Түркістан облысында Тоқаев кортежінің жүретін жолынан оқ атылатын қарулар табылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Түркістан облысында Мемлекет басшысының кортежінің жүру бағытын тексеру кезінде ІІМ, ҰҚК қызметкерлері МКҚ-мен бірлесіп жасырылған қару-жарағын тапты.
«Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтау және күдікті адамдарды ұстау бойынша қажетті жедел іздестіру және тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады ІІМ.
Айта кетейік, 27 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған еді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







