Ішкі істер министрлігі «Qarmet» АҚ-дан ұрлық жасады деген күдікпен екі адамға іздеу жариялады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Қылмыстық топ аса ірі мөлшерде жасаған алаяқтық дерегі бойынша (ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі) мына адамдар іздестіріліп жатыр:
- Ахметжанов Мирас Қалымбекұлы, 02.04.1987 жылы туған, Абай облысының тумасы, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған. Бұлтартпау шарасы «қамауда ұстау».
- Чижевский Андрей Александрович, 29.11.1987 жылы туған, Қостанай облысының тумасы. Бұлтартпау шарасы «қамауда ұстау», — деп жазылған хабарламада.
ІІМ өкілдері іздеуде жүрген адамдардың орналасқан жері туралы ақпарат болса, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментіне Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 1 мекенжайы бойынша немесе 8-705-177-14-19, 8-702-975-62-48, 8-775-299-79-97, 8-7172-72-20-99 телефондары арқылы хабарлауды сұрады.