Танымал New England Journal of Medicine ғылыми журналы ең пайдалы диеталардың жаңа рейтингін жариялады. Екінші жыл қатарынан DASH диетасы жүрек саулығын сақтау үшін ең тиімді әрі пайдалы диета ретінде танылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Диетолог мамандар 38 түрлі диетаны 21 критерий бойынша бағалады. Бағалау барысында диетаның ғылыми негізделуі, рационның тепе-теңдігі, тиімділігі және қолданудағы жеңілдігі ескерілді. DASH диетасы ғылыми дәлелденген пайдасы, барлық адамға қолжетімділігі және аса қатаң шектеулердің болмауы есебінен ең жоғары ұпайға ие болды. Аталған диетада қандай да бір азық-түлік топтары толығымен алынып тасталмайды, бұл оны ұстануды жеңілдетеді.
DASH диетасы бастапқыда қан қысымын төмендетуге бағытталған. Оның құрамында жүрек-қан тамыр жүйесіне пайдалы талшықтар мен минералдар (калий, кальций және магний) өте көп кездеседі.
Бұл диета қаныққан майлар мен холестеринді барынша аз тұтынуды ұсынады және рационға жеміс-жидек, көкөніс, тұтас дәнді дақылдар, балық, құс еті, жаңғақтар мен майлылығы төмен сүт өнімдерін көбірек қосып, тәттілерді, құрамында қант мөлшері көп өнімдерді және қызыл етті тұтынуды шектеуді ұсынады.
«DASH диетасы соңғы 20 жыл бойы инсульт және басқа да жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтуда тұрақты нәтижелер көрсетіп келеді. Сондықтан оны қан қысымын бақылау бойынша бірінші орыннан, ал ең үздік диеталар арасындағы жалпы рейтингте екінші орыннан көргеніме қуаныштымын», – дейді сертификатталған диетолог, профессор Кэтрин Шампань.
Ғылыми зерттеушілердің айтуынша, DASH диетасының жетістігі — іргелі ғылым мен күнделікті тамақтану әдеттерінің тікелей байланыста екенін және миллиондаған адамның созылмалы ауруларға шалдығу қаупін төмендетуге болатынын көрсететін тамаша дәлел.
Соңғы кезде моншаға бару денсаулықты жақсартудың сәнді трендіне айналды. Бірақ бұл үрдістің барлық пайдасын сезіну үшін қажетті ережелерді білу маңызды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







