Tiger Films киностудиясы бұдан былай фильм түсірмейді. Бұған «Руың кім?» фильмінен кейінгі дау-дамай мен қаржылық-репутациялық шығын түрткі болған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Tiger Films студиясының продюсері Алмат Шадмат қазіргі жағдайда киномен айналысуды тиімсіз әрі қауіпті деп отыр. «Кино өндірісі әрдайым үлкен қаржылық әрі репутациялық тәуекелмен жүреді. Ертеңгі күні алаңсыз жұмыс істеп, шығармашылық еркіндікті сақтарымыз ешқандай сенім жоқ», – деді ол. Компания постпродакшн кезеңіндегі жобаларын аяқтаған соң жаңа фильмдер түсірмейтін болды. Алдағы уақытта Tiger Films кино жабдықтарын жалға берумен айнылыспақ. Төрт жыл ішінде киностудия 56 фильм түсірген. Олардың ішінде танымал болған «Бишарашки», «Менің үлкен қазақша отбасым» және «90-жылдарға оралу» сияқты туындылар бар.…
Автор: Самал Жолжақсынова
Танымал актер, көрерменге «Рэкетир» фильмі арқылы жақсы таныс Мұрат Бисембин инсульт алып, жедел ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы актердің қызы Instagram желісінде жазып, әкесінің денсаулығы бірқалыпты емес екенін мәлім етті. «Көпшілік әкемнің жағдайын сұрап жатыр. Нақты бірдеңе айту қиын бірде жақсы, бірде нашарлап кетеді. Қазір біз барынша позитивті сақтап, көңілге қаяу салмауға тырысамыз. Соңғы бір жарым жыл әкем үшін де, анам үшін де оңайға соқпады: аурухана, емхана, талдаулар, химиялық терапия, қалпына келтіру – мұның бәрі бізге ауыр сынақ болып тұр», – дейді актердің қызы. Актердің әріптесі Жан Байжанбаевтың айтуынша, Мұрат Бисембин бір жылдан астам уақыт бойы онкологиялық аурумен…
Шымкенттегі №2 мамандандырылған ХҚКО-ның 15 қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Айыпталғандардың бір бөлігі амнистиямен босатылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Тергеу мәліметінше, мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері жүргізуші куәлігін заңсыз рәсімдеумен айналысқан. Олар өз қызметі үшін 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін сыйақы алып отырған. Кем дегенде 500 адам ешқандай емтихан тапсырмай, көлік жүргізу құқығына ие болған. Жақында бұл іс бойынша сот процесі аяқталды. ХҚКО-ның бұрынғы басшысы Жомарт Мұрашымов та кінәлі деп танылды. Бірақ жазда тергеу изоляторында көз жұмғанына байланысты ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Мұрашымов пара алу, заңсыз ақшаны заңдастыру және ұйымдасқан қылмыстық топ құру баптарымен айыпталған еді. Тергеу барысында ол өз кінәсін мойындамаған.…
Астанадағы биылғы қыс ерекше жылы әрі қарсыз өтіп жатыр. Бұл жағдай қалалық бюджетке айтарлықтай үнем әкелуде, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қар тазалау жұмыстарына жұмсалатын қаражаттың айтарлықтай қысқарғанын айтты. Оның сөзінше, жауын-шашынсыз өткен әрбір тәулік коммуналдық қызмет шығындарын 50-100 млн теңгеге дейін төмендетеді. «Қарсыз күндердің арқасында күнделікті шығын 50-100 миллион теңгеге дейін азайды, кейде тіпті бұдан да көп болуы мүмкін. Әрине, мұның бәрі жауын-шашынның деңгейіне байланысты. Дегенмен, мұндай қыс бұрын да болған. Мысалы, екі жыл бұрын күз ұзақ жаңбырлы болып, қар кеш түскен еді. Бірақ қаңтар мен ақпан айларында қар қалың болды. Қазір…
Ел мектептерінде екінші тоқсан аяқталуға жақын. Оқушылардың қысқы демалысы 29 желтоқсанда басталып, 2026 жылдың 7 қаңтарына дейін жалғасады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың демалысын тиімді әрі пайдалы өткізуді ұсынды. Министрлік өкілдері балаларды көркем әдебиет оқуға, музейлер мен көрмелерге баруға, сондай-ақ спортпен айналысып, таза ауада серуендеуге шақырды. «Демалыс күндері мектептерде де түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Ойындар, танымдық сабақтар мен шығармашылыққа арналған қызықты дәрістер өткізіледі», – делінген министрліктің хабарламасында. Сонымен қатар ведомство ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін естен шығармауды ескертті. Ата-аналар жол қозғалысы, өрт қауіпсіздігі және интернеттегі сақтық шаралары туралы балаларға жиі айтып отыруы керек.
Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап құжат рәсімдеу құны артады. Бұған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) көтерілуі себеп болып отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2025 жылдың 8 желтоқсанында бекітілген «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес, 2026 жылы бір АЕК мөлшері 4 325 теңгеге дейін өседі. Биылғы АЕК 3 932 теңге еді. Осыған байланысты мемлекеттік баж салығы да қымбаттайды. Жаңа тариф бойынша қарапайым төлқұжат (36 бет) құны 8 АЕК, яғни 34 600 теңге (2025 жылы 31 456 теңге). 48 беттік төлқұжат – 12 АЕК, яғни 51 900 теңге (2025 жылы 47 184 теңге). Балалар төлқұжаты – 4 АЕК немесе 17 300…
2026 жылдан бастап Германияда көлікте телефонмен сөйлескен жүргізушілерге айыппұл 440 еуроға (шамамен 243 мың теңге) дейін өседі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Bild басылымының мәліметінше, жаңа ереже жол қозғалысындағы өзге де заң бұзушылық үшін айыппұл мөлшерін біршама арттырған. Атап айтқанда, жылдамдықты белгіленген межеден сағатына 5 шақырымға арттырғандар 46 еуро, 20 шақырымға асырғандар 229 еуро төлейді. Қызыл шамнан өтіп кетсеңіз 320 еуро, ал көлікті рұқсатсыз жерде тұраққа қойсаңыз 130 еуро санап бересіз. Мүгедектерге арналған орынға қойғаныңыз үшін 400 еуро төлеуге тура келеді. Сондай-ақ, оң жақтан озу немесе көліктер арасындағы арақашықтықты сақтамау сияқты әрекеттерге 380 еуро айыппұл белгіленген. Биліктің мұндай қадамға баруына жол апатының…
Президент Тоқаев Петерборда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қорытынды жиынына қатысып, одақтың алдағы даму бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кездесу барысында Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге қонақжайлылығы үшін алғыс білдіріп, одаққа мүше мемлекет басшыларының жыл соңында Санкт-Петербургте жиналу дәстүрге айналғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл кездесу тек жыл қорытындысын шығарудың ғана емес, болашақ стратегиясын айқындаудың да маңызды алаңы. Тоқаев биылғы жыл Еуразиялық экономикалық одақ үшін ерекше екенін, ұйым дамуының екінші онжылдығына қадам басқанын еске салды. Әлемдегі күрделі экономикалық жағдайларға қарамастан, одаққа мүше елдер тұрақты өсімді қамтамасыз етіп, өзара сауда-саттық пен өнеркәсіптік кооперацияны арттыра алған. «Биыл ЕАЭО елдерінің жиынтық ішкі өнімі…
Әлем астрономия тарихындағы ең сирек әрі ғажайып құбылыстардың біріне жүз жылдағы ең ұзақ күн тұтылуына дайындалып жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. NASA мамандарының мәліметіне қарағанда, күннің толық тұтылуы 2027 жылдың 2 тамызында болады. Бұл құбылыстың толық фазасы Марокко мен Испанияның оңтүстік бөлігінен басталып, Алжир, Тунис, Ливия мен Египет арқылы Таяу Шығысқа дейін жалғасады. Әсіресе Египеттің тарихи Луксор және Асуан қалаларында Күннің толық тұтылуы алты минуттан аса уақытқа созылады. Осы сәтте Күн толығымен Айдың тасасында қалып, ауа температурасы күрт төмендеп, тіпті аспанда жұлдыздар анық көрінеді. Ғалымдар бұл құбылысты «Күннің көзге көрінетін анатомиясы» деп те атайды. Себебі тек толық тұтылу кезінде ғана Күннің…
Apple корпорациясы 2026 жылдан бастап iPhone смартфонына арналған App Store-да жаңа жарнама түрін енгізеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазір жарнамалық материалдар қолданушылар іздеу жүйесінде қосымша іздегенде тек жоғары бөлікте көрсетіледі. Apple өкілдерінің айтуынша, 2026 жылы жарнама іздеу парақшасының төменгі тұсында да пайда болмақ. Оның орналасатын орны нақты белгіленбеген. Яғни жарнама беруші өзіне ыңғайлы орын таңдай алады. Жаңа форматтағы жарнама үшін тапсырыс берушілер әр қолданушының жарнамамен әрекеттескеніне немесе көрсетілген қосымшаны жүктеп алғанына қарай ақы төлейді. 9to5Mac басылымының хабарлауынша, жаңа функция Apple компаниясына қосымша табыс әкеледі. Компания өкілдері бұл жаңашылдық пайдаланушылар үшін де, жарнама берушілер үшін де тиімді екенін алға тартты. Apple дерегінше,…










