Бүгінгі жұлдыз жорамал серуендеуге, орта ауыстыруға және бой сергітуге қолайлы күн екенін айтады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Табиғат аясында демалу күш жинауға көмектеседі. Кешкі кездесу де көңілден шығуы мүмкін. Бірақ оған артық үміт артып, бәрін тым әсірелеудің қажеті жоқ.
Тоқтыға қаржы мәселесінде сақтық керек. Жылдам табыс уәде еткен күмәнді ұсынысқа сенбеген жөн. Бүгін өзіңізге көңіл бөліп, сырт келбетіңізге уақыт арнасаңыз, нәтижесі жақсы болады.
Торпақ алғашында жалғыз қалғысы келуі мүмкін. Бірақ көп ұзамай іші пыса бастайды. Сондықтан достармен араласып, белсенді демалысқа шыққан дұрыс. Күтпеген көңілді сәттер көңіл күйді көтереді.
Егіздер бөтен ойын мен айлаға еріп кетпегені абзал. Көңіліңіз дайын болмаса, ауыр әңгімені кейінге қалдырыңыз. Қаржыға қатысты тәуекелі көп шешімнен де аулақ болған жөн.
Шаянның күні тыныш өтеді. Аса үлкен оқиға болмауы мүмкін. Бірақ күш-қуат тез сарқылуы ықтимал. Сондықтан кешке жаныңызға қуаныш сыйлайтын іске уақыт табыңыз.
Өз ырғағыңыздан ауытқымаңыз
Арыстан үшін үй ішіндегі тірлік бүгін жеңіл жүреді. Тіпті одан рахат алуыңыз мүмкін. Ал жаңа таныстықта абай болған дұрыс. Сырттай ашық көрінген адамның бәрі сенімге лайық бола бермейді.
Бикештің көңіл күйі құбылуы мүмкін. Тіпті жақсы жаңалықтың өзі күткен қуаныш сыйламауы ғажап емес. Осындай сәтте жақын адамға ашуыңызды шығарып алмаңыз. Бұл уақытша күй ғана.
Таразыны жақын адамға қатысты тосын хабар алаңдатуы мүмкін. Бірақ естігеннің бәріне бірден сене бермеңіз. Эмоцияға ермей, алдымен анық-қанығын тексеріп алған дұрыс.
Сарышаян толық тынығуды кейінге ысыруы мүмкін. Есесіне бүгін біраз мәселені сабырмен және сыпайы түрде шеше аласыз. Жеке өмірде де жұмсақтық керек. Болмашы нәрседен ұрыс шығарудың қажеті жоқ.
Мергеннің жоспарын күтпеген кездесу не әңгіме өзгертіп жіберуі мүмкін. Бүгін ішкі түйсік өте мықты жұмыс істейді. Кімге сенуге болатынын жүрегіңіз дәл айтып береді.
Тауешкіні ұсақ шаруа мен майда тірлік айналдырып әкетуі мүмкін. Осындай қарбаласта бір нәрсені ұмытып кету оңай. Сондықтан маңызды дүниені бақылауда ұстаңыз. Бүгін ұқыптылық бәрінен маңызды.
Суқұйғышқа бүгін маңызды шешімді асықпай қабылдаған жөн. Ірі сатып алуды да кейінге қалдырған дұрыс. Ал ескі қарызды жабуға қолайлы күн. Сол кезде жеңілдік пен ішкі тыныштық сезіледі.
Балықтар үшін бұл күн демалуға және қайта күш жинауға ыңғайлы. Ешқайда асықпай, өз ырғағыңызбен жүрген дұрыс. Тек денсаулықты ұмытпаңыз. Құбылмалы ауа райы көңіл-күй мен халге әсер етуі мүмкін.
Қазақ киносының аңыз туындысы «Қыз Жібек» фильміндегі сахналық киім төңірегіндегі дау қайта өршіді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







