Ішкі істер министрлігі «экс-министр Қуандық Бишімбаевқа арнап изоляторға есірткі өткізуге тырысқандар болған» деген ақпаратты жоққа шығарды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz Press.kz басылымына сілтеп.
7 шілдеде әйел елорданың тергеу изоляторында қамауда отырған адамға марихуана қосылған голубцы әкелгені туралы ақпарат пайда болды.
Артынша бұл сотты болған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа «тосынсый» деген қауесет те тарады.
№ 64 мекемеде тыйым салынған затты ішке өткізу әрекетіне тосқауыл қойылған. Алайда бұл деректің Бишімбаевқа ешқандай қатысы жоқ болып шықты.
Сондай-ақ, оқиғадан кейін елордалық тергеу изоляторларына тартылған етпен тамақ әкелуге тыйым салынған. Алайда ІІМ өнімдер бойынша жаңа ережелер енгізілмегенін мәлімдеді.
Айта кетейік, Бишімбаев Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша 24 жылға сотталды. Ал бұған дейін әлеуметтік желіде оның түрмеде бірге отырған сотталушымен төбелесіп қалғаны туралы ақпарат тараған еді. Дегенмен бұл ақпарат та расталды.