Автор: Самал Жолжақсынова

Мәдина Әбілқасымова

Қазақстанда халықтың қарызға батуын тежеу мақсатында бірқатар жаңа ереже енгізілді. Соның арқасында берешек көлемі айтарлықтай азаған деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаржы нарығын реттеу агенттігінің дерегінше, 2024 жылы қабылданған заң бойынша банктер мен микроқаржы ұйымдарының азаматтардың несиесін коллекторларға сатуы 2026 жылдың мамырына дейін тоқтатылған. Осы шара енгізілгеннен кейін, коллекторлық агенттіктердегі проблемалы қарыз алушылар саны 35 пайызға азайып, 395 мың адамға дейін кеміді. Ал жалпы қарыз сомасы 27,6 пайызға төмендеп, 284 млрд теңге болды. Микроқаржы ұйымдарында берешегі барлар саны да 22 пайызға, ал олардың жалпы қарызы 15 пайызға азайды. Дегенмен мораторийдің әсерінен банк саласындағы проблемалы қарыз алушылар саны керісінше 7,6 пайызға өсіп, 596…

Толық оқу
Шонжы ыстық су

Алматы облысының Шонжы ауылы маңындағы ыстық суларға өткен жылы 250 мыңнан астам турист келген деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 24-ші арнаның дерегінше емдік қасиеті мол минералды суымен әйгілі Арасан өңіріне еліміздің әр түкпірінен ғана емес, шетелдерден де арнайы іздеп келушілер көп, Жергілікті мамандардың айтуынша, өңірдегі ыстық сулардың тері ауруларын емдеуде шипасы зор. Мұндағы судың құрамында адам ағзасына пайдалы 18 түрлі минерал бар. Ыстық су жер астынан 900 метр тереңдіктен шығады. Қазір Шонжы ауылы маңында 40-қа жуық демалыс орны мен сауықтыру кешені жұмыс істеп тұр. Соңғы жылдары демалыс орындарының жұмысы жанданып, туристер саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Әсіресе, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Үндістан және Индонезиядан…

Толық оқу
Иранда экономикалық дағдарыс

Иранда экономикалық дағдарысқа байланысты басталған жаппай наразылық бесінші күн қатарынан басылар емес деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Наразылық акциясының соңы күштік құрылымдармен қақтығысқа ұласып, жеті адам көз жұмды. Hengaw құқық қорғау ұйымының мәліметінше, 1 қаңтар күні Азна қаласында қауіпсіздік күштері шерушілерге оқ атып, үш адам қаза тапқан. Олардың арасында 15 жастағы жасөспірім де бар. Тағы 17 адам түрлі жарақат алған. Бұдан бөлек, Лордеган қаласындағы қақтығыста екі адам, ал Кухдашт және Фуладшахр қалаларында бір-бір адамнан мерт болған. Ирандағы жағдайдың ушығуына АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеме жасады. Ол Truth Social әлемжелісінде Иран билігі бейбіт шеруге шыққан халыққа оқ атуды тоқтатпаса, Уашиңтонның жағдайға араласуға дайын…

Толық оқу
жаңа жылдық сыйлық

Атырауда балаларға арналған жаңа жылдық сыйлыққа қатысты дау өршіп тұр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тендерді жеңіп алған кәсіпкер әлемжелі арқылы бейнеүндеу жасап, Атырау қалалық білім бөлімін айыптады, Tulpar Service жеке кәсіпкерлігінің иесі мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысып, ең арзан ұсыныс жасағанын айтады. Бір сыйлық жиынтығының құны 4 990 теңгеден есептелген. Жалпы сомасы 2 млн 700 мың теңге. Алайда ол 600 дана сыйлықты жеткізгеннен кейін, қалалық білім бөлімі өнімді қабылдамай қойған. Салдарынан кәсіпкер үлкен шығынға ұшырап отыр. «Сыйлықтарды Атырауға әкелген соң, қабылдаудан бас тартты. Бұған қоса мені мемлекеттік сатып алудың қара тізіміне енгізіп, тендерге қатыса алмайтынымды хабарлады. Өзімнің көз жанарым нашар, мүгедектігім…

Толық оқу
Қазақстан аумағына

Алдағы күндері Қазақстан аумағына Жерорта теңізі жақтан келген циклон әсер етеді. Елдің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Қазгидрометтің» болжамы бойынша, батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Әсіресе 3 қаңтарда солтүстік-батыс өңірлерде қалың қар түссе, 5 қаңтарда елдің оңтүстік-шығысында жауын-шашын күшейеді. Барлық өңірлерде көктайғақ болып, тұман түсіп, екпінді жел тұрады. Осыған байланысты көлік қозғалысы қиындап, жол апаты қаупі артуы мүмкін. Өңірлердегі ауа райы болжамы мынадай: Батыста түнде 0 °C-тан –8 °C аралығында, күндіз –2 °C-тан +5 °C дейін жылылық сақталады; Орталық аймақтарда түнде –10…–18 °C аяз, күндіз –5…–12 °C шамасында суық болады; Оңтүстікте түнде…

Толық оқу
2025 жылдың соңғы демалысы

Қазақстан халқы 2025 жылдың соңғы демалысын нағыз қысқы атмосферада өткізеді. Ел аумағында қар жауып, боран соғып, жаңа жыл алдындағы жолдарда қарбалас күшейеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазгидрометтің болжамынша, осы демалыста Қазақстан арқылы атмосфералық фронттар өтеді. Бұл еліміздің басым бөлігінде ауа райын күрт өзгертіп, қар жауып, көктайғақ, тұман мен екпінді жел әкеледі. 27 желтоқсан, сенбі күні республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында қар жауып, кей жерлерде қатты боран соғады деп күтілуде. Дәл осы күндері батыс өңірде де ауа райы бұзылып, бұл жағдай жексенбіге дейін жалғасады. Демалыстың соңына қарай қар солтүстік-батыс, солтүстік және орталық облыстарға жетіп, жол қозғалысы қиындай түседі. Елдің оңтүстігінде ауа райы жұмсақтау…

Толық оқу
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімі күрт кеңейтілді деп жазады Ertenmedia.kz. Бұған дейін тек сауда үстемесі бақылауда болса, енді тауарлардың дүкен сөресіндегі түпкілікті бағасы қадағаланады. Сауда министрлігі ұсынған жаңа тізімге ұн, нан, макарон өнімдері, қарақұмық пен күріш, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қызанақ пен қияр, алма, қант, күнбағыс майы, сүйекті және сүйексіз сиыр еті, тартылған ет (фарш), қой мен жылқы еті, балық, тауық еті мен тауықтың тұтас еті, сүт өнімдері (айран, қаймақ, сүзбе, қатты және жартылай қатты ірімшік, сары май), бірінші санаттағы жұмыртқа, қара шай және ас тұзы секілді 31 түрлі тауар енгізілген. Енді аталған өнімдерге бөлшек саудадағы шекті баға…

Толық оқу
Қазақстанға көшіп келген этникалық қазақтардың

Биыл Қазақстанға көшіп келген этникалық қазақтардың саны 15 мыңға жуықтады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2025 жылы елге оралған қандастардың жалпы саны 14 828 адам. Биыл квота аясында 2309 адам жұмыс күші тапшы өңірлерге бағытталған. Олар  Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау облыстары және Батыс, Солтүстік, Шығыс Қазақстан облыстары. Аталған өңірлерге барған қандастардың әрқайсысына бір рет 70 АЕК (275,2 мың теңге) көлемінде көшіп-қону субсидиясы беріледі. Сондай-ақ бір жыл бойы баспана жалдау мен коммуналдық шығындарды өтеу үшін ай сайын 15-тен 30 АЕК-ке дейін қаржы бөлінеді. Биыл мемлекет тарапынан жалпы саны 1279 қандасқа қолдау көрсетілген, олардың ішінде 356…

Толық оқу
ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы

Сот ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасеновке үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Журналист 23 желтоқсан күні Астанада ұсталған болатын. Белгілі болғандай, полиция қызметкерлері Қасеновті тергеу амалдарына қатысуға Есіл аудандық полиция бөліміне шақырып, кейін уақытша ұстау изоляторына қамаған. Бұған дейін полиция «ҚазТАГ» ақпарат агенттігінің басшысы Әсет Матаев пен бас редактор Әмір Қасеновке қарсы қылмыстық іс қозғаған еді. Істің басталуына белгілі бизнесмен Тимур Турловқа тиесілі Freedom Finance компаниясының арызы себеп болған. Қазір қос журналист тергеу амалдарынан өтуде.

Толық оқу
балалар алаңындағы вандализмге

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов тұрғындарды балалар алаңындағы вандализмге немқұрайлы қарамауға шақырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Аймақ басшысы халықпен кездесу кезінде соңғы уақытта өңірде ойын алаңдары қарқынды салынғанымен, тұрғындардың өздері сол алаңдарды тез арада бүлдіріп жатқанына назар аударды. «Облыс көлемінде балаларға арналған ойын алаңдарын орнатып жатырмыз. Кейбір елді мекендерде бұл әлі де өзекті мәселе. Алайда салынған дүниені бұзу, сындыру деректері жиі кездеседі. Кейде жаңадан қойылған құрылғының көп ұзамай жарамсыз күйге түскенін көреміз. Мұндай жағдайды көргенде бейжай қарамаңыздар. Бірден ескерту жасаңыздар, қажет болса бейнежазбаға түсіріп, полицияға хабарлаңыздар», – деді әкім. Оның айтуынша, бүлінген дүниенің артында көбіне балалардың өздері тұрады. Мұндай жағдайда заң…

Толық оқу