Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Айнұр Серғазиева қызметінен босатылып, оның орнына Ұлан Бекіш тағайындалды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Серғазиеваның 2022 жылы осы лауазымға тағайындалуы әлемжеліде дау туғызған еді. Шендінің желідегі парақшасы шетелдегі саяхаттың суреттеріне тұнып тұрған. Тайланд, Франция, БАӘ, Грузия, Әзербайжан, Украина, Түркия, Ресей және Эстонияны армансыз аралаған Серғазиева Louis Vuitton, Victoria’s Secret брендінің сөмкесімен, Tiffany & Co зергерлік бұйымдарымен түскен фотосын да жарыса бөліскен-тін. Әсіресе, Рас-әл-Хаймадағы Louis Vuitton пакеттері және құны 1,8 млн теңге тұратын сәнді сөмкесімен түскен суреті қызу талқыланған. Желідегі қауым шендінің мұншама байлыққа қалай кенелгеніне жауап іздеген болатын. Серғазиеваның Дубайда түсірілген «ақша шашып, күліп жүретін көңіл-күйдемін»…
Автор: Самал Жолжаксын
Президент Трамп Иранға қарсы әскери соққыны соңғы сәтке дейін құпия ұстап келген. Алайда оның шешіміне Израиль премьері Биниямин Нетаняхудың ықпалы зор болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz New York Times-тың деректеріне сүйеніп. 11 ақпан күні таңертең Трамп пен Нетаньяху Ақ үйдің Сопақ кабинетінде Иран мәселесін үш сағат бойы талқылаған. Президент уәзірлері сол тұста Тегеранмен дипломатиялық келіссөз жүргізуді бастағанымен, Израиль басшысы соғыс жоспарының өзгермеуін талап еткен. Трамп көпшілік алдында қарама-қайшы мәлімдеме жасағанымен, шын мәнінде соғысқа дайындық қызу жүріп жатқан. Тіпті Ақ үй әкімшілігі мен Пентағон Конгресс мүшелерінен де операцияның шынайы мақсатын жасырып, аятолланы ауыстыру туралы жоспарды жария етпеген. Ақпан айының соңында Трамп Иранның…
2025 жылғы химия саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, Калифорния университетінің профессоры Омар Яги ауадан тәулігіне мың литрге дейін таза ауыз су алатын инновациялық құрылғысын көпшілікке ұсынды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Interesting Engineering дерегінше жаңадан жасалған технология тіпті ылғалдылығы небәрі 20%-дан төмен шөл ауасынан да су жинай алады. Құрылғы сырттан қуат көзін қажет етпейді, толығымен автономды жұмыс істейді және күн мен желдің қуатын пайдаланып, құрғақ ауадан таза ауыз су өндіреді. Яги жаңалығын коммерцияландыру мақсатында Atoco компаниясын құрған. Құрылғының жұмыс істеу қағидасы «ретикулярлық химияға», яғни метал-органикалық қаңқаларға (Metal-Organic Frameworks немесе MOF) негізделген. MOF – молекулалық деңгейде синтезделген кеуекті материал. Оның небәрі бірнеше грамының өзінде…
Коммерциялық спутник АҚШ пен Израильдің бірлескен операциясы басталғалы бері алғаш рет Иранның ядролық нысанына соққы жасалғанын көрсетті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Халықаралық ғылым және қауіпсіздік институтының хабарлауынша, Колорадо штатында орналасқан Vantor компаниясының түсірген суреттерінен Натанздағы жерасты уран байыту кешенінің екі кіреберісіне соққы жасалғаны белгілі болды. Бұл туралы алғаш болып Израильдік геоаналитик Бен Цион Макалес мәлімдеген. БҰҰ-ның бұрынғы ядролық инспекторы және аталған институттың негізін қалаушы Дэвид Олбрайт шабуылдардың жергілікті уақыт бойынша жексенбі түстен кейін және дүйсенбі таңертең аралығында жасалғанын айтты. Дегенмен, ол соққыны АҚШ немесе Израильдің қайсысы жасағанын нақтыламады. Сенбі күні таңертең АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әуе операциясын бастаған еді.…
Владимир Зеленский Таяу Шығыстағы шиеленістің АҚШ тарапынан Украинаға қару-жарақ және зымыран жеткізуге кері әсер етпегенін мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы Зеленский журналистермен кездесу барысында айтты. Сөзінше, Patriot кешеніне қажетті сирек кездесетін PAC-3 зымырандарына қатысты еуропалық немесе америкалық серіктестерден қиындық туралы ешқандай хабарлама түспеген. «Украина үшін қару-жарақ біздің тіршілігіміз. Әзірге ПУРЛ бағдарламасы өз қалпында жұмыс істеп тұр. Мен еуропалық серіктестерімізбен транштарды қамтамасыз ету үшін тығыз жұмыс істеудемін. Қазірше бәрі жоспар бойынша жүзеге асып жатыр», – деді Зеленский. Президент Германия канцлері Фридрих Мерцпен телефон арқылы сөйлесіп, осы мәселені талқылағанын да атап өтті. Дегенмен Зеленский Таяу Шығыстағы қақтығыс ұзаққа созылса, Украинаға келетін әуе…
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (ҚАБК) Алматыдағы Kaisar Plaza сауда-офистік орталығын сатуға шығармақ деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2023 жылы заңсыз жолмен алынған деген себеппен ғимарат мемлекет меншігіне өтіп, Қаржымин-нің балансына берілген еді. Енді тоғыз қабатты сауда және кеңсе орталығы электронды мемлекеттік аукцион алаңында сатылымға шығарылады. Нысанның бастапқы бағасы 61 млрд теңге. Аукционға ғимаратпен қоса, жер телімін жалға алу құқығы да кіреді. Kaisar Plaza орталығында 53 ұйым кеңселерді жалға алып отыр. Арасында ірі банктер, БАҚ өкілдіктері мен кофеханалар бар. Бұрын аталған нысан мемлекетке атышулы Қайрат Сатыбалдыдан қайтарылған еді. Қазір қайтарылған активтердің қатарында Kaisar Towers бизнес-орталығы, DoubleTree by Hilton қонақ үйі, «АрСат» және Maisat бизнес-орталықтары,…
Индонезия полициясы Атырау облысының Жангелдин ауылында ата-енесін өлтірді деген Сұлтан Сәрсемәлиевтің суретін таратып жатыр деп жазады Ertenmedia.kz Атырау облысында екі адамның өліміне күдікті ретінде халықаралық іздеуде жүрген Сұлтан Сәрсемәлиевтің Индонезияның танымал туристік аймағында қолға түскенін бұған дейін хабарлағанбыз. Ол Ломбок аралының солтүстігіндегі Сенару ауылындағы қонақүйден ұсталған. Солтүстік Ломбок полициясының бастығы Агус Пурвантаның айтуынша, арнайы операция Интерполдың «қызыл бюллетені» және Атырау қалалық сотының 2026 жылғы 8 қаңтардағы қаулысы негізінде жүргізілген екен. «Интерполдан келген ресми хабарламада оқиғаның мән-жайын естіп жағамызды ұстадық. Біздің міндетіміз Индонезияның халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлер паналайтын елге айналуына жол бермеу», – депті жергілікті БАҚ-қа пікір білдірген полиция басшысы. Арнайы…
Интерполдың «қызыл бюллетенімен» іздеуде болған Қазақстан азаматы Қайрат Нұрлыбеков Вьетнамнан депортацияланды. Ол Қазақстан құқық қорғау органдарына Камрань халықаралық әуежайында тапсырылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Vietnamnews дерегінше 49 жастағы Нұрлыбеков Вьетнамның орталық оңтүстігіндегі Кханьхоа провинциясында жалған құжатпен тұрып келген. Оны шетел азаматтарына жүргізілген кезекті тексеріс кезінде жергілікті полиция анықтаған. Тергеу барысында Нұрлыбеков виза алу және елде тұру үшін жалған ақпарат ұсынғаны анықталды. Кейінірек тексерістер оның 2025 жылдың мамырынан бері Қазақстанның сұрауы бойынша Интерполдың арнайы «қызыл бюллетенімен» іздеуде екенін растады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Нұрлыбеков 2023 жылдың аяғынан 2024 жылдың соңына дейін Астанадағы ірі жемқорлық схемасына араласқан негізгі делдалдардың бірі ретінде күдікке ілінген. Бұл…
Актриса Дариға Бадықова журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға қарсы сотта жеңіліске ұшырады. Бұған дейін ол YouTube желісіндегі сұхбатты жалған деп танып, видеоны өшіртуді, журналистің көпшілік алдында кешірім сұрауын және одан 4 миллион теңгеден астам қаржы өндіріп беруді талап еткен болатын деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы журналистің өкілі, адвокат Инга Иманбай жазды. «Біз Дариға Бадықоваға қарсы сотта жеңіске жеттік. Мен бұл істі журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың өкілі ретінде жүргізіп, оның мүддесін толық қорғадым. Сот Бадықованың бірде-бір талабын қанағаттандырмады», – деді адвокат желідегі парақшасында. Сотқа дейінгі талапта актриса журналистің YouTube арнасында жарияланған сұхбатты шындыққа жанаспайды деп танып, видеоны өшіруді, журналиске көпшілік алдында кешірім сұрауды міндеттеуді…
2026 жылдың сәуір айынан бастап мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәлігін eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн ауыстыруға мүмкіндік беріледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған дейін онлайн режимде куәлігін тек мерзімі өтпеген азаматтар ғана жаңарта алатын. Енді мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәліктерін де үйден шықпай-ақ ауыстыруға болады. Онлайн ауыстыру үшін не істеу керек? eGov.kz порталында: eGov.kz порталына кіріп, «Азаматтарға» – «Көлік және коммуникациялар» – «Автомобиль көлігі» бөліміне өту; «Жүргізуші куәліктерін беру» қызметін таңдау; Куәлікті алатын ХҚКО-ны таңдап, фотоны жүктеу (фото талаптарын орындау қажет); Электрондық қолтаңба үлгісін жүктеп, байланыс телефон нөмірін көрсету; Мемлекеттік баж (1,25 АЕК немесе 5406 теңге) төлеу.…










