Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың аман қалған жолаушыларының бірі — Қырғызстан азаматы, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
24.kz телеарнасының мәліметі бойынша ер адамның аты — Эрлан Жүнісәлиев. Ол ұшақ апатынан кейін оқиға орнына қазақстандық құтқарушылар келгенін айтты. Дегенмен жолаушылар ұшақ қай жерге құлағанын білмеген.
«Қатты соққы болды. Есімнен танып қалдым, сондықтан құтқарушылар қашан келгенін түсінбеді», — деді қырғызстандық.
Оның айтуынша, ұшақ аударылып кеткен, сондықтан жолаушылар шалқасынан жатқан. Құтқарушылар зардап шеккендердің қауіпсіздік белдіктерін босатып, шығарып алған.
«Бізді шығарғаннан кейін «кімсіздер?» деп сұрадық. «Қазақпыз» дегенде жылап жібердік. Біз басқа елдеміз деп ойладық», — деді ер адам.
25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл — Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар рейсі қатты тұманға байланысты Грозныйға қона алмаған, алдымен Махачкалаға, содан кейін Ақтауға бағытталған.
Апаттан 6 қазақстандық көз жұмды.