Мәжіліс отырысында депутаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен көтерілген «Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын талқылап, ратификациялап, Сенатқа жолдады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Бұл шарт Бішкекте 2023 жылғы 13 қазанда жасалды. Ол халықаралық құқық субъектісіне ие үкіметаралық ұйымға айналатын «Орыс тілі бойынша халықаралық ұйым» құруды көздейді. Орыс тілі ағылшын, араб, испан, қытай және француз тілдерімен қатар БҰҰ ресми тілі мәртебесіне ие екенін атап өткім келеді», – деді Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспанов.
Шарттың мақсаты – ұйымға мүше елдер арасындағы достықты, татулықтың, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы жөнінде баяндама жасады.
Министр ұйымды құруға ел бюджетінен 43 млн теңге құятынын мәлімдеді.