Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі Жоғарғы сотқа жіберілді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
orda.kz мәліметінше, сот хаттамалары істің судьяға 5 тамызда тағайындалғанын көрсетеді.
Бишімбаев былтыр 9 қарашада кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын. Маусым айында сот оны аса қатыгездікпен және азаптаумен өлтіргені үшін кінәлі деп тауып, 24 жылға бас бостандығынан айырды. Шілде айында жазасын өтеп жатқан жеріне ауыстырылды.
Үкімді күшінде қалдырған апелляциялық сот алқасының шешімінен кейін адвокат Назкен Құсайынова сот үкімін заңсыз деп тауып, қайта шағымдануға ниетті екенін мәлімдеді.