Премьер-министр Олжас Бектенов климаттық тәуекелдерді, астықтың түсімін және азық-түлік өнімдерінің нарықтық бағасын болжау үшін цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні кеңінен қолдануды тапсырды, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Сонымен қатар жасанды интеллектті қолдана отырып, егінді суару, өсімдіктерді қорғау құралдары мен тыңайтқыштарды қолдану, жем-шөп тұтыну, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникалары паркін басқару процестерін оңтайландыру қажет екенін.
«Бүгінде мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, тұрақтандыру қорлары мен қоймалардағы астық пен өнім қорларын есепке алу, топырақтың ылғалдылығын анықтау және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша статистикалық деректердің нақтылығы өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Осы мәселелердің бәрін есепке алу жүйесін толық цифрландыру арқылы шешу керек», — деді премьер-министр.
Бұл орайда Үкімет басшысы маңызды міндет жүктеді.
Цифрлық құралдарды қолдану арқылы қажетті қаражат мөлшері, есеп беру, егіс алқабы, мал басы туралы деректердің нақтылығын қамтамасыз еткен жөн. Цифрландыру мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал етуі тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.