Автор: Самал Жолжақсынова

Президент Тоқаев Астананың даму қарқынын

Президент Тоқаев Астананың даму қарқынын жоғары бағалап, қала әкімі Жеңіс Қасымбектің жұмысын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 24 желтоқсанда елорданы дамыту мәселесіне арналған жиында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы қала басшысының жұмысына көңілі толатынын жасырмады. «Жеңіс Қасымбектің бойынан менің талабымды түсінген, ойымды оқып, бағыт-бағдарымды анық сезінген адамды таптым. Бұған дейін бұл қызметтегі бірде-бір басшымен мұндай үйлесім болмағанын ашық айтқым келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің сөзінше, биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша елорданың қысқамерзімді экономикалық көрсеткіші 118,6 пайызға жетіп, Астана өңірлер арасында көш бастаған. Әсіресе инвестиция тарту, құрылыс көлемі және шағын әрі орта бизнестің даму қарқыны бойынша қала әдемі нәтиже көрсетіп отыр.…

Толық оқу
«Азаматтарға арналған үкімет» бірқатар қызмет түрін

«Азаматтарға арналған үкімет» бірқатар қызмет түрін ақылы негізге көшіріп, кейбір сервистерді тізімнен алып тастады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Енді коммерциялық қызметтердің қатарына байланыс орталығының сервистері қосылды. Оның ішінде мемлекеттік органдарға ақылы түрде байланыс орталығы қызметін ұсыну, техникалық сүйемелдеумен бірге 1414 нөміріне қолжетімділік беру және қоңырауларды қабылдау жүйесіне қосу бар. Сонымен бірге біраз консультациялық қызметтер алынып тасталды. Мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы дауыс және мәтін арқылы кеңес беру, бейнеқоңыраумен қызмет көрсету, сондай-ақ биометриялық сәйкестендіруден өтпеген қолданушыларды модерациялау тоқтатылды. Кейбір қызметтердің сипаттамасы жаңаша жазылған. Олар техникалық қолдау бойынша өтінімдерді тіркеумен бірге кеңес беру, «Үйге шақыру» қызметі және «шағым» мен «пікір» санатындағы өтініштерді қабылдау…

Толық оқу
Банктер туралы жаңа заңнан

Банктер туралы жаңа заңнан жақсылық күткен Қазақстанның қаржы секторы абдырап отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Forbes Kazakhstan-ға сұхбат берген Халық банкінің төрайымы Үміт Шаяхметова құжаттағы бірқатар нормаға сын айтып, олардың саланы дамытудың орнына кері тартып жатқанын жеткізді. Қаржыгердің айтуынша, қолданыстағы банк заңы сонау 90-шы жылдан бері айтарлықтай жаңармаған. Содан болар банктер цифрландыру, жасанды интеллект, финтех пен экожүйе сияқты әлемдік үрдісті қамтитын, заманға сай заң болады деп үміттенген. Алайда ұсынылған құжат үдеден шықпай отыр. Жаңа заң банктердің потенциалын кеңейтудің орнына, реттеу талаптарын бұрынғыдан бетер күшейткен. «Заңды әзірлеуге біз де атсалысып, реттеушімен бірге талай мәселені талқыладық. Заңгерімізді, тәуекелді басқаратын мамандарды, киберқауіпсіздік сарапшыларын түгел…

Толық оқу
ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы

Алматы полиция департаменті 23 желтоқсанда ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Хасеновтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Департаменттің мәліметінше, агенттік қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс жеке компания өкілінің арызы негізінде қозғалған. Онда ҚазТАГ редакциясының бірнеше рет көрінеу жалған ақпарат таратып, соның салдарынан компанияның іскерлік беделіне айтарлықтай зиян келгені айтылған. «Тергеу амалдары кезең-кезеңімен, Қылмыстық-процестік заңнама талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізілді. Жинақталған материал мен тергеудің қазіргі сатысын ескере келе, 23 желтоқсанда ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы ұсталып, Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген ресми мәлімдемеде. Тергеу барысы толығымен Қылмыстық-процестік кодекс талаптарына сәйкес жүргізілуде. Қосымша ақпарат осы кодекстің 201-бабына сай жариялауға жатпайды.…

Толық оқу

Президент Тоқаев келер жылы Майамиде өтетін G20 саммитіне арнайы қонақ ретінде шақырылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Truth Social желісінде мәлімдеді. Ақ үй басшысы бүгін таңертең Қазақстан және Өзбекстан басшысымен телефон арқылы тілдесіп, мазмұнды әңгіме өрбіткенін айтты. «Әңгіме барысында қазіргі халықаралық шиеленістерді бейбіт жолмен реттеудің маңызын, сауда-саттық пен өзара әріптестікті кеңейту мәселесін талқыладық. АҚШ-тың осы елдермен қарым-қатынасы әдемі деңгейде және одан әрі де нығая түседі. Келер жылы Майамиде өтетін G20 саммитіне аталған екі елдің көшбасшыларын құрметті қонақ ретінде шақыруға ниеттіміз», – деді Трамп. «Үлкен жиырмалық» туралы не білеміз? «Үлкен жиырмалық» немесе G20 әлемдегі экономикасы қуатты…

Толық оқу

Қазақстандағы ірі тау-кен активі ERG компаниясына тағы талас басталды. Бизнесмен Шахмұрат Мұталип компанияның 40 пайыз акциясын сатып алуға ұсыныс жасапты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Financial Times дерегінше, ERG-дің үш құрылтайшысы Патох Шодиев, Александр Машкевич (Майшеке) және Әлиджан Ибрагимов отбасы компания акциясының 20 пайызынан иелік етеді. Қалған 40 пайызы Қазақстан үкіметінің қолында. Дәл осы Шодиев пен Машкевич әулетіне тиесілі үлеске Әлиджан Ибрагимовтың ұлы, ERG басшысы Шухрат Ибрагимов биыл көктемде қызығушылық танытып, сатып алуға тырысқан еді. Бірақ ол қаржы тартуда қиындыққа тап болып, тараптар арасындағы келіссөз тоқтап қалған. Осы үзілістен кейін ойынға 35 жастағы кәсіпкер Шахмұрат Мұталип араласты. Оның Шодиев және Машкевич отбасымен…

Толық оқу
Маңғыстау облысы биылғы 11 айда

Маңғыстау облысы биылғы 11 айда экономикалық өсімнің жоғары қарқынын көрсетіп, маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда көш бастап келеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ әкімі Нұрдәулет Қилыбай баяндады. Әкім өңірдің даму қорытындысын шығарып, алдағы кезеңге арналған ауқымды жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, биыл облыста өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,9 трлн теңгеден асқан. Инвестиция көлемі 949,9 млрд теңгеге жетіп, жоспарлы көрсеткіштен 105,4 пайызға орындалды. Жалпы, соңғы үш жылда аймақ экономикасына құйылған инвестиция көлемі 3 трлн теңгені құраған. Биылдың өзінде ғана өңірге келген тікелей шетелдік инвестиция 3 млрд доллардан асты. «2026-2032 жылдар аралығында облыста жалпы сомасы 10…

Толық оқу
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте жеке өміріне қатысты жанжалға ашық жауап берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әкім бірнеше жыл бойы әлемжелі мен ақпарат құралдарында айтылып жүрген мәслихаттың бұрынғы депутаты Ынташ Наурызовамен ортақ баласы бар екені туралы мәселені түсіндірді. Журналист әкімге осы оқиға неге бірнеше жылдан кейін ғана жария болғанын және оның репутациясына қалай әсер еткенін сұрады. «Бұл өте-мөте жеке мәселе, дегенмен жауап берейін. Әлемжеліде кейбір әріптестеріңіз сот мені ДНҚ сараптамасы арқылы баланы мойындауға міндеттеді деп жазды. Шын мәнінде жағдай мүлдем басқаша. Мен баланы мойындау үшін сотқа өз еркіммен өтініш бердім. Сот менің өтінішімді қанағаттандырды. Қазір заң…

Толық оқу
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин арнайы салық режимдері мен салық шегерімдерін қайта қараудың себебін түсіндірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, мемлекет арнайы салық режимдерін бизнестің дамуына жол ашатын баспалдақ ретінде енгізген. Алғашында кәсіпкерлер еш қиындықсыз, есеп-қисапсыз жұмыс істей алатын өзін-өзі жұмыспен қамту кезеңінен өтеді. Одан соң жеңілдетілген декларацияға ауысып, кейін салықтың барлық түрін төлейтін жалпыға бірдей режимге өтуі керек еді. Алайда іс жүзінде бұл тетік дұрыс жұмыс істемеді. «Жеңілдетілген декларация режимі мен арнайы салық режимдері бизнестің сапалы дамуына жағдай жасау үшін енгізілген болатын. Бірақ бұл механизмдерді дұрыс қолданбаудың салдарынан біз салықтық офшор қалыптастырып алдық. Яғни бизнес өсу кезеңінен өтудің орнына,…

Толық оқу
Қаржы министрі Мәди Тәкиев

Қаржы министрі Мәди Тәкиев шенділердің табыс декларациясы неліктен әлі күнге дейін ашық жарияланбай отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, декларацияларды жариялау мерзімі 31 желтоқсанға дейін, әрі бұл процесс Антикор бекіткен ережеге сәйкес жүргізіледі. Биыл қабылданып жатқан декларацияда негізгі деректер толық көрсетілмейді. «Қазіргі талап бойынша, декларацияға тек биылғы кезеңде сатып алынған немесе сатылған мүлік, шетелдегі актив, шетелдік банктегі шоттар мен үлестер жазылады. Егер жыл ішінде мұндай мәміле болмаған жағдайда декларация бос күйінде қалады», – деді министр. Тәкиев министрлердің өз декларациясы елге көрсетіле ме деген сауалға: «Егер жыл бойы ешбір мәміле жасалмаса, шетелде активтер мен шоттар болмаса, көрсететін ештеңе де жоқ.…

Толық оқу