Бүгін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ҚХА мүшелері мен жастар қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Сессия барысында аудан әкімі, аудандық ҚХА төрағасы Талғат Ескендірұлы Байеділов Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, ҚХА мүшелері – облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Гүлнар Сағатқызы Жошыбаева, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Талғат Смағұлұлы Мұқашев, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің өкілі Зоя Кайсаровна Магамадова, аудандық орыс этномәдени бірлестігінің төрайымы Ирина Николаевна Таркова, сондай-ақ Ассамблея жастарының мүшесі Мурат Яшаевич Нажипов өз бағыттары бойынша жобалар мен бастамаларды таныстырды.
Кездесу аясында қоғамдағы келісім мен бірлікті нығайту, жастардың белсенділігін арттыру және этномәдени бірлестіктердің жұмысын қолдау мәселелері талқыланды.