Бейжің мен Теғранның тактикалық «тұзағы» АҚШ пен Израилдің стратегиялық әлеуетін сарқып жатыр. Осы туралы тың деректер мен инсайдттар халықаралық қауіпсіздік саласында қызу талқыға түсе бастады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Иранның қазіргі әрекеті Қытайдың жасанды интеллект технологиясы және спутниктік қолдауымен жүзеге асып отыр. Операцияның мәні пластик пен ағаштан жасалған арзан әрі жалған әскери нысандарды пайдалану арқылы АҚШ пен Израильді құны миллиондаған доллар тұратын зымырандарын текке рәсуәлауға мәжбүрлеу.
«Жалған нысандардың» ішінде зымыран қондырғылары, ұшақтар мен радиолокациялық станциялар бар. Әскери сарапшылардың пікірінше, осы әдіс қаржылық және әскери тұрғыда зор шығынға әкеп соғады.
Мәселен, құны бірнеше мың доллардан аспайтын муляждарға қарсы америкалық «Patriot» зымырандарының құны 3 миллион долларға дейін жетеді.
Қытайдың көздегені не?
Бейжің осы «елес соғыс» әдісін Иранға ұсыну арқылы екі басты мақсатты көздейді.
Біріншіден, Уашиңтон мен Тел-Әвивтің зымыран қорын сарқып, оларды әскери-экономикалық тығырыққа тіреу. Екіншіден, олардың заманауи қорғаныс жүйелерінің техникалық сипаттамасын зерттеп, болашақта тиімді қарсы әрекет етудің жаңа технологиясын әзірлеу.
Тактика «зымырандық қанығу стратегиясына» негізделген. Арзан әрі қарапайым дрондар мен зымырандарды көптеп ұшыру арқылы әуе шабуылына қарсы жүйелерді үздіксіз жұмыс істеуге мәжбүрлеп, олардың зымырандық әлеуетін толығымен тауысуға бағытталған.
Нәтижесінде америкалық «Iron Dome», «David’s Sling» және «Patriot» сияқты қорғаныс жүйелерінің стратегиялық қоры азайып, әскери өнеркәсібінің өндірістік қуаты әлсірейді.
Қытай-Иран тактикалық тұзағы АҚШ-ты екі бағытта қысады
Бір жағынан, әскери бюджетіне зор ауыртпалық түсірсе, екінші жағынан, Украина мен Таяу Шығыстағы қақтығыс жағдайында Уашиңтонның қорғаныс өнеркәсібін өндіріспен қамтамасыз ету мүмкіндігі күрт төмендейді.
Президенті Сидің әскери тәсілінің артында соғыссыз жеңіске жету концепциясы жатыр. Қытай мен Иран әдейі құрастырылған «әскери елестерді» пайдаланып, АҚШ пен Израильді экономикалық тұрғыда титықтатуға күш салып отыр.
Осы соғыстағы басты парадокс мынада: әмерикалық және израильдік зымырандар құны бірнеше жүз доллардан аспайтын жалған нысанды жойып жатқанда, олардың әскери қорлары түгесіледі, ал нақты ирандық әскери әлеуетке айтарлықтай зиян келмейді.
Сөйтіп, «технологиялық шаршауға» ұшыраған АҚШ пен Израиль әскери қақтығысты жалғастыруға мүмкіндігі болмай, келіссөз үстеліне амалсыз отыруға мәжбүр болмақ.
Мұндай сценарий іске асса, Қытай өзін бейбітшілік орнатушы ретінде көрсетіп, Таяу Шығыс аймағының геосаяси картасын өз қалауынша құбылта алады. АҚШ пен Израиль «әскери банкроттыққа» ұшырап, нәтижесінде соғыс даласындағы басымдық Қытай мен Иранның еншісіне өтеді.
Сарапшылардың пікірінше, Қытай оқ шығындамай-ай стратегиялық қарсыластарын титықтатып, жаңа геосаяси үстемдік орнатуға ұмтылуда.
Иранда не болып жатыр? Бұған дейн біз президент Трамп Иранға қарсы әскери соққыны соңғы сәтке дейін құпия ұстап келгенін жазған едік.
Ескерту: moderndiplomacy зерттеуі негізінде әзірленді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







