Өсімдікті қалемшеден көбейткен кезде ең жиі кездесетін мәселе тамырдың баяу шығуы. Мұндайда дайын химиялық стимуляторларды қолдануға болады. Алайда уақыт сынынан өткен, қарапайым әрі қолжетімді халықтық тәсілдер де бар, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бал
1,5 литр суға бір шай қасық табиғи балды ерітіп, қалемшені ерітіндіге үштен бір бөлігіне дейін батырады. Осы күйде 12 сағат ұстау жеткілікті. Бал тамырдың тез түзілуіне көмектеседі әрі өсімдікке жұмсақ әсер етеді.
Картоп
Үлкен картоп түйнегін алып, барлық көзшелерін мұқият алып тастайды. Ортасынан тілік жасап, соған қалемшені енгізеді. Уақтылы суарып отырса, қалемше тез тамырлайды. Бұл тәсіл тамырлануы қиын өсімдіктерге де жақсы нәтиже береді. Себебі картоп қалемшені қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етеді.
Алоэ шырыны
Қалемше тұрған суға 3-7 тамшы жаңа сығылған алоэ шырынын қосады. Ол тамырдың шығуын жеделдетіп қана қоймай, қалемшенің иммундық жүйесін де күшейтеді.
Тал суы
Талдың бірнеше бұтағын суға салып, тамыр шыққанша күтеді. Сол сияқты терек, багульник немесе верба бұтақтары да жарайды. Тамыр пайда болған соң бұтақтарды алып тастап, сол суға қалемшені орналастырады. Бұл суды ауыстырмайды, тек азайған сайын үстінен қосып отырады.
Ашытқы
1 литр суға 100 мг ашытқы қосып ерітінді дайындайды. Қалемшелерді осы ерітіндіде бір тәулік ұстап, кейін таза сумен шайып, жартысына дейін су құйылған ыдысқа салады. Ашытқы тамырдың белсенді түзілуіне ықпал етеді.
Осындай қарапайым тәсілдер арқылы артық шығынсыз-ақ бақшадағы өсімдіктерді сәтті көбейтуге болады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі елге сырттан тасымалданатын тауық жұмыртқасына бір айға тыйым салмақ.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

