Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҚБТУ-дың мемлекетке өтуіне қатысты сот процесі туралы пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Бірінші және екінші сот инстанциялары өтті, енді конституциялық шағым ғана қалды. Менің түсінуімше, алда қарастыру кезеңі тұр, ал түпкілікті шешімді Жоғарғы сот қабылдайды», – деді ол.
Саясат Нұрбек бұл мәселе бойынша толық пікір білдіре алмайтынын айтты, себебі министрліктің бұл сот процесіне қатысы жоқ. Енді тек сот шешімін күту қалды.
«Маған белгілі мәлімет бойынша бірінші инстанцияның шешімі күшінде қалдырылды. Ал екінші инстанцияның шешіміне сәйкес, мүлік мемлекетке қайтарылуға тиіс», – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динара Құлыбаева мен оның жұбайы, олигарх Тимур Құлыбаев Қазақстан-Британ техникалық университетіне (ҚБТУ) иелік етпейтіні белгілі болды.