Қазақтар жинақтарын жоғары табысты, бірақ шарты қатаң депозиттерге белсенді ауыстыра бастады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) 2025 жылдың соңғы тоқсанындағы нарықты талдап, тұрғындардың депозит талғамы айтарлықтай өзгергенін мәлімдеді. Былтыр алғаш рет мерзімсіз депозиттер көлемі 4,1%-ға төмендеген. Бұрын осы салым түрі тұрақты өсіп келген еді. Мерзімсіз депозиттердің шарты жеп-жеңіл: салымшы кез келген уақытта ақшасын еркін алып, шотты толықтыра алады. Алайда оның пайыздық мөлшерлемесі әдетте төмен болады. Ал мерзімді және жинақ депозиттерінің пайызы көп, табысы әлдеқайда жоғары, бірақ шарты да анағұрлым қатаң. Мысалы, мерзімді салымдардан ақшаны мерзімінен бұрын алу кезінде пайыздың бір бөлігінен айырылуға тура келсе, жинақ салымынан…
Автор: Самал Жолжаксын
Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру жұмысының уақытша тоқтауы ел экономикасының шикізат секторына қаншалықты тәуелді әрі осал екенін тағы бір рет дәлелдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Белгілі қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетовтің пікірінше, бір ғана ірі кен орнындағы технологиялық ақаулардың өзі елдің макроэкономикалық жағдайына айтарлықтай ықпал етеді. «Егер бір ғана кен орны бүкіл республикадағы мұнай өндіру көлемінің шамамен 30%-ын қамтамасыз етсе, ондағы қысқа мерзімді кідірістің өзі бірден макроэкономикалық факторға айналады. Шикізаттық экономиканың қаншалықты нәзік екенін осыдан көруге болады», – дейді Рысмамбетов. Сарапшы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін өндірісті әртараптандырудың маңызы зор екенін айтты. Оның ойынша, мемлекет бұл үдерісте кәсіпкерлерге қолдау көрсеткені дұрыс, бірақ…
Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы бұдан былай жеке инвесторға өтеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Клубты жекешелендіру туралы меморандумға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Integra Construction KZ» компаниясының басшылығы қол қойды. Құжаттың басты мақсаты жеке инвестиция тартып, клубты нарық талабына сай басқару. Инвестор команда инфрақұрылымын жаңартып, жаттығу базасын дамытуды, клубты цифрландыруды және бастысы коммерциялық тиімділігін арттыруды көздейді. Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, «Ордабасының» жеке қолға өтуі Шымкенттің футбол орталығы ретіндегі беделін көтеріп, клубтың ішкі және халықаралық жарыстағы бәсекеге қабілетін арттырады. Сөй деген әкім осы тұста ең басты мәселені меңзеп өтті. «Өз жағымыздан клуб үшін біраз нәрсе жасадық. Оқу-жаттығу базасын аштық, жаңа жаттығу алаңын салдық, жас…
Ұлттық қауіпсіздік комитеті атышулы стендап-комик Нұрлан Сабыровқа қатысты тексеріс жүргізіп жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған дейін редакцияның ресми сауалына екіұшты жауап қатқан комитет, ақыр соңы осы тараптағы ел пікірін ескерген сынды. Тексеріске Сабыровтың Украинада небір зұлымдық жасаған «Уағнер истра» жасағына тарту еткен сый-сияпаты түрткі болған. Бұдан бөлек комик соғысқа арналған қорға 2 млн рубль аударған. Тіпті әлгілерге «жеңіспен оралуды» тілеген сәті де анық көрінеді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеріс фактісін растады, алайда оның қашан аяқталатынын ашып айтпаған. Заңгер Бауыржан Оңғаровтың пікірінше, Сабыровтың әрекеті Қазақстан заңнамасы бойынша ауыр қылмыс санатына жатады. Қазақстанға қатысы жоқ жеке әскери құрылымдарға қаржылай немесе материалдық қолдау көрсету…
Қазақстанда білім беру саласын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Биыл еліміздің әр түкпірінде 47 мыңға жуық оқушыға арналған 90 жаңа мектептің құрылысы қолға алынған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Ведомство дерегінше, жаңа мектеп құрылысына бірнеше қаржы көзі жұмылдырылған. Атап айтқанда, арнайы мемлекеттік қор, білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, жергілікті бюджет және жеке инвесторлардың қаражаты есебінен жүзеге асады. Жаңа мектептердің басым бөлігі Астана, Шымкент қалаларымен қатар Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Түркістан және Шығыс пен Батыс Қазақстан облыстарында бой көтереді. Бұдан өзге, алдағы үш жыл ішінде 1300 мектепті бірізді заманауи форматқа көшіру жоспары бекітілген. Оның ішінде ауылда орналасқан 900…
Мемкірістер комитеті 2022-2023 жылы жүргізілген тексеру қорытындысын жариялап, желідегі танымал тұлғалардың жасырын табысын әшкереледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Комитет дерегінше, шамамен 850 блогер табысын төмендетіп көрсеткені үшін мемлекетке мәжбүрлі түрде 500 млн теңге төлеген. «Өткен жылы 2022-2023 жылдарға арналған камералды бақылау жүргізілді. Жалпы тексеруге шамамен 80 мың азамат ілікті. Соның ішінде 850 блогерге ерекше назар аударып, әлгі соманы өндірдік», – деді 24kz арнасына сұхбат берген комитет өкілі Ерқанат Шыңберген. Қазір банк аударымдары автоматты түрде талданады. Сондықтан жарнамадан түскен кірісті жеке аударым немесе сыйлық ретінде көрсетіп, жасырып қалу мүмкін болмай қалған. Шыңбергеннің сөзінше, бақылауға тек ақша ғана емес, бартер негізіндегі келісім мен бағалы…
Қаржы министрлігі микро және шағын бизнес субъектілеріне 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі жиналған өсімпұл мен айыппұлды есептен шығарудың жаңа тәртібін бекітті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жеңілдік биылғы жылдың басындағы дерек бойынша микро және шағын бизнес санатына кірген кәсіпкерлерге ғана беріледі. Басты шарт бюджетке салықтар мен төлемдер бойынша берешекті 2026 жылдың 1 қаңтарынан 31 наурызына дейін толық жабу. Жаңа тәртіп бірнеше санаттағы қарызды қамтиды. Біріншіден, биылғы жылдың басынан бастап берешекті толық өтегенге дейінгі аралықта есептелген өсімпұл. Екіншіден, мемлекеттік кіріс органдары салған салық заңнамасын бұзуға қатысты айыппұл. Үшіншіден, төлеу мерзімі кейінге шегерілген салық міндеттемесі 1 сәуірге дейін өтелген жағдайда есептелген өсімпұл мен айыппұл…
Қазақстан аумағында күн жылынып, көктем тынысы біртіндеп сезіле бастады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Қазгидрометтің» дерегінше, республиканың батысынан шығысына қарай жылжып бара жатқан циклон жауын-шашын, көктайғақ пен жел екпінін күшейтеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста күн райы әлі де тұрақталмай, қар аралас жаңбыр жауады. Астанада күндіз –1…+1 °C аралығында қар мен жаңбыр жауып, боран соғады. Көктайғақ күтіледі. Түнде сынап бағанасы –3–5 °C-ты көрсетеді. Жел екпіні секундына 9–14 метрден, кейде 20 метрге дейін жетеді. Алматыда күндіз +8+10 °C шамасында, ара-тұра жауын жауады. Түнде ауа температурасы +1+3 °C-қа дейін төмендеп, қар аралас жаңбыр мен тұман түседі. Желдің жылдамдығы секундына 2–7 метр. Шымкентте күн жылы: күндіз +15+17…
Тауар импорты мен жанама салықтар туралы 328.00 формасы ескі салық кабинетінде істен шығарылады. 2026 жылдың 16 ақпанынан бастап бұл құжатты тек жаңа цифрлық алаңда ғана толтыруға болады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, салық есебін тапсыру жүйесінде біршама жаңалық бар. Бұрынғы «Салық төлеушінің кабинеті» мен СОНО ақпараттық жүйесінде 328.00 формасының жұмысы тоқтатылғанымен, оның функционалы толық сақталған күйде жаңа Интеграцияланған салық әкімшілендіру жүйесінің (КНП ИСНА) кабинеті арқылы жалғасады. «Ескі жүйедегі 328.00 формасы өшіріледі, бірақ барлық қызмет түрлері жаңартылған платформада қолжетімді болып қала береді», – деп атап өтті комитет мамандары. Салық комитеті жаңа жүйеге алдын ала кіріп, электронды цифрлық…
«Алтын Орда» базарының бұрынғы иесі Айдарбек Құсайынов Нұрбол Назарбаевты сотқа беріп, одан 15 миллиард теңге талап етті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Tengrinews мәліметінше Құсайынов атышулы Болат Назарбаевтың ұлын «негізсіз байыды» деп айыптап, одан қомақты өтемақы өндіруді көздеп отыр. Сот процесі аяқталғанша Нұрболға тиесілі жалпы сомасы 15 миллиард 171 миллион теңге көлеміндегі барлық жылжитын- жылжымайтын мүлік пен банктегі есеп-шотына құлып салынған. «Құсайынов Болат Назарбаевтың баласынан осыншама өтемақы талап етуде. Талапкердің арызын ескеріп, жауапкердің мүлкі мен ақшасына дереу бұғат қою қажет деп шештік. Кешіксек сот шешімін орындаудан жалтаруы мүмкін», – делінген сот ұйғарымында. Айдарбек Құсайыновтың есімі Назарбаев әулетіне қатысты атышулы істе жиі аталады.…










