Автор: Самат Келдібай

Avatar photo

Самат Келдібай Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік ахуал, құқықтық тәртіп, резонанс оқиғалар және даулы мәселелер тақырыбын жазады. Оның материалдарында күн тәртібіндегі күрделі оқиғалар оқырманға түсінікті тілмен беріліп, шешім қабылдайтын органдардың ұстанымы мен қоғам реакциясы қатар қамтылады.

Қарлығаш Жаманқұлова

Ұлттық құрылтайда «Әділ сөз» қорының басшысы Қарлығаш Жаманқұлова отандық медианың бүгіні мен болашағына қатысты бірқатар ұсыныс жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Ақпараттық заманның нағыз күрескерлері журналистердің еңбегі қашан да сұранысқа ие. Халық сапалы әрі сенімді ақпаратқа мұқтаж. Бірақ Қазақстандағы медиа нарығы қаржылық және институционалдық қиындықтың қысымында қалып отыр», – деп мәлімдеді Жаманқұлова. Оның айтуынша, елдегі БАҚ-тың басым бөлігі жарнамадан түсетін табыстан қағылып, жаһандық цифрлық платформалардың (YouTube, Meta, TikTok) көлеңкесінде қалған. Рекламадан түсетін қаржының 65 пайыздан астамы осы алыптарға кетіп жатыр. Сондықтан тәуелсіз, мемлекеттен тыс медиа ұйымдарға нақты қолдау көрсету қажеттігін жеткізген Жаманқұлова: «Журналистердің еңбегі лайықты бағаланып, редакциялар кәсіби кадрларды тарта алуы…

Толық оқу
салық төлеу 2026

Қазақстан салық қызметін бюрократиядан арылтып, бизнесті «клиент» деп танитын жаңа кезеңге көшеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдегендей, ендігіде салық органдары мен кәсіпкерлер арасында бұрынғыдай «қырғи-қабақ» емес, керісінше сервиске негізделген қарым-қатынас орнайды. Негізгі реформа есепті уақытында өткізбеген жағдайда, «нөлдік есептің» автоматты түрде толтырылуы. Осы арқылы мемлекет шағын және орта бизнесті айыппұл мен банк шоттарының бұғатталуынан қорғауды көздеп отыр. Дегенмен, жасырын кіріс немесе айналым анықталса, жауапкершілік бәрібір күшінде қалады. Реформа шеңберінде салық есептерінің саны да айтарлықтай азаймақ. Бұрын 41 форма толтырылса, алдағы уақытта кәсіпкерлер тек 28 форманы тапсырады. Сонымен қатар арнайы көшпелі топтар құрылып, интернеті жоқ шалғай ауылдардағы зейнеткерлер мен…

Толық оқу
әскерге шақыру

Әскердегі сарбаздар бұдан былай несие ала алмайды. Қаржы саласына енгізілгелі отырған жаңа тәртіп елдегі банк жүйесіне қосымша міндет жүктемек деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несие беруші ұйымдарға азаматтардың әскердегі мәртебесін тексеруді міндеттейтін қаулы жобасын әзірледі. 3 ақпанға дейін қоғамдық талқыға түсетін құжатқа сәйкес банктер мен шағын қаржы ұйымдары мерзімді әскери борышын өтеп жүрген азаматтарға несие беруден бас тартуға тиіс. «Жаңа тәртіп бойынша Қорғаныс министрлігі мен несие бюролары ақпарат алмасады. Егер азамат әскер қатарына шақырылған болса, әлгі дерек оның кредиттік тарихында көрініп тұрады. Сол ақпарат негізінде қаржы ұйымдары мен банктер сарбаздарға несие беруге тыйым салады», – делінген құжатта.…

Толық оқу
интимді суреттер Маңғыстау

Маңғыстауда жас қызды интим суреттерімен бопсалап, миллион теңге талап еткен екі азамат қолға түсті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оқиға жәбірленушінің полицияға шағымдануынан кейін белгілі болды. Оның айтуынша, бопсалаушы жігіт әлеуметтік желіге жеке суреттерін таратып, туыстарына көрсетемін деп қорқытқан. Әлгі адам абыройын сақтау үшін қыздан қомақты ақша талап еткен. «Алдымен WhatsApp арқылы 200 мың теңгені дереу аударуды бұйырып, қалған 800 мыңды 20 қаңтарға дейін жеткізуді міндеттеген. Қаражат арнайы шотқа аударылуы тиіс еді», – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жедел әрекет етіп, күдікті екі ер адамды ұстады. Тексеру барысында олардан қылмысқа қатысы бар айғақ заттар…

Толық оқу
алтын бағасы 2026

Дөкең, Доналд Трамптың Гренландия үшін Еуроодаққа жаңа санкция енгізу туралы күтпеген мәлімдемесі алтын мен күмістің бағасын аспандатып жіберді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Инвесторлар жаппай сенімді активтерге көшіп, алтынның бір унциясы (31,1 грамм) тарихта болмаған рекордтық деңгей 4689,39 долларға дейін шарықтады. Ұлттық банктің бүгінгі бағамымен есептегенде, бұл 2 млн 401 мың 718 теңгеге тең. Күннің соңына қарай алтын бағасы 4666,65 доллар (2 млн 390 мың 71 теңге) көлемінде тұрақтады. АҚШ-та алтын фьючерстері де рекорд орнатып, унциясы 4671,40 долларды құрады. Күміс те баға бәйгесінен қалыспады. Оның бір унциясының құны 93,50 долларға (47 мың 887 теңге) жетсе, ең жоғары көрсеткіші 94,08 доллар (48 мың…

Толық оқу
Тоқаев құрылтай

Астанада президент Тоқаевтың қатысуымен парламенттік реформалар жөніндегі жұмыс тобының кезекті жиыны өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жиында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин парламенттің алдағы реформасына қатысты атқарылған жұмыстар мен ұсынылатын өзгерістердің ауқымы туралы баяндама жасады. Президент көмекшісі Ержан Жиенбаев азаматтардың пікіріне негізделген негізгі тұжырымдарды таныстырды. Онда депутаттар санынан бастап, өкілеттік мерзімі мен сайлау тәртібіне дейінгі ауқымды ұсыныстар қамтылған. Институт директоры Наталья Панның айтуынша, e-Otinish және eGov платформалары арқылы азаматтардан, партиялардан, ҮЕҰ мен сарапшылардан шамамен 1600 ұсыныс келіп түскен. Олардың барлығы да жұмыс тобының қарауына алынып, талқыға салынды. Тоқаев не дейді? Жиынды қорытындылаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жарты жылда қоғамда конституциялық реформаның мақсат-міндеттеріне…

Толық оқу

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бұрын-соңды болмаған жемқорлық былығы әшкере болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаржылық мониторинг агенттігі университет басшыларының 321 миллион теңгені жымқырғанын анықтап, істі толық тергеп, сотқа жолдады. Афераға бұрынғы бірінші проректор, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, қойма меңгерушісі және бірнеше мердігер компания басшылары қатысқан. Тергеу материалы бойынша, күдіктілер жалған келісімшарттар жасап, тауарлар не мүлдем жеткізілмеген, не бағасы еселеп көтерілген. Мәселен, университет басшылығы бір ғана креслоны 20 миллион теңгеге сатып алған, ал нарықтағы шынайы құны бар-жоғы 200 мың теңге болған. Қазынаның миллиондарын жалған кәсіпкерлік арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып, өзара бөліп отырған. Ұрлық ізін жасыру үшін күдіктілер ескі…

Толық оқу
Тоқаев 20 қаңтарда Қызылордада өтетін Ұлттық құрылтайдың

Президент Тоқаев 20 қаңтарда Қызылордада өтетін Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысына қатысып, ел дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын маңызды үндеу жасамақ, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанның алдағы даму басымдықтарын белгілеп, қоғамды толғандырып отырған өзекті мәселелерге ерекше тоқталады. Ұлттық құрылтай Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Ол қоғам өмірінің маңызды мәселелерін талқылау үшін 2022 жылдың маусым айында құрылған болатын. Бұған дейінгі төрт құрылтай жиыны Ұлытау, Түркістан, Атырау және Бурабайда өтті. Әр жиынның негізгі ерекшелігі Президенттің жан-жақты әрі ауқымды баяндамасы. Жиын барысында азаматтық қоғамды дамыту, руханият пен мәдениет, білім-ғылым және әлеуметтік-экономикалық бағыттағы маңызды тақырыптар терең талқыланады. Бұл…

Толық оқу
Дугин Қазақстанға соқтықты.

Ресейлік идеолог Александр Дугин Қазақстанның болашағына күмән келтіріп, посткеңестік елдерді Мәскеудің қанатының астына қайта жинауды ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Дугиннің мәлімдеуінше, тәуелсіз мемлекеттердің дәуірі аяқталған. Ол өз сөзінде Қазақстанмен қоса, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Грузия мен Әзербайжанның дербес өмір сүруге хақысы жоқ деген пікір айтты. «Егеменді Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Грузия және Әзербайжанның бар екенімен келісе алмаймыз», – деді Дугин. Оның пайымдауынша, жаңа геосаяси жағдайда аталған мемлекеттер Ресейдің ықпалына қайтып оралуға мәжбүр. Әйтпесе, Батыс, АҚШ, Қытай немесе Еуроодақтың ойын алаңына айналады-мыс. Дугин тіпті Ресейдің қазіргі халықаралық құқық нормаларынан бас тартып, ашық қарсыласуға көшкенін қолдайды. «Еуразиялық Монро доктринасы» деген жаңа…

Толық оқу
Бектенов

Премьер Бектенов бастаған министрлер кабинеті «елдің мүддесін қорғауға дәрменсіз» деген айыптауға жауап қатты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бектеновтың айтуынша, ел аумағындағы экологиялық заңбұзушылықтар тек ішкі заң шеңберінде қаралып, салынатын айыппұл теңгемен есептеледі. Осы себепті, экологиялық айыппұлды шетелдік валютаға шаққан депутаттардың мәлімдемесі заң талабына сай келмейді әрі тәжірибеде қолданылмайды. Үкімет басшысы нақты мысал ретінде Атырау облысы экология департаментінің «Солтүстік Каспий» жобасына жүргізген тексерісін атады. 2022 жылы осы тексеру барысында экологиялық заң талабы бұзылғаны анықталған. Алайда компания шешімге қарсы сотқа жүгініп, 2025 жылы тамызда Астана соты экология департаментінің шешімін рәсімдеу кезінде кеткен процедуралық қателік үшін заңсыз деп таныған. Осыған қарамастан, департамент анықталған кемшілікті…

Толық оқу