Кремль билігі атышулы пропагандист, блогер Илия Ремеслоны қол-аяғын матап, Петербордағы жындыханаға жатқызып тастады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Агентство-ның мәліметінше, блогер қазір мекемедегі психикалық ауытқуы байқалған науқасқа арналған 16-бөлімде ем алып жатыр. Ол желіге соңғы рет 18 наурыз күні шыққан.
Петербордағы жындыхана соғыс басталғалы Путиннің саясатына қарсы шыққан тұлғаларды «түзейтін» мекемеге айналған дейді-мыс.
Айта кетсек, Илия Ремесло күні кешеге дейін Кремль көсемінің сойылын соғып келген. Мәскеудің тапсырмасымен Алексей Навальный мен оның жақтастарына қарсы науқан жүргізіп, ел ішіндегі батыс тыңшыларын табуға атсалысқан Z блогер ретінде танымал.
Жындыханаға жеткізілердің алдында Илия Ремеслоның риторикасы күрт өзгеріп, Путин мен Украинадағы соғысқа қарсы шыға бастаған. Ресей президентін ел экономикасын құлдыратты, сөз бостандығын шектеді деп айыптап, оның отставкаға кетуін және сот алдында жауап беруін талап еткен.
Бізге жеткен мәлімет бойынша, Мәскеудің Z блогерлер жаппай пайдаланатын әлемжелілерді жаппай бұғаттауы, осы күнге дейін Кремль саясатын қолдап келген топтың наразылығын күшейтіп жатыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







