Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған бастамаларға қатысты өз пікірін білдірді,- деп жазады Ertenmedia
— «Филиал партиясы Мемлекет басшысының стратегиялық курсын толық әрі бұлжымас қолдайды. Президент Жолдауында экономиканы әртараптандыру, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету сияқты маңызды басымдықтар айқындалды. Сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, инвестициялық ахуалды жақсарту және әкімшілік кедергілерді азайтуға ерекше назар аударылды.
Әлеуметтік саясат та басты назарда. Бюджеттік шығындар қысқартылған жағдайда да әлеуметтік міндеттемелер бірінші орында қалуы тиіс екені атап өтілді. Бұл – халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы маңызды қадам.
«Аманат» партиясы Президент белгілеген міндеттердің өңірлік деңгейде орындалуына жауапкершілікпен қарайды. Біз партиялық бақылауды күшейтіп, мемлекеттік органдармен және бизнес қауымдастығымен тығыз байланыста жұмыс істейміз», – деді Алтынсары Үмбетәлиев.