Бектеновтің орынбасары Қанат Бозымбаев өзін вице-президент қызметіне баруы мүмкін деген әңгімені салқын қабылдайтынын айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Оның сөзінше, мұндай талқыларды тым жақын қабылдап жүрген жоқ, қазір бар назарын өз жұмысына аударған.
Бозымбаев кадрлық әңгімелерге қатысты пікірін астарлап жеткізді.
Айтуынша, генерал болуды армандамайтын солдат болмайды, бірақ өзінің қазіргі лауазымы да генералдық деңгейдегі қызмет болғандықтан, оған осының өзі жеткілікті.
Сонымен бірге ол мұндай шешім жеке қалау не қоғамдық болжаммен емес, Конституция аясында қабылданатынын еске салды. Бозымбаевтың айтуынша, вице-президентке қатысты таңдауды президент жасайды, ал ол парламентпен келісім арқылы рәсімделеді. Ал халық пен сарапшылардың мұндай тақырыпты талқылауы Қазақстан үшін қалыпты құбылыс саналады.
Шенеунік ықтимал тағайындау жөніндегі әңгімені елдегі үйреншікті саяси болжамдардың бірі ретінде бағалады. Алайда өзі дәл сондай лауазымға барамын деп ойламайтынын да ашық аңғартты.
Бұған дейін танымал заңгер Айман Омарова вице-президент Назарбаевтың жақындарының арасынан шығуы мүмкін деген болжам жасаған.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







