Республикалық бюджеттің негізгі кіріс көзі корпоративтік табыс салығы (КТС), қосылған құн салығы (ҚҚС) және пайдалы қазбаларды өндіру салығының төлеу тәртібі мен мерзімі түсіндірілді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Корпоративтік табыс салығы (КТС) аванстық төлем жасайтын салық төлеушілерден әр айдың 25-інен кешіктірілмей алынуы тиіс. Бұдан бөлек, 2026 жылдың наурыз-сәуір айларында 2025 жылдың қорытындысы бойынша қосымша КТС түсімдері де күтілуде.
Ал аванстық төлем жасамайтын салық төлеушілер 2026 жылға тиесілі КТС-ті 2027 жылдың 10 сәуіріне дейін төлейді. Сондай-ақ, бюджетке резидент емес компаниялардан түсетін КТС төлемдері тұрақты негізде жүзеге асырылады.
Қазақстан аумағында жүзеге асырылған операциялар бойынша қосылған құн салығының (ҚҚС) төлем мерзімдері былайша белгіленген:
- 25 ақпан – алдыңғы жылдың IV тоқсаны үшін;
- 25 мамыр, 25 тамыз, 25 қараша – ағымдағы жылдың I, II және III тоқсандары үшін.
Импорттық тауарларға қатысты және резидент емес компаниялар көрсеткен қызметтер үшін ҚҚС төлемі міндеттеме пайда болған сәтте бірден төленеді. Яғни импорттық тауар кедендік рәсімделген кезде немесе резидент емес компаниядан қызмет сатып алынғанда бірден төлем жасалады.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығының төлем мерзімі де ҚҚС-пен бірдей тәртіпте белгіленген.
Бұл түсініктемелер салық әкімшілігін жүргізудің ашықтығын қамтамасыз етіп, бюджет кірістерінің уақытылы түсуін көздейді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







