Қазақстанда инфляция үдей түсті, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Ақпанда тұтыну бағаларының айлық индексі үдей түсіп, 1,5 пайыз болған (қаңтарда — 1,1%). Бір ай ішінде ақылы қызметтер 2,1%-ға, азық-түлік тауарлары 1,5%-ға, азық-түлік емес тауарлар 1%-ға өскен.
Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Астанада байқалған: 2,9%, ең төмені Абай және Қызылорда облыстарында тіркелген, мұнда 0,7%.
Жылдық мәнде ақпан айының инфляциясы — 9,4%. Жыл ішінде ақылы қызметтер 14,1%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 8,7%-ға, азық-түлік тауарлары 6,5%-ға қымбаттаған.
Бір жыл ішінде баға былай өзгерді:
- Суық суға тариф – 70,7%,
- Электр энергиясына – 21%,
- Жылуға – 18,2%,
- Су бұруға – 17,3%,
- Ыстық суға – 14,5%,
- Тарату желілері бойынша тасымалданатын газға – 13,2%,
- Қоқыс төгуге 11,1%-ға өскен.
- Теміржол көлігінің қызметтері 20%-ға;
- Ұялы байланыс қызметтері19,5%-ға;
- Медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері 18,4%-ға;
- Сәлемдемелер жіберу 17,7%-ға;
- Дәрігерге алғашқы қаралу қызметі 15,5%-ға қымбаттады.
- Ноутбук бағасы 67,2%-ға;
- Ас үй пеші 55,4%-ға;
- Сымсыз құлаққаптар 47,7%-ға;
- Планшет 46,8%-ға қымбаттаған.
- Картоп – 62,1%;
- Пияз – 27,3%;
- Қырыққабат – 20,2%;
- Сарымсақ – 18,3%;
- Қызылша 15,2%-ға қымбаттаған.