Олжас Бектенов мемлекеттік органдар «бюрократияға мүлде жол жоқ» қағидаты бойынша жұмыс істеуі қажет екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Үкімет отырысында экономиканың нақты секторын қаржыландыру мәселесін қарау барысында премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдар бизнес мәселелерін жедел шешіп, кедергі жасамауы керек екенін баса айтты.
«Біз ұзақ келісу рәсімдері мен бюрократиялық кедергілердің кесірінен немесе ведомствоаралық өзара байланыстардың жоқтығынан болашағы зор бастамалардың баяулап қалғанын көріп жүрміз. Жақында мен инвестициялық ахуалға арналған кеңес өткіздім. Көп уақыт бойы созылып келген сұрақтар сол арада бірден шешімін тапты. Барлық мемлекеттік органдар “бюрократияға мүлде жол жоқ” қағидаты бойынша жұмыс істеуге тиіс», — деді Олжас Бектенов.
Бектеновтің айтуынша, Үкіметтің міндеті – жобаларды сөзбұйдаға салмай, жылдам әрі тиімді қаржыландыру үшін жағдай жасау.