Украинадағы соғыстың көлеңкесі КТК құбырына түсіп, Қазақстанның мұнай экспорты тығырыққа тірелді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Желтоқсан айында CPC Blend маркалы қазақ мұнайының экспорты жоспарланған көлемнен үштен бірге қысқарған. Соңғы мәлімет бойынша тәулігіне 1,7 миллион баррельден 1,14 миллион баррельге дейін төмендеген. Reuters-тың хабарлауынша, қараша айының соңында Новороссийск портындағы Каспий құбыр консорциумы терминалына (КТК) жасалған шабуылдан кейін үш қондырғының біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Қолайсыз ауа райы да жөндеу жұмыстарын қиындатып, экспортқа шығатын бірнеше мұнай партиясының жеткізілімі кейінге қалдырылды. Kpler талдау компаниясының мәліметінше, 1–23 желтоқсан аралығында терминал арқылы небәрі 3,28 миллион тонна мұнай тиелген. Консорциум өкілдері жөндеу жұмыстарының барысы туралы пікір беруден бас…
Автор: Самат Келдібай
Келер жылдан бастап көпбалалы отбасылар мен марапатталған аналарға берілетін жәрдемақы 10 пайызға артады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне қарағанда, 2025 жылдың басынан бері елімізде 848 мыңға жуық көпбалалы отбасы мен марапатталған аналарға жалпы сомасы 555 миллиард теңгеден астам жәрдемақы төленген. Биыл қаңтарда төлемдер 6,5 пайызға индексацияланған болатын. Бөлінген қаражаттың негізгі бөлігі 600 мыңнан астам көпбалалы отбасыға тиесілі. Ал мемлекеттік наградалармен марапатталған 244 мыңға жуық ана ай сайынғы тұрақты қолдауға ие. Қараша айының өзінде 860 мыңнан астам адам жалпы сомасы 54 миллиард теңгеге жуық жәрдемақы алған. Ведомство өкілдері жәрдемақының мөлшері отбасы табысына тәуелсіз, тек бала санына…
Қазақстандағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) бірінің басшылығы бір жыл ішінде 14 рет сыйақы алған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутат Елнұр Бейсенбаевтың сөзінше, басшыларға сыйақы жер қатынастарындағы айрықша «жетістігі» үшін төленген. Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексерісте осы корпорацияда жер телімдеріне қатысты заңсыздықтар анықталған. «Бас аудитор бес жылда ӘКК-ларға 528 миллиард теңге көмек көрсетілгенін анықтады. Соған қарамай тексерілген 13 корпорацияның сегізі 209 миллиард теңге шығынға ұшырап, табысы үштен бірге кеміген», – деді депутат. Оның айтуынша, корпорациялар қаржыны нақты жобаға құюдың орнына банктегі депозитке салып, процентін алып отырған. «Егер ӘКК-ның барлық қызметі депозит ашумен шектелсе, мұндай делдалдың қажеті қанша? Қанша жұмыс орны ашылды, тұрғындарға нақты…
ҚазТАГ пен Freedom Finance арасындағы дау ақпарат алаңынан сот залына қарай ойысты. Бір тарап іскерлік беделінің тапталғанын дәлелдесе, екінші тарап сөз бостандығына жасалған қысымды алға тартып отыр деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиғаның бастауы биылғы жылдың наурыз айында жатыр. Сол уақыттан бері ҚазТАГ агенттігі «Фридом Финанс» брокерлік компаниясына қатысты қаржы алаяқтығы, клиенттер ақшасының офшорға шығарылуы, сондай-ақ брокерлік қызметтің «қаржы пирамидасына» айналуы туралы 150-ден аса материал жариялап үлгерген. Агенттік жариялаған материалдарда компания басшылығы мен иесі Тимур Турловқа ауыр айып тағылып, азаматтардың ақшасы америкалық биржаларға мүлде жетпегені, брокерлік компанияда АҚШ биржаларында сауда жасау лицензиясы жоқ екені айтылған. Аталған айыптауларға заңгер Светлана Оралбаева мен азаматша…
Шымкенттегі смарт-әжетханалар халықаралық World Toilet Summit 2025 саммитінде үздік деп танылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Otyrar-дың мәлім еткеніндей нысандардың басты ерекшелігі гигиеналық тазалық пен қолжетімділіктің жоғары деңгейде болуы. Әжетханалар толығымен сенсорлы технологиямен жабдықталған. Қол жуғышы мен унитаздан бастап, ішкі жабдықтардың барлығы жанасусыз жұмыс істейді. Жобаның жетекшісі Мақсат Әлихановтың айтуынша, толықтай сенсорлы шешім пайдаланушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін таңдалған. «Гигиена біздің басты қағидамыз. Сол себепті ішкі жабдықтардың бәрін сенсорлы етіп жасадық. Қол жуғыштан бастап унитазға дейін ештеңеге қол тигізудің қажеті жоқ, бұл ма, бұл тазалықты қамтамасыз етеді», – дейді ол. Қазір Шымкентте осындай бес смарт-әжетхана жұмыс істеп тұр. Олар ауаны автоматты түрде…
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар Үкіметті қып-қызыл шығынға батырып отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов ӘКК-лардың бастапқыда өңірлік даму институты ретінде құрылғанын еске салды. Олар бизнес пен билік арасында алтын көпір болуы тиіс еді. Алайда қазіргі уақытта корпорациялардың негізгі бағыты өзгеріп, еншілес қатысу, жалға беру, сенімді агент қызметтері сияқты өзіне тән емес функцияларды атқарып кеткен. «Оған себеп орталық мемлекеттік орган тарапынан стратегиялық басқару мен жүйелі үйлестірудің болмауы. Бүгінде ӘКК қызметінің нақты мақсаты, ортақ бағыты мен түсінікті даму моделі айқындалмаған. Олар кәсіпкерлікті дамытумен жанама түрде ғана айналысады. Оның өзінде негізінен жеңілдетілген несие беру арқылы жұмыс істейді. Бірақ ӘКК қаржы ұйымдары…
Польшада қолға түскен әйел бес жыл бойы халықаралық іздеуде болған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бас прокуратураның мәліметі бойынша, күдікті (Украина азаматы, ред) 2017–2018 жылдары халықаралық қылмыстық топ құрамында әрекет еткен. Ол донор мен органдарды қажет ететін азаматтарды тауып, тараптардың кездесуін ұйымдастырып отырған. Сонымен қатар мәмілелерді жасырын жүргізуге атсалысып, органдарды сату және трансплантациялау операциясын сүйемелдеген. Құқық қорғау органдары топ мүшелері 56 заңсыз мәміле жасаған деп отыр. Операциялар Қазақстандағы бірқатар емханаларда өткізілген. Кейін күдікті ел аумағынан қашып, бес жылдан аса уақыт бойы халықаралық іздеуде жүрген. 2025 жылдың наурыз айында Польша шекарасында ұсталып, Қазақстанның сұранысы бойынша елге экстрадицияланды. Қазір ол тергеу изоляторында отыр. Оған…
Қазақстанда микро және шағын бизнесті әкімшілік қысымнан қорғау мақсатында салық қарызын өндіріп алу тәртібі жеңілдетіледі. Бұл туралы үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министрдің айтуынша, бұрын салық қарызы 6 АЕК (шамамен 26 мың теңге) көлемінде қалыптасқан жағдайда-ақ мәжбүрлі түрде өндіру басталатын. Ал әлеуметтік төлемдер бойынша кез келген сомадан бастап өндірілетін. Енді бұл тәртіп өзгереді. «Бұдан былай салық берешегі 87 мың теңгеден (20 АЕК) асқан жағдайда ғана өндіріп алу шарасы басталады. Әлеуметтік төлемдер бойынша бұл шек 26 мың теңгеге (6 АЕК) дейін көтерілді», – деді министр. Тәкиевтің сөзінше, қазіргі кезде әлеуметтік төлемдерге қарызы бар шағын бизнес субъектілерінің…
Қазақстанда сұйытылған мұнай газының 2026 жылдың бірінші жартысына арналған көтерме бағасы бекітілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Энергетика министрінің бұйрығына сәйкес, келесі жылдың 30 маусымына дейін көтерме газ бағасы өзгермейді. Баға қосымша құн салығынсыз тоннасына 59 722 теңге деңгейінде қалады. Бұл құжат биржадан тыс, ішкі нарықта сатылатын сұйытылған газ жеткізілімін реттейді. Жаңа бұйрық 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Айта кетейік, дәл осындай шекті баға биыл 1 тамыздан бастап қолданыла бастаған еді. Бұған дейін көтерме баға тоннасына 51 932 теңге болған. Еске сала кетейік, үкімет бұған дейін инфляция мен экономикалық шығындардың өсуіне байланысты дағдарысқа қарсы жоспар қабылдаған болатын. Аталған жоспар аясында…
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге маңызды ескерту жасады хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты жеңілдетілген декларация, бөлшек сауда салығы және тіркелген шегерім режимімен жұмыс істейтін кәсіпкерлер қолданатын салық режимі туралы хабарлама тапсыруы керек. Комитеттің хабарлауынша, жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдануды жалғастыру үшін хабарламаны 2026 жылдың 1 қаңтары мен 1 наурызы аралығында тапсыру қажет. Бұл өтпелі кезең. Хабарлама тапсырған кәсіпкерлер аталған режимді 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданатын болып есептеледі. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап хабарламаны бірнеше тәсілмен жолдауға болады: Салық төлеушінің кабинетінде (ИСНА) ЭЦҚ арқылы: «Құжаттарды тапсыру» → «Қолданылатын салық режимі туралы хабарлама» бөлімі…










