Журналист Михаил Козачков жазғандай, Астанада қазір қызық сот процесі өтіп жатыр. Қазақстанның әуе кеңістігін бақылайтын «Қазаэронавигация» мемлекеттік компаниясы және спутниктік байланыс саласында жұмыс істейтін шетелдік «WASAT TECHNOLOGIES LLC» фирмасы. 2021 жылы тараптар 3,5 млн долларлық келісімшартқа қол қойған. Шарт бойынша шетелдік компания Қазақстанның үш қаласына қымбат жабдық орнатып, диспетчерлік орталықтардың қызметкерлерін оқытуы керек болған. Бұған қоса, спутниктерден ақпарат беру қызметі үшін де айтарлықтай ақы алу қарастырылған, деп жазады Ertenmedia.kz.
«Казаэронавигация» елдің бүкіл әуе кеңістігін бақылап, диспетчерлері Қазақстан үстімен ұшатын ұшақтарды бағыттап, әр әуе компаниясы бұл қызмет үшін ақы алтанын білеміз. WASAT-пен жасалған келісім осы жұмыстарды жақсартуға, яғни ұшақтардың қозғалысы туралы қосымша мәлімет алып отыруға бағытталған. Қарапайым тілмен айтқанда, дерек көп болса, қауіпсіздік те жоғары болуға тиіс.
Бастапқы кезеңде бәрі ойдағыдай жүрген. Шетелдік компания тиісті жабдықты жеткізіп, орнатып, 2022 жылдың қарашасында жүйені штаттық пайдалану режиміне енгізу туралы актке тапсырыс беруші қол қойған. Содан кейін жүйе бойынша жұмыс басталып, бір тарап ақпарат беріп, екінші тарап алып отырған.
Осы ретте Михаил Козачков жазбасында бір маңызды жайтқа назар аударады. Ол «Қазаэронавигация» бірінші, төртінші және бесінші тоқсан бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойған. Ал екінші және үшінші тоқсандардағы актілерге қол қойылмаған. Қызмет ақысын төлеу жағында да қисынсыз жайттар орын алған.
Төртінші тоқсан үшін төлем толық жасалған, бесінші тоқсан үшін де ақша дерлік толық аударылған. Ал бірінші, екінші және үшінші тоқсандарға бір тиын да төленбеген. Соңында мемлекеттік компания киберқауіпсіздікке байланысты мәселе бар екенін алға тартып, одан әрі қызметтен мүлдем бас тартқан.
Осыдан кейін WASAT өз құқығын қорғау үшін Қазақстан сотына жүгінуге мәжбүр болыпт. Алдымен істі Астананың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Әлия Өтегенова қараған. Сот алғашқы инстанцияда талапты ішінара қанағаттандырып, қол қойылған құжаттар негізінде 654 мың доллар қарызды өтеу туралы шешім шығарды. Ал қол қойылмаған екі акт бойынша 1,3 млн долларды өндіруге келісім бермеді.
Алайда Астана қалалық соты бұл шешімді өзгертті. Азаматтық істер жөніндегі алқа қол қойылған актілер мен жүйені штаттық пайдалануға беру актісі жүйенің іс жүзінде жұмыс істегенін дәлелдемейді деген тұжырымға келген.
Козачков өз жазбасында сот ұйғарымынан тікелей дәйексөз келтіреді: «2022 жылғы 25 қарашадағы жүйені штаттық пайдалануға беру актісі жүйенің штаттық пайдалануға дайын екені фактісін ғана көрсетеді, ал нақты пайдалануға берілгенін көрсетпейді». Осы тұстан бастап дау ушыққан. Журналистің пікірінше, енді кез келген ұқсас дауда адвокаттар қол қойылған акт «жай ғана дайындықты» білдіреді деп айта беретін сияқты.
Қалалық соттың шешімі бойынша WASAT-тың талабы толықтай қанағаттандырылмай, компания бір доллар да өндіре алмай қалған. Енді іс кассациялық сатыда қаралмақ. Ең қызығы жоғары инстанция қол қойылған актілерді төлем жасауға жеткілікті негіз деп санай ма, жоқ па, соған байланысты. Егер қол қойылған акт жүйенің нақты жұмыс істегенін растамаса, онда көптеген келісімшарт пен өндірістік тәжірибе күмән астында қалады.
Михаил Козачков осы істі талдай отырып, шетелдік Қазақстанда мемлекеттік кәсіпорындармен жұмыс істегенде, тәуекел жоғары деген байламын айтты. Жабдық орнатылып, актілерге қол қойылып, бірнеше тоқсан бойы қызмет көрсетілсе де, соңында «киберқауіпсіздік» немесе басқа да сылтаулармен төлемеу елге сын келтіретіні анық. Мұндай жағдайлар елге инвестиция тарту тұрғысынан да, Қазақстанның келісімшартқа адал ел ретіндегі беделіне нұқсан келетіні айтпасада түсінікті. Журналистің жазбасы сол тәуекелді ашық көрсеткендей болды.

