Жамбыл облысында өткізілген көкпарда дау шығып, іс сотқа жетті, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Жуалы аудандық сотыда ӘҚБтК-нің 434-б. 1-б., (Ұсақ бұзақылық) бойынша Б. және Ө.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
2024 жылы қаңтарда құқықбұзушылар Ө. және Б. Ертай ауылында ауылдар арасында өткізілген көкпар ойынында ауыл тұрғындарының көзінше бір-бірін балағаттап, айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткен.
Б. өзінің түсініктемесінде О.-ның атының басы бетіне тиіп жарақат алып, нәтижесінде екеуінің арасында жанжал басталғанын көрсеткен.
Cот отырысында өңір тұрғындары кінәларын толық мойындап, жасалған іс-әрекеттеріне өкінетінін көрсетті.
Сот қаулысымен Ө. және Б. ӘҚБтК-нің 434-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсына 78 мың теңгеден аса айыппұл салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін көшпенділер ойындары аясында қазақ-қырғыз көкпаршылары арасында дау туындаған еді.