Халықаралық Fitch рейтингтік агенттігі Kaspi.kz пен Kaspi Bank рейтингтерін тұрақты болжаммен BBB− деңгейінде қайта растады деп жазады Ertenmedia.kz.
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:
«Kaspi-дің халықаралық рейтингтік агенттіктен қайтадан осындай жоғары баға алғанын мақтан тұтамыз. Біз үшін ең маңызды баға – сүйікті клиенттеріміз бен серіктестеріміздің сенімі. Күн сайын Kaspi-ді таңдағандарыңыз үшін рақмет!»
Fitch Kaspi-дің бірегей бизнес-моделін атап өтіп, клиенттер мен кәсіпкерлер үшін электрондық коммерцияны, төлемдер мен қаржы сервистерін біріктіретін мобильді қосымшамызды ерекше атап көрсетеді.
Fitch сондай-ақ капиталдың жоғары деңгейі мен тәуекелдерді тиімді басқаруды атап өтеді.
Бүгінде Kaspi-дің сервистерін Қазақстан мен Түркияда 26 миллионнан астам клиент және 1 миллионға жуық кәсіпкер пайдаланады.
Айта кетелік, бұған дейін Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингі BBB деңгейіне көтерілген болатын. Еліміз 2016 жылдан бері жете алмаған межені араға 10 жыл салып қайта бағындырды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







