Қарағанды облысында Қаржылық мониторинг агенттігі бассейн салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісін тергеп жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Балалар спортын дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар объектінің құрылысын бақылаған азамат орындалған жұмыстардың жалған актілері бойынша жеткізілмеген құрылыс материалдары үшін өзіне қарасты кәсіпорынның шотына, сондай-ақ бассейн құрылысына қатысы жоқ басқа кәсіпорындардың атына қаражат аударған.
«Кешенді сот құрылысы-экономикалық сараптамасының, сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, мемлекетке орындалмаған жұмыстар мен жеткізілмеген материалдардан тұратын 130 млн теңгеден астам залал келтірілген. Бұл азамат ұсталып, оған қатысты сот «үй қамақа алу» шарасын қолданды», — деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.