Берік Шолпанқұлов Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап. «Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген ресми хабарламада. Еске салсақ, бұған дейін Шолпанқұлов президент Тоқаев айтқан 7 триллион теңгенің көрші елден Қазақстан арқылы өзге елге аударылуы туралы мәлімдемесіне күмән келтіріп, ақпараттың дұрыс түсіндірілмегенін айтқан еді. Ол Ұлттық банктің жүргізген тексерісі нәтижесінде ешқандай заң бұзушылық анықталмағанын жеткізген. Артынша Ақорда Президенттің 7 триллион теңге туралы мәлімдемесі расталған, сенімді деректерге негізделген ақпарат екенін хабарлады. Айбек Смадияров Мемлекет басшысының ешқашан расталмаған ақпаратты айтпайтынын алға тартып отыр. «Егер Президент 7 триллион теңге…
Автор: Назым Болатхан
Президенттің баспасөз хатшысы әрі кеңесшісі Айбек Смадияров түнеукүні Тоқаев айтқан «7 триллион теңгелік транзакцияға» қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған дейін Тоқаев 2025 жылы бір ғана қазақстандық банк арқылы көрші мемлекеттен үшінші елдерге 7 трлн теңге аударылғанын мәлімдеген. Әлгі ақпарат қоғамда гу-гу әңгімеге түрткі болып, түрлі қауесет тараған. Артынша ақпарат Ақорданың сайтынан жоғалып кеткен. Айбек Смадияров Мемлекет басшысының ешқашан расталмаған ақпаратты айтпайтынын алға тартып отыр. «Егер Президент 7 триллион теңге туралы ақпаратты жария етсе, ол міндетті түрде тексерілген дерек. Мәселе бұл ақпарат көпшілікке емес, қызметтік пайдалану үшін Қаржы мониториң ғимаратында өткен жиналыста айтылған. Сол транзакцияны жасаған банк әңгіме кім…
Елде қызылша жұқтырғандардың саны күрт артып, билік қосымша вакцинация мен бірқатар шектеулерді іске қосты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мектептер мен балабақшалардағы вакцинация деңгейін әр топта 90 пайыздан төмендетпеуді тапсырды. Енді оқу орындарында таңертеңгі тексеру күшейтіледі. Респираторлы инфекция немесе қызылшаның белгісі байқалған оқушы мен мұғалімдер сабаққа жіберілмейді. Сондай-ақ ұжымда қызылша анықталса, вакцина алмаған балаларға уақытша сабаққа қатысуға тыйым салынады. Қалыптасқан жағдай тұрақталғанша, алты айлық сәбилерге де екпе салу басталады. Бұған дейін вакцина алмаған 2-5 жас және 7-18 жас аралығындағы балаларға қосымша екпе жүргізіледі. Сонымен қатар, 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлеріне де екпе салу қолға алынды. Бұдан…
Ресей билігі 50 жылға дейін кіргізбейміз деп есігін тарс жапқан Нұрлан Сабыров қазір Қазақстанда жеке шараларда өнер көрсетіп жүр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Super порталының дерегінше, әзілкештің сахнадағы небәрі жарты сағатқа жетпейтін өнері 10 млн теңге тұрады. Бұған Сабыровтың арнайы талаптары қосылмаған. Инсайдерлердің сөзінше, райдер шығындары қосымша 300 мың теңге көлемінде. Сондай-ақ тапсырыс беруші қаласа, әзілкеш сахнада ұзағырақ кідіріп, әзілін жалғастыра алады, бірақ оның құны бөлек келісіледі екен. Оның басты әрі өзгермейтін шарты концерт кезінде бейнежазба жасауға тыйым салынады. Ал шарадан кейін әзілкеш қонақтармен суретке түсуге қарсы емес. Сабыров жеке шараларда тек стендап орындап қана қоймай, кештің жүргізушісі ретінде де қызмет…
Алматыда гүл әкелген курьердің оғаш әрекеті жұрттың ашуын туғызып, қоғамда үлкен резонанс тудырды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқиға ғашықтар күні 14 ақпанда болған. Кешқұрым тапсырыспен әкелінген ауыр себетті пәтеріне дейін көтерісіп кіргізген бейтаныс адам қызды аяқ астынан қорқынышты жағдайға душар еткен. «Үйге кіре сала, ол кенеттен халатымнан ұстап тартып ашты. Сол сәтте кеудемнен ұстап, бетіме жымия қарап, «Әдемі екен» деді. Бір сәтте жүрегім тоқтап қалғандай болды. Екі қолым еріксіз дірілдеп, не айқайлай алмай, не қаша алмай, орнымда қатып қалдым», – деп жазды бойжеткен парақшасында. Соққы алғандай күйде болған ол дереу есін жиып, бейтаныс адамды үйінен шығарып жіберген. Бірақ күйзелістен ұзақ уақыт…
Түркістанда дәрігерлерді таңғалдырып, елдің жағасын ұстатқан ерекше жағдай болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қалалық балалар ауруханасына шұғыл жеткізілген 15 жастағы қыздың асқазанынан салмағы бір келіге жуық шаш шықты. Білікті хирург пен анестезиолог бастаған дәрігерлер үш сағат бойы тынбай жұмыс істеп, науқастың өмірін арашалап қалды. Қазір жасөспірімнің жағдайы тұрақталған. Дегенмен ол дәрігердің жіті бақылауында. Мамандардың айтуынша, мұндай жайт медицинада сирек кездеседі екен. Дер кезінде шара қолданбаса, науқастың өміріне қауіп төнуі мүмкін еді. Айтқандай, дәрігерлер енді алаңсыз жұмыс істейді. Енді жұмыс бабындағы дәрігерлер мен жедел жәрдем жүргізушілерінің мәртебесі полиция, құтқарушы, қорықшы және билік өкілдерімен теңеседі. Депутат Асхат Аймағамбетов осы тұста жаңа заңның маңыздылығына тоқталған…
Президент Тоқаев Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровпен телефон арқылы тілдесіп, оның соңғы шешімін қолдайтынын жеткізді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әңгіме барысында Тоқаев қазақ-қырғыз қарым-қатынасының қарқынды дамып жатқанын атап өткен екен. Бұған тұрақты саяси диалог пен екі ел үкіметтері, іскер топтары арасындағы тығыз байланыс ықпал етуде. Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, су-энергетика саласындағы серіктестіктің жоғары деңгейде дамып жатқанын сөз етіпті. Бауырлас елдердің байланысын одан әрі нығайтуға мүдделіне екеніне ерекше екпін беріпті. Тоқаев Қазақстандағы конституциялық реформаның маңызын түсіндіріп, бастамалар елдің тұрақты дамуына негіз болатынын айтқан. Жапаров өз кезегінде Ақорда ұйытқы болған ауқымды өзгерістерге толық қолдау білдірді. «Аймақтық ынтымақтастыққа қатысты барлық мәселеде сөзіміз бір жерден шығып жатыр»,…
Алматыдағы Наурызбай ауданы «Аlma city 5» тұрғын үй кешенінің тұрғындары қала әкімі Дархан Сатыбалдыға үндеу жолдады деп жазады Ertenmedia.kz. Аталған тұрғын үй мембағдарлама аясында салынған. Барлығы 128 үй, 4 мыңға жуық пәтер қолданысқа берілген болатын. «Бұл жерде көпбалалы, үйінде мүгедек баласы бар отбасылар және бюджет қызметкерлері тұрады. Осыншама адам тұратын ауданымызда инфрақұрылым деген атымен жоқ. Іргеміздегі «Аlma city 5-2″ тұрғын үй кешенін қоса алғанда 6 мыңнан аса пәтері бар іргелі ауданда 1200 оқушыға арналған бір ғана мектеп бар. Балабақша мүлдем жоқ», — дейді ашынған тұрғындар. Әкімдік не дейді? Айтуынша, осы мәселемен қалалық әкімдікке сан рет барып, басқарма басшыларымен жолыққан. Солай…
Саясаткер, қоғам белдендісі Санжар Боқаев өзін жоғалтып алған қауымға жауап қатты деп жазады Ertenmedia.kz. Ел ішіндегі өткір, өзекті мәселелерді үнемі ашық көтеріп, үлкен аудитория жинаған саясаткер соңғы кездері жұрт алдына шығуды сиретіп кеткен еді. Боқаевтың әрбір рейдін жіті бақылап отыратын желідегі қауым оның ізім-ғайым жоғалып кеткенінен қорқып, іздеу салуға көшкен. Саясаткер осы тұста оқырмандардың уайым-қайымын сейілтіп, маңызды мәлімдеме жасапты. «Менде бәрі бірқалыпты. Қазір Әмерикадамын. Өткен жылы осы жақтан кішігірім кәсіп ашқанмын. Қазір соңы дөңгелетіп жатқан жайым бар. Аяқ алысы жаман емес», — дейді ол. Санжар неге мұхит асты? Саясаткердің мұхит асуына бірнеше фактор түрткі болған екен. Айтуынша, желіде елге қатысты маңызды…
Қазақстан банктеріндегі депозит көлемі желтоқсанда бірден 1,8 трлн теңгеге қысқарды деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап. Нәтижесінде, былтыр қарашада тарихи рекордқа жеткен жалпы депозит көлемі (48 трлн теңге) биылғы қаңтардың басында 46,2 трлн теңгеге төмендеген. Бұл бір айдағы депозит көлемінің 3,8 пайызға қысқарғанын көрсетеді. Жалпы алғанда, бір жыл ішінде депозиттердің көлемі 14,2 пайызға өсіпті. 2025 жылдың басында көрсеткіш 40,4 трлн теңге деңгейінде болған еді. Ұлттық валютадағы депозит көлемі желтоқсанда 3,3 пайызға кеміп, 36,6 трлн теңгеге жетті. Бір жыл ішінде ол 17,2 пайызға артқан. Оның ішінде халықтың салымдары басым – 21,2 трлн теңге. Дегенмен, жеке тұлғалар депозиттері бір айда 0,7…










