф мен жанармай бағасын ұстап тұрған мораторий 1 сәуірден бастап кілт тоқтайды. Демек, көп ұзамай инфляция қайта құтыруы мүмкін деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы Назарбаев университетінде өткен жиында экономист Расұл Рысмамбетов мәлімдеді. Айтуынша, бағаның бірден шарықтап шыға келуі екіталай. Алайда көктемнің соңына таман қазақтардың қалтасы қымбатшылықты нақты сезе бастайды. «Бағаның қымбаттауы бірден көзге ұрмаса да, мамырдан кейін инфляцияның күшейгенін сіз де, біз де сеземіз. Биылғы инфляция былтырғы көрсеткіштен кем болмайды-ау. Экономикамыз әлі күнге дейін жоғары инфляцияның қысымында тұр. Бектенов? Үкімет бензин мен электр қуатын ұзақ уақыт субсидиялап келді. Осы тәжірибеден бас тартпасақ, ертең энергетика саласына инвестор тарту қиынға…
Алматы облысының Іле ауданында ұзақ уақыттан бері тұрғындардың мазасын алған жағымсыз иіс мәселесі прокуратура бақылауына өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Аудан жұрты Сорбұлақ су қоймасына қарай ағатын кәріз жүйесінен шығатын өткір иістің денсаулыққа зияны көп екенін айтып шағымданып келген. Тексеру жүргізген прокуратура өкілдері «Алматы Су» мекемесі жауапты желілерде бірқатар заң бұзушылықтар барын анықтады. Ауа сынамасының 48 үлгісінің 21-інен метан, күкіртсутек және меркаптан мөлшері нормадан асып кеткен. Қазір осы маңдағы ауылдық округтерде тыныс алу жолдары ауруымен ауыратын 400-ден астам тұрғын медициналық есепте тұр. Жергілікті халық денсаулықтың нашарлауын кәрізден шыққан өткір иіспен тікелей байланыстырады. Прокуратура тексеру қорытындысымен кәсіпорынға 14 миллион теңге айыппұл салып,…
Қазақстандағы салық реформасынан түскен қосымша қаражат толықтай инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алматы облысына жұмыс сапары барысында премьер-министр Олжас Бектенов осындай мәлімдеме жасады. Үкімет басшысы жаңадан бой көтеріп жатқан Alatau City қаласындағы бірқатар инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалармен танысу үшін келген болатын. Айта кетелік, қалада 2050 жылға дейін жалпы құны 10,4 триллион теңгеге инфрақұрылым жобалары жүзеге асады. Оның ішінде 2030 жылға дейін 3,1 триллион теңге игерілуі тиіс. «Инфрақұрылым әрқашан экономикадан бір қадам ілгері жүріп отыруы керек, алайда біз бұл бағытта аздап кешеуілдеп жатырмыз. Бұл жалпы елге ортақ проблема. Мемлекеттік қаржыны тұрақтандыру үшін салық реформасын қолға алғанымызды білесіздер. Содан түскен қосымша…
Иран билігі елдің әуе кеңістігін азаматтық ұшақтар үшін уақытша жапты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы Flightradar24 сервисі желідегі парақшасында жазды. Хабарламада халықаралық бағыттағы, арнайы рұқсат алған рейстерден басқа барлық ұшақтардың Иран аумағы арқылы ұшуына тыйым салынғаны айтылған. 14 қаңтарда Reuters агенттігіне сұхбат берген Брүссел өкілі алдағы бір тәулік ішінде АҚШ Иранға қарсы әскери соққы жасауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Бұған Иранда желтоқсаннан бері жалғасып жатқан наразылықты күшпен басу әрекеттері себеп болған. АҚШ президенті Доналд Трамп бұған дейін наразылыққа шыққандарды басу үшін күш қолданылса, Уашиңтон Иранға қарсы шара қабылдайтынын ескерткен еді. Ирандағы интернет пен байланыс желісінің шектелуіне байланысты қақтығыстан нақты қанша…
Қазақтың CPC Blend маркалы мұнай экспортының күрт қысқаруы салдарынан Еуропада мұнайдың бағасы шарықтап барады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, трейдерлер Каспий құбыр консорциумының (КТК) тұрақсыз жұмысына байланысты CPC Blend тасымалынан бас тартып, орнына басқа маркаларды таңдай бастаған. Нарықтағы тапшылықты Ливия мен Солтүстік теңіздегі іркілістер де күшейтіп тұр. «Қазір Еуропада мұнайдың нақты сорттары әдеттегіден қымбат сатылып жатыр. Мәселен, Brent бағасына әсер ететін WTI Midland сорты 13 қаңтарда негізгі бағадан 2 доллар 90 центке жоғары саудаланды. Мұндай баға нарықта соңғы бір жылда тіркелмеген. Azeri Light маркасы да соңғы бір жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткішке жетті. CPC Blend тапшылығынан кейін тұтынушылар осы…
Қазақстандық танымал актер, «Рэкетир» фильмі арқылы ел есінде қалған Мұрат Бисембин 53 жасында дүниеден өтті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Актердің өмірден озғанын әлеуметтік желіде қызы Диана Болатова жеткізді. Ол әкесінің суретімен бірге туған және қайтыс болған күнін жариялап, «Шексіз жақсы көремін» деген қысқа жазба қалдырды. Мұрат Бисембин 2024 жылдан бері қатерлі ісік дертімен арпалысып келді. Асқазан асты безіне жабысқан ауру актерді түсірілім алаңынан алыстатқан еді. Дәрігерлер сырқаттың ота жасауға келмейтінін айтқан соң, ол химиялық терапия алып жүрді. Өткен жылдың желтоқсанында инсультпен орталық клиникалық ауруханаға түскен актердің денсаулығы жақсара бастағанын қызы 31 желтоқсанда хабарлаған болатын. Бірақ араға бірнеше күн салып, 8 қаңтарда…







